Қазақстан алтынға бай мемлекет
Алтын
Қазақстанда 190 алтын кен орны бар. Алтын республиканың шығысындағы Алтайда, Қалба жотасы шеңберінде, солтүстік-батысындағы Жітіқара өңірінде өндіріледі. Орталық Қазақстанның солтүстік аймағындағы алтын шығатын кен орындары: кварцты желі, кайталама кварцит пен шашыранды алтын (Степняк, Ақсу, Майқайың) кездеседі. Қалба жотасында да кварцты желі және шашыранды алтын кен орындары шоғырланған. Шағын кварцты-желілі кен орындары Жоңғар және Іле Алатауларында да бар.
Сирек кездесетін металдар. Бүл топқа вольфрам, молибден, ванадий, висмут, сүрме т. б. жатады. Аталмыш кен орындары бойынша Орталық Қазақстан алдыңғы орында. Кейбір сирек кездесетін металдар (кадмий, индий, висмут, селен, сынап т.б.), сондай-ақ полиметалл кен орындары Жоңғар Алатауы мен Алтайда шоғырланған.