Ауыл шаруашылығы өндірістік инфрақұрылым жүйесіндегі маркети
Ауыл шаруашылығы өндірістік инфрақұрылым жүйесіндегі маркетинг қызметті ұйымдатсыруда ескерілуі қажет жағдайлар
Нарықтық экономикаға өту және оған үйрену жағдайында қызмет көрсететін және ауыл шаруашылығы кәсіпорындары маркетинг негізінде басқаруды жедел жүргізуге мұқтаж. Атап айтқанда, аграрлық маркетингте жалпы сипаттамалар көрініс тапқан оны арнайы қызметтік сала ретінде қарастыруға болады. Бұл табиғат ортасымен ауыл шаруашылығы өндірісінің маусымдылығына қалыптасқан жағдайына және жер телімдерінің орналасуына, жер және аграрлық қатынастарға тәуелді шаруашылықтарға қызмет көрсетумен байланысты. Мысалы, ауыл шаруашылығында өнеркәсіптік және басқа да кәсіпорындарда орын алатын өндірістік шаруашылық қызметтің салыстырмалы түрде тез ауысуы нысаналы жағдайға айналып отыр. Мұндай жағдай ауыл шаруашылығы саласының дамып жатқан ауылдық индустрияның өмірлік қамтамасыз етудегі маңызды саласы, азық-түлікті өндіру және басқа да кезектегі қажеттіліктерді өндірумен сипатталады. Сонымен қатар, нарық талаптары кейбір ауыл шаруашылығы өнімдері бойынша белгіленген өнімдер мен олардың түрлерінің тұрақты болу талаптарына байланысты.
Ауыл шаруашылығы өндірістік инфрақұрылым жүйесінің қазіргі ұйымдастыру-басқару құрылымы өндірістік қызметтің көптеген түрлері мен нысандарынан қалыптасқан. Ол келесілерді қамтиды: ауыл шаруашылығы техника мен мал шаруашылығы фермаларының жабдықтарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету, материалдық техникалық жабдықтау, көліктік қызмет көрсету, ауылдағы агрохимиялық және малдәрігерлік қызмет, егін шаруашылығы жұмыстарын жүргізу барысында түрлі қозғалмалы механикаландырылған топтармен жұмыс жүргізу, агроқұрылымдарға өндірістік қызмет көрсету. Қазіргі уақытта берілген құрылымдарда сандық және сапалық өзгерулердің болуын атап айтқанда, жөндеу техникалық кәсіпорындардың қозғалмалы механикалық бөлімшелерінің және агроөнеркәсіп кешенінің инфрақұрылымдың өндірістік бөлімшелерінің негізінде коммерциялық негізде шаруашылықтарға қызмет көрсететін кең ауқымды жұмыс атқаратын машина-технологиялық бекеттер (МТБ) құрылуда. Агроөнеркәсіптік өндірісінің жаңа және жетекші буыны МТБ ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге кеңінен қызмет көрсететін топ болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында ауыл шаруашылық өндірістік инфрақұрылымдық кәсіпорынның дамуының стратегиялық бағыттарын жүйелі және экономикалық негізде төмендегідей анықтаса болады:
а) нарыққа ену немесе қызметті толық жетілдіруі. Тап осы стратегиялық бағытты таңдауы сәйкес қызметтер нарығында үлес салмағын ұлғайту мақсатында қажетті инфрақұрылымдық кәсіпорынға маркетингтік іс-әрекеттерді жүргізу, атап айтқанда :
- қызметтердің жаңа пайдаланушыларды тартуы, жарнама, сапалық қызметтерді жоғарылату, тиімді шарттарды ұсыну, сауда жеңілдіктерін беру, бәсекеслестердің қызметіндегі кемшілктерді ескеруі. Мұндай бағыт үлкен қаржылық шығындарды талап етеді, себебі, “технологияға салымдар бәсекелестердің бағаларына қарағанда салыстырмалы түрде көп шығындарды қосады”[1];
- бәсекелес кәсіпорындармен бірігу немесе жойылуы.
