Клавдий Гален кім болған?

Клавдий Гален кім болған?

[i:2s5xjgy6]Клавдий Гален[/i:2s5xjgy6] - Гиппократтан кейінгі зерттеулер мен бақылаулар жүргізген римдік анатом және физиолог ғалым. Өзінің оқыған дәрістерінде маймылдың мәйітін алғаш рет қолданған. Себебі ол кезде адам мәйітімен жұмыс істеуге рұқсат етілмеген. Мидан тарайтын 12 жұп жүйкенің 7 жұбын толық сипаттап берген. Дәнекер ұлпасы, бұлшықеттер, жүйке тамырлары, бауыр мен бүйрек қантамырларын зерттеген. Ішкі мүшелер мен сүйек қабығын, сіңірлерді де сипаттаған. «Адам дене бөліктерінің міндеттері туралы» атты еңбегінде анатомиялық тұрғыдан өзінің пікірін білдіріп, мүшелердің анатомиялық құрылымының қызметімен тығыз байланысты екенін көрсеткен. К. Галеннің аталмыш еңбегі медицинада 13 ғасыр бойы құндылығын жоймай оқытылып келген.