Ұқсастық (геометрия)

Ұқсастық - геометриялық фигуралардың (олардың мөлшеріне тәуелсіз) бірдей болатындығын сипаттайтын геометриялық ұғым. Ұқсас екі фигураның бірін бірнеше есе үлкейтіп немесе кішірейтіп, екіншісіне дәл келтіруге болады. Бір фигурадағы A, B кесіндісіне екінші фигураның A', B' кесіндісі сәйкес болса, |A'B'|=k|AB| теңдігі орындалады, мұндағы k саны ( k >0) Ұқсастық коэффициенты деп аталады. k =1 болғанда ұқсас фигуралар өзара тең болады. Екі фигура бір-біріне ұқсас болғанда олардың сәйкес сызықтық элементтері пропорционал және сәйкес бұрыштары тең болады. Евклид геометриясында үшбұрыштардың, көпжақтардың, т.б. Ұқсастықтары зерттелген. Ұқсастық теориясы Евклидтің параллель түзулер жөніндегі постулатына негізделеді. Н.И. Лобачевский мен Б.Риманның геометрияларында ұқсас фигуралар болмайды.