б) қызметтер нарығының дамуы. Бұл стратегия қызмет көрсету нарығындағы жаңа сегменттерді іздеуіне бағытталған шағын өндірістік қызмет ету түрлерін игеру. Егер қызмет көрсететін кәсіпорын негізгі өндірісінде қызметтер көрсетсе, осы стратегия арқылы ол олардың қосымша көрсететін қызметтердің әртараптығын кеңейте алады. Сонымен қатар, шаруашылықтарға өз ұсыныстарымен кәсіпорындар шығуы мүмкін, басқа аудандар және аймақтарда қызмет көрсететін кәсіпорындар үшін қызметтің басымды бағытытары болып шаруашылықтарың тозған ауыл шаруашылық техникасын сатып алып, оны қалпына келтіріп және ауылдық тауар өндірушілерге жоғары бағалармен қайтадан сату болып табылады. Осы жағдайда қызмет көрсететін кәсіпорын өндіруші-зауыттармен шығарылатын жаңа ауыл шаруашылық құралдар нарығының бір бөлігін қамтиды және шаруашылықтардың өздері салыстырмалы техникалық деңгейде жөндеп және қалпына келтіріп ауыл шаруашылығы саласындағы техникалық қызметтер көлемінің тез орындалуына ықпал етеді.
в) жаңа өнімдерді (қызметтерді) таңдау. Осы стратегия қызметтердің жаңа түрлерін құрып, атқарылып жүрген қызметтерді жетілдіріп, олардың көлемін ұлғайтуды мақсат етеді. Осы жағдайда кәсіпорындар қызметтер нарығындағы бар және белгілі тұтынушылардың бар қажеттіліктерін ескере отырып қосымша нарықты іздейді. Мысалы, Машина технологиялық бекеттер (МТБ) өсімдік шаруашылығына қызметтерді көрсетуде, жерді өңдеуде, ауыл шаруашылық дақылдарын жинауда, жаңа өнімділігі жоғары технологияларды бір мезетте енгізе алады.
г) маңызды стратегиялық басымды бағыт - жаңа өнім түрлерін әзірлеумен байланысты әртараптандыру, қызметтердің жаңа нарықтың бөлімшелерін игеруімен бірге байланысты. “... әртараптандыру – бұл жаңа салаларға шаруашылық қызметтерін таратуы (пайдалануға берілетін қызметтердің түрлерін кеңейту, қызметтің аумақтық салалары және т.б.). Тар мағынада әртараптандыру деп негізгі қызметке функционалды тәуелді немесе тауар өндірістік байланысы жоқ сала кәсіпорындарының нарыққа енуі деп түсініледі”[2]. Кәсіпорындар қызметтер нарығының шамадан тыс толуы жағдайында және сұраныс азайып, бәсеке күшейген жағдайда, сонымен қатар ағымдағы қызметке қарағанда жоғары жұмылдырылатын салаларға инвестициялауға тиімді жинақталған еркін қаржы ресурстары болған жағдайда әртараптандыруды жүргізу туралы шешім қабылдау қажет.
Қызметтердің әртараптандыру стратегиясы қызметтердің маңызды ерекшеліктерінің тізбегін бәсекелестердің қызметінен ерекше қызметтерге байланысты. Осы стратегияны табысты жүзеге асыру үшін кәсіпорын тұтынушылардың мүмкін болатын қажеттіліктерін анықтауда қызметтердің бар болуы және қандай өзгертулер тұтынушылардың тұтыну шегі қанағаттануы үшін қандай өзгерістерді кіргізу қажет екенін анықтайды. Осындай әртараптандыру кәсіпорынға пайданы ұлғайтуға мүмкіндік береді, сондықтан мұндай жағдайда тұтынушылар үшін анықтаушы фактор қызмет бағасы емес, олардың ерекшеліктері және бәсекелестердің қызметіндегі айырмашылықтар болып табылады. Осы айырмашылықтардың көздері келесідегідей:
- ұсынылып отырған қызметтердің жоғары сапасы және кең қызмет түрлері, соның ішінде күрделі жоғары өнімді жабдықтау және қажетті мамандардың талап етілуі;
- қызмет көрсететін кәсіпорындармен, әсіресе ауыл шаруашылығы жұмыстарын орындау және ауыл шаруашылық өнімді өңдеу барысында жаңа және аса тиімді технологиялардың қолданылуы;
- қызмет көрсететін кәсіпорынның қызмет көрсетуге қатысты пайдалы орналастырылуы, дамыған көліктік коммуникациялар, техника мен қызмет көрсетуші мамандардың жылдам орын ауыстыру мүмкіншілігі;
- басқару және техникалық қызметкерлердің білімі, тәжірибесі және іскерлігі, тұтынушылардың өтініштері мен ескертулеріне дер кезінде жауап беруі;
- тұтынушыларға кепілдемелік міндеттемелерді, түрлі жеңілдіктерді беру және атқарылған жұмыстар үшін ақы төлеуді несие түрінде кейінге қалдыруы.
Қызметтердің нарығына өзіндік ұсыныстармен ерте шығуды жүзеге асыру барысында қызмет көрсететін кәсіпорын өзінің пайдасының артуына, жылдам экономикалық өсу шегіне жетуге мүмкіндік беретін бәсеке артықшылығымен қамсыздандыра алады. Тауарлардың ерекшеліктеріне байланысты қызметтер нарығында инновациялық жаңалықтар негізінде жаңа тауарлар нарығына кіру қажет. Бәсеке артықшылығы ұзақ мерзімге әрекет ететін көш бастаушы кәсіпорынға айналуға мүмкіндік жаратылады.
Нарықтық экономикаға өту және оған үйрену жағдайында қызмет көрсететін және ауыл шаруашылығы кәсіпорындары маркетинг негізінде басқаруды жедел жүргізуге мұқтаж. Атап айтқанда, аграрлық маркетингте жалпы сипаттамалар көрініс тапқан оны арнайы қызметтік сала ретінде қарастыруға болады. Бұл табиғат ортасымен ауыл шаруашылығы өндірісінің маусымдылығына қалыптасқан жағдайына және жер телімдерінің орналасуына, жер және аграрлық қатынастарға тәуелді шаруашылықтарға қызмет көрсетумен байланысты. Мысалы, ауыл шаруашылығында өнеркәсіптік және басқа да кәсіпорындарда орын алатын өндірістік шаруашылық қызметтің салыстырмалы түрде тез ауысуы нысаналы жағдайға айналып отыр. Мұндай жағдай ауыл шаруашылығы саласының дамып жатқан ауылдық индустрияның өмірлік қамтамасыз етудегі маңызды саласы, азық-түлікті өндіру және басқа да кезектегі қажеттіліктерді өндірумен сипатталады. Сонымен қатар, нарық талаптары кейбір ауыл шаруашылығы өнімдері бойынша белгіленген өнімдер мен олардың түрлерінің тұрақты болу талаптарына байланысты.
Ауыл шаруашылығы өндірістік инфрақұрылым жүйесіндегі маркетинг қызметінің ерекшеліктері туралы айта келе қызмет көрсету жүйесіндегі маркетингтік қызметті еске алған жөн. Жаңа МТБ-лар пайда болып және қызмет көрсетуші кәсіпорындар арасындағы өндірістік қызметті жоюды төмендету, бәсекені күшейту және тауарларды сұраныспен ұсыныс заңы талаптарына сәйкес жүзеге асыру қажет. Осы жағдайда ауыл шаруашылығы құрылымдары өзінің қаржы ресурстарының шектілігінен қажетті жаңа ауыл шаруашылығы машиналарды сатып алуына жағдайы болмаған себебінен олар қаржыларын пайдаланып жүрген техниканы жөндеуге яғни оларды пайдалану мерзімін ұзартуға жұмсайды, уақытылы және сапалы техникалық қызмет көрсетуге қаржы жұмсайды. Сонымен бұл жағдайда ауыл үшін өндіріс құралдарын және өндірістік қызметтерге техниканы оның нормаланған амортизациялық мерзімінен жоғары уақытта жұмыс жүргізуге дайын жағдайда ұстау үшін қисық сұраныс икемділігі орын алады. Бұл әр кездерде экономикалық жағынан ақталмайды. Себебі, ауыл шаруашылығы машинасы немесе комбайнның қайта күрделі жөндеуден өткізу құны оларды пайдалану шығындарымен бірге, көп жағдайда, жаңа техниканың құнынан жоғарылап кетеді.
Осы жағдайларда қызмет көрсету жүйесінде маркетингтік қызметті ұйымдастыру барысында төмендегі жайттарды ескеру қажет:
1) Шаруашылықтарға өндірістік қызмет көрсету көлемі мен өндірістің табиғи климаттық жағдайлары арасындағы тығыз байланысты. Осыған байланысты қызмет көрсетуші кәсіпорындар жоғары ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігіне қол жеткізу мүмкіндіктері бар өндірістік қуаттармен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл қатаң белгіленген мерзімдерде аз жоғалтулармен шығындарды жұмсай отырып, жоғарғы сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қызмет көрсетуші кәсіпорындардағы артық өндірістік қуаттардың болуы қосымша шығындарға және жеке өндірістік қызметтер бойынша зиянға, ауыл шаруашылығы құрал-жабдықтардың толық тиелмеуіне алып келуі мүмкін.
2) Көрсетілетін өндірістік қызметтердің ерекшеліктерімен жағдайлары. Мұнда үлкен емес жер телімдерінде қиылысудың болуы, өңдеу кезіндегі топырақтың кедергісінің үлесі, тастылығы және басқа да сипаттамалары егін шаруашылығындағы далалық жұмыстарды орындаудағы қызметтер шығындарының өсуін негіздейді.
3) Бірлескен шаруашылық қызметтