Бейметалл пайдалы қазбалар

Бейметалл (бейруда) қазбалар - құрамынан металдар өңдірілмейтін, табиғаты мен сипаты жағынан сан түрлі пайдалы қазба түрлерінің үлкен тобы.[1]

Бұл қазбалар халық шаруашылығындағы қолданылу салаларына орай бірнеше түрлерге бөлінеді: химиялық шикізаттар — апатит, фосфориттер, барит, минералды тұздар, күкірт, гипс т. с. е.; отқа төзімді шикізаттар — отқа төзімді саздар, тақтатастар, магнезит, талькті тас т. б.; электротехникалық пьезооптикалық жылу және дыбыстұмшалаушы, мұқалмас, қышқылға және сілтіге төзімді шикізаттар — слюдалар, флюорит, пьезокварц, корунд, хризотил және амфибол-талшықтастар, тальк, диатомит т. б.; құрылыс материалдары — граниттер, базальттар, диабаздар, ізбестастар, мергелдер, саздар, құмдар, кесектастар т. с. е.; асыл, зергерлік және техникалық тастар — алмас, замартас, ақық, халцедон т. б. Тау жыныстары мен минералдардың кейбір түрлері көп жағдайда әртүрлі салаларда колданылуы мүмкін.