Интерполяция деген не?
Интерполяция - математикалық статистикада шаманың қайсыбір белгілі мәндері арқылы оның аралық мәндерін табу. Интерполяциялау сандық және графиктік болып ажыратылады.
Сандық интерполяциялау математикада, жер қойнауы геометриясында, математикалық статистикада, ал графиктік интерполяциялау геодезияда жер бедерін горизонтальдар арқылы бейнелеуде көп қолданылады.