Конгруэнттілік
Конгруэнттілік (латынша - өлшемдес, сәйкес, беттесуші) - қарапайым геометриялық кесінділердің, бұрыштардың, үшбұрыштардың, басқа да пішіндердің және денелердің пара-парлығын (эквиваленттілігін) өрнектеу үшін қолданылатын ғылыми атау. Конгруэнттілік ұғымы қарапайым геометрияның негізгі ұғымдарының бірі болып табылады. Мұның қасиеттері сәйкес аксиомамен - конгруэнттілік аксиомасымен сипатталады. Егер негізгі түсінік ретінде қозғалыс алынса, онда екі пішіннің( фигураның) біреуі қозғалыс арқылы екіншісіне ауыстырылатын болса, бұл пішіндерді конгруэнтты пішіндер дейді. Конгруэнттілік қатынас ~cong белгісі арқылы өрнектеледі.