Рекурсивті функция деген не?

Рекурсивті функция - мәндері және аргументтері теріс емес бүтін сандар болатын y=f(x1,x2,...,xn) функциясы. Рекурсивті функция анықталу аймағына енетін аргументтердің x1,x2,...,xn мәндері бойынша у-ті есептеудің нақты ережелері де берілуі мүмкін. Осымен қатар, қандай да болмасын бір алгоритмнің көмегімен есептелетін функциямен теңестірілген жартылай рекурсив функция туралы ұғым да қалыптасқан.