Аксиомалық теорияның қайшылықсыздығы

Аксиомалық теорияның қайшылықсыздығы — қайшылықсыздықтың аксиомалық түрде құрылған (жалпы және формалданған) теорияларға қойылатын логикалық-әдістемелік талабы. Аксиомалық теорияның қайшылықсыздығының екі түрі бар: синтаксистік және семантикалық. Егер теорияда кейбір сөйлемді және оның теріске шығарылуын қатарынан қорытып шығаруға болмаса, онда теория кайшьшықсыз; егер теорияның ең болмағанда бір моделі болса, яғни, осы теорияны қанағаттандыратын объектілердің кейбір облысы табылса, онда теория семантикалық қайшылықсыз. Аксиомалық теорияның қайшылықсыздығының талабы бұзылғанда теорияның кез келген сөйлемін дәлелдеп алуға болады және ол теория өзінің ғылыми құнын жояды.