Нобель сыйлығы қалай пайда болды?

Альфред Нобель динамитты ойлап тауып, егер қарсыластар қолдарындағы қаруды қолданып, екі жақтың да жойылып кететінін түсінсе, соғысты тоқтататын болар деп сенген болатын. Алайда, халықтың ол жайлы не ойлайтынын қателікпен газет бетіне басылып шыққан оның қазасы туралы қаралы хаттан білуге болатын еді. Бұл хатта Альфред Нобель "өлім жарылғышын саудалаушы","қан төгіп байыған миллионер" деп сыйпатталған. Бұл некрологты оқыған Альфред Нобельдің өзі халық жадында қаскөй болып қалғысы келмей,ғылыми жетістіктер үшін берілетін Нобель сыйлығын беруге байлығын мұра еткен.