Әлеуметтік география нені оқытады?

Әлеуметтік география - адамдар өмірі ұйымдастырылуының кеңістіктік процестері мен нысандарын, ең алдымен, олардың еңбек етуі, тұрмысы, демалуы, жеке тұлғаның дамуы мен адам өмірін ұдайы жалғастыру жағдайлары жағынан зерттейтін әлеуметтік-экономикалық географияның тармағы. Әлеуметтік географиялық зерттеулердің ең шекті нысаны бүкіл адамзат болып табылады; нақты зерттеу нысандары — адамдардың әр түрлі аумактык қауымдастықтары, оның ішінде, олардың дамуының тарихи ерекшеліктері, құрылымы, өндіріспен және коршаған ортамен байланысы, сондай-ақ әр түрлі аумақтық қауымдастықтардың арасындағы байланыстары, таптық, ұлттық, мамандық және баска белгілері бойынша бөлінетін осы қауымдастықтың ішіндегі халықтың әр түрлі топтарының кеңістіктік мінез-құлығы және тағы да басқалары[1]