География өте ежелгі ілім екені рас па?
География өте ежелгі ілім. Сонау тас дәуірінің адамдары өздерін қоршаған орта элементтерінің екінші бір жермен ұқсамайтындығын, ондағы табиғи құбылыстардың әр түрлі екендігін байқап отырған. Көрген-білген жерлерін, көкжиектің өзі басып көрмеген арғы жағын ой өрісімен жалғастыра білген. Өз ортасын зерттеп, танып-біліп, салыстырып, тасқа, ағаштың қабығына, жерге сызып белгі салып отырған. Геогр. алғашқы мағлұматтар Шығыстың жазба деректерінде кездеседі. Теңізде жүзу мен сауданың дамуы құрлық беті мен теңіз жағалауын сипаттап жазуды керек етті. Б.з.б. 6 ғ-да Г-да екі бағыт — жалпы жер тану (негізін Аристотель қалады) және ел тану (Геродот) айқындала бастады. Содан бері География өзінің дамуында бірнеше сатыдан өтті. Эллиндік дә-уірде Эратосфен өзінің “География” атты еңбегінде табиғатты зерттеулердің барлық бағыттарын біріктірмек болды. Б.з.б. 1—2 ғ-дағы күрделі Г-лық еңбектерге Страбонның “Географиясы” (ел тануы), Птолемейдің “География жөніндегі нұсқауы” (геогр. координаттары көрсетілген елді мекендер тізімі) жатады. Орта ғасырларда География Қытайда, Парсы, Орт. Азия және Араболып келді.