Транзитивтілік
Транзитивтілік (лат. transіtіvus – өтпелі) — X жиынының кез келген үш a, b, c элементтері үшін a R b және b R c қатынастарынан a R c қатынасы шығатын қасиеті бар R бинарлық қатынастар.
Егер а>b және b>c қатынастарынан a>c қатынасы шығатын болса, онда a>b қатынасы транзитивті деп аталады. Мысалы, a=b және b=c теңдіктерінен a=c теңдігі шығатындықтан a=b теңдігі транзитивті болады. a>b және b>c теңсіздіктерінен a>c теңсіздігі шықпайтындықтан a<b қатынасы транзитивті болмайды. Геометрияда параллель түзулер арасындағы қатынас та транзитивті болады (егер a параллель b, b параллель c болса, онда a параллель c болады). Түзулердің перпендикулярлығының қатынасы транзитивті емес.