Джонатан Свифт – ағылшын-ирланд жазушысы, сықақшы, публицист, ақын және қоғам қайраткері[1]. 1667 жылы 30 қарашада Ирландия астанасы – Дублинде дүниеге келген. «Гулливердің саяхаты» атты фантастикалық тетрологиялының авторы ретінде көпшілікке танымал. Дублинде өмір сүрген, Әулие Патрик соборында декан болып қызмет еткен. Өзі ағылшын тегінен шыққанымен, Свифт қарапайым ирландықтардың құқығын қорғаған.
Свифттің шығармаларының жиынтығы кітабының мұқабасында «Ирландия Свифтке алғыс білдіреді» деген сөз және қанатты періштелер лавр ағашының бұтағын тарту етіп тұрған суреті бар. Свифтке өз заманында саяси памфлеттің шебері деген мінездама берген. Уақыт өте келе оның шығармаларының саяси өткірлігі жоғала бастады. Дегенмен, аталмыш туындылар ирониялы сатираның тамаша үлгісі бола білді. Оның кітаптары автордың көзі тірісінде-ақ Ирландияда да, Англияда да көптеген тиражбен жарық көріп, танымал болды. Кейбір шығармалар елдегі саяси жағдайдан тәуелсіз, өзінің әдеби мазмұнымен де оқырманды өзіне тартты. «Гулливер саяхаты» әлемдегі ең көп оқылатын классикалық туынды және оншақты рет экраннан көрермен назарына ұсынылған. Балаларды бейімдеуге арналған және кино ретінде шығарманың сатиралық мазмұны сәйкес келмейтін.