Пайдалы қазба (Негізгі ұғымдар мен анықтамалар)
Пайдалы қазба (Негізгі ұғымдар мен анықтамалар)Пайдалы қазба- экономиканың барлың салаларында пайдаланылатын табиғи минералдың агрегат, одан табиғи түрде немесе алдын ала өңдеу (уату, іріктеу, байыту) жүргізілген соң қажет металдар немесе минералдар айырып алынады.
Физикалық кцйі бойынша пайдалы қазбалар газ тәрізді, сұйық және қатты түрлерге бөлінеді. Газ тәрізділерге - көмірсутек құрамды жанғыш газдар мен жанбайтын инертті газдар; сұйықтарға - мұнай, тұздық, су; қаттыларға - пайдалы қазбалардың көпшілігі жатып, олар химиялық элементтер немесе олардың қосылыстары, сонымен қатар кристалл, минерал және таужыныстар түрінде қолданылады.
Өнеркәсіптік пайдаланылуы бойынша пайдалы қазбалар металл, бейметалл, жанғыш немесе каустобиолит, гидроминералдық және газоминералдық түрлерге бөлінеді.
Қатты пайдалы қазбалардың ең мақызды түріне кен жатады.
Кен (руда) - құрамындағы құнды пайдалы компоненттердің (металдар, олардың қосылыстары, минералдар) мөлшері қазіргі экономиканың, техника мен технологияның ахуалы тиімді айырып алуға мүмкіндік беретін, тиісті салада пайдалануға жеткілікті минералдық шикізат. Алғаш кен термині металл пайдалы қазбалар қолданылған. Бұл термин біздің ежелгі сақ бабалары- мыздың кенді үралап қазып алуына байланысты, яғни ұрада деген сөзінен шығуы мүмкін. Қазіргі заманда айырып алынатын компоненттің түріне байланысты металл (темір, мыс, қорғасын, мырыш, т.б.) кендер бөлінеді. Ал компоненттерінің санына қарай монометалды (мономинералды), биметалды (биминералды) және полиметалды (полиминералды) кен болады.
"Пайдалы қазба" және "кен" деген түсініктердің мағынасы белгілі бір дәрежеде шартты. Олар экономика дамуының тарихи кезеңдердегі әр түрлі минералдың шикізатты тұтыну қажеттілігіне сай оларды өндірудің технологиялың мүмкіндіктері мен экономикалық жағдайларын, өңделуінің мүмкіндігі өнеркәсіпте пайдаланылуын көрсетеді.
Мәселен, В.И.Вернадскийдің мәліметтері бойынша, адамзат көне ғасырларда 18 элементті ғана тұтынса, XVIII ғ . басталғанда олардың саны - 25, XIX ғ. - 47, XX ғ. басында - 54, ал XX ғ. ортасында - 80 химиялың элементке жеткен. Оларға 12 трансурандың элемент (1970 жылы ашылған) кірмейтінін ескеру керек. XX ғасырда пайдалы қазбаларға калий тұздары, уран кені, нефелин, перлит, волластонит, т.б. көптеген минералдық шикізат түрлері қосылған. Темірлі кварциттер (1955 жылы оларды байыту технологиясы қолданылған соң) мен апатит- магнетит кендері (1930-жылдары томастың тәсілмен балқыту енгізілуіне байланысты) да өнеркәсіптік мәнге ие болды. Соңғы жылдары техниканың жаңа салаларында шашыранды металдарға (германий, галий, рений, индий, т.б.) деген қажеттілік артты. Сирекжер элементтерді айырып алу технологиясын қолдану, оларды арнайы жоғары сапалы болат пен қорытпалар металлургиясында қарқынды пайдалануға жол ашты. Пайдалы қазбалар жер қыртысының белгілі бір бөлікшелер ауқымында шоғырланады. Олар масштабының кішірею реті бойынша провинцияларға, алқаптарға (белдеулер, алаптар), аудандарга немесе түйіндерге, алаңдарға, кенорындарға, кенбілінімдерге және кен денелеріне бөлінеді.
Пайдалы қазбалар провинциясы - жер қыртысының ірі бөлікшесі, ол платформа немесе қатпарлы белдем аумағында орналасады. Оның ауқымында өзіне тән кенорындар болады. Осындай белгісі бойынша Шығыс Еуропа және Сібір платформасы провинциялары деп бөледі. Орал (герцинидтер), Кавказ (альпидтер), т.б. да провинциялар бар. Провинциялар, сонымен катар, минералдың шикізат түрлері бойынша металлогениялық, көмірлі, мұнай-газдыларға бөлінеді. Металлогениялық провинциялар арасында докембрий платформаларының, герцин, мезозой және альпілік қатпарлы белдеулер провинциялары жіктеледі. Көмірлі провинциялар көмір жиналудың негізгі кезеңдері бойынша карбон, пермь, юра, соңғы бор, палеоген-неоген провинцияларына бөлінеді. Провинциялардың ауданы өте қомақты, жүздеген мыңнан миллиондаған км2 болады.
Пайдалы қазбалар алқабы - провинцияның бөлігі, құрамы мен жаралуы бойынша белгілі бір кенорындар жиынтығымен сипатталады. Олар провинцияның геологиялық құрылысын анықтайтын бір немесе топтанған ірі тектоникалық элементтерінде орналасады. Мұндай құрылымдарға платформаларда - қалқандар, антеклизалар мен синеклизалар, қатпарлы алқаптар ауқымында - антиклиорийлер, синклинорийлер, шеткі және тауарлық ойыстар, орталық массивтер жатады. Пайдалы қазба алқаптарының ауданы ондаған мыңнан жүздеген мың км2- ге дейін өзгереді. Мұндай алқаптар ауқымында орналасқан кенорындар белдеулік немесе алаптық сипатқа ие.
Пайдалы қазбалар белдеуі - кенорындар сызықтай созылған тектоникалық құрылымдар ауқымында орналасқан алқап. Металлогениялық немесе кенді, мұнай- газды және көміржиналу белдеулеріне бөлінеді. Кенді белдеудің нақты мысалы ретінде Кенді Алтай полиметалды (өлшемі 300x400 км) және Яна-Индигирка-Колыма алтын кенді (өлшемі 1000 х (60-100) км) белдеулерін алуға болады. Алап - шөгінді пайдалы қазба қабаттары тұтасқа жуық үзіліссіз таралған алқап. 0ның ауданы жүздеген шаршы км²-ден мыңдаған шаршы км2-ге дейін. Мұнайдың (Батыс Қазақстан, Волга-Орал, Батыс Сібір, Днепр-До- нецк), көмірдің (Қарағанды, Екібастұз, Торғай, Майкүбі, Донецк, Печора, Кузнецк, Мәскеу), минералдық тұздар (Соликамск, Иркутск, Артемовск-Славянский), металл (темір - Кривой Рог, Керчь; марғанец – Никополь) мен бейметалл алаптары белгілі. Пайдалы қазбалар ауданы (түйіні) – алқаптың бөлігі, ол кенорындардыц жергілікті шоғырлануымен сипатталады. Кенді аудандар аумағы жүздеген шаршы км²-ден мыңдаған шаршы км²-ге дейін, көміржиналу түйіндері одан да үлкен. Мысал ретінде Шығыс Забайкальедегі полиметалды кенорындардыц 29 түйінін алуға болады. Қарағанды тас көмір алабы төрт ауданға бөлінеді (шығыстан батысңа қарай): Жоғарғы Соқыр, Қарағанды, Шерубай-Нұра және Тентек.
Пайдалы қазбалар алақы - жаралуының ортақтығымен және геологиялық құрылымының бірнеше шаршы км²-ден ондаған шаршы км²-ге дейін жететіндігімен сипатталатын кенорындар бірлестігі. Кенді алаңдардың мысалы: Жезқазған, Алмалық, Талнах, т.б. пайдалы қазбалар алақы кенорындардан, ал кенорындар пайдалы қазба денелерінен тұрады.
Пайдалы қазба кенорны - жер қыртысының геологиялық денелер түріндегі табиғи шоғырланған бөлікшесі. Кенорындағы минералдық шикізаттың мөлшері мен сапасы экономика мен техниканың қазіргі жағдайында өнеркәсіптік өндіріс нысаны бола алады. Пайдалы қазбаның жер қойнауындағы масса немесе көлем бірлігімен өлшенетін мөлшері оның геологиялық қоры деп аталады. Кенорындарға өнеркәсіп қатаң талаптар қояды, олар пайдалы қазбаларды өндірудің техникалық мүмкіндігімен және экономикалық тиімділігімен анықталады. Жер қойнауындағы пайдалы қазбалардың мөлшері мен сапасына және кенорынның кен-геологияық жағдайларына қойылатын талаптардың жиынтығы өнеркәсіптік кондициялар деп аталады. Сонымен, "пайдалы қазбалардың кенорны" деп аталатын түсінік тек қана геологиялық емес, негізінен геологиялық-экономикалық болып шығады.
Пайдалы қазба кенбілімі - жер қыртысындағы өндіруге жеткіліксіз немесе әлі толық зерттеліп болмаған минералдық шикізат жиынтығы. Пайдалы қазба (кен) денесі немесе жатыны деп барлық жағынан шектелген минералдық заттар жиынтығын айтады. Ол жекелеген құрылым элементтерінде немесе олардың комбинацияларында орналасады. Әр кенорын ауқымында бір немесе бірнеше кен денелері болуы мүмкін.[1]