Титаник неге екіге бөлініп шөккен?

Титаник неге екіге бөлініп шөккен?

Ти­таник (RMS Titanic) - 20-шы ғасырдың басында салынған алып кеме. Британ кеме құру компаниясы «White Star Line»-ның «Олимпик» класындағы үш кеменің екіншісі. Ол 1909 — 1911 жылдар аралығында Белфасттағы «Харланд энд Вольф» верфінде соғылған. Сыйымдылығы 2224 адам.

Жолаушылар құрамында әлемнің ауқатты адамдары Джон Джекоб Астор IV, Бенджамин Гуггенхайм және Исидор Штраус сияқты миллионерлер, сол сияқты Америкаға жаңа өмір іздеп шыққан Ирландия мен Скандинавиядан келген мыңдаған эмигранттар болды. Кеме гимнастика залы, шомылу бассейні, кітапхана, жоғары классты мейрамхана және сәнді каюталарымен ерекшеленді.

1912 ж. 10 сәуірде Саутгемптоннан шыққаннан кейін лайнер Франциядағы Шербур және Ирландиядағы Квинстаунға жол салып, содан кейін батысқа қарай Нью-Йоркке аттанады.[2] Төрт күн жүзгеннен кейін, 1912 ж. 14 сәуірде Ньюфаундленд маңынан 375 миль жерде сағат 11:40-та (кеме уақыты:UTC-3) кеме айсбергке соғылады. Кеменің 16 қалқасының 5-не су кіріп, екі жарым сағаттан кейін кеме екіге бөлініп, өзімен бірге мыңдаған адамды су түбіне алып кетеді. Мұхит бетінде қалған жолаушылар тастай судан қатып өледі. Аман қалған шлюпкадағы 710 жолаушыны Карпатия бірнеше сағаттан кейін алып кетеді.

Апат бүкіләлемді аңыртып тастады. Қоғамдағы туындаған сұрақтардан кейін Ұлыбритания мен АҚШ теңіз қауіпсіздігін жетілдіруді қажетсінді. Соның бірі қазіргі уақытқа шейін ең сәтті қолданып келе жатқан 1914 ж. құрылған Теңіздегі Қауіпсіз Өмір туралы Халықаралық Конвенция (СОЛАС). Тірі қалғандардың көбісі ақшаларынан, меншікті заттарынан, Саутгемптоннан шыққан экипаж мүшелерінің отбасылары күнделікті табыс көзін жоғалтады. Оларға мейірбан жандар мен қайырымды адамдар ақшалай көмектесті. Кейбір тірі қалған адамдар соның ішінде бортта қалған әйелдер мен балаларды күтпей, шлюпкаға отырып кеткен Уайт Стар Лайнның төрағасы Дж. Брюс Исмейді қоғам остракизммен қарсы алды.

1985 ж. 3 784 метр тереңдіктен Титаниктің қалдығы табылады. Теңіз бетіне көтерілген мыңдаған жәдігерлер әлемнің түрлі мұражайларына қойылады. Оған арнап бірнеше кітап, фильм шығарылады, көрмелер мен ескерткіштер ашылады.