Альберт Нобель не ойлап тапқан?

Альберт Нобель не ойлап тапқан?

Динамит – құрамында нитроглицерин бар қопарғыш зат. Нитроглицерин ұнтақ, инертті (кизельгур, тальк, т.б.) заттармен (гурдинамит) немесе активті толықтырғыштармен (ағаш ұны, NH4NO3, NaNO3, тринитротолуол) араластырылады. Гурдинамитті 1867 ж. швед инженер-химигі А.Нобель жасады. Физикалық тұрақтандыру үшін динамитке коллоксилин қосады (желатиндинамит). Динамитті қолдану қауіпті. Сақтау кезінде тез бұзыла бастайды. Динамит, негізінен, тау жыныстарын қопару үшін пайдаланылады. Қазір Динамиттің орнына су толықтырғышы бар жарылғыш заттар мен қуаты өте жоғары аммониттер қолданылады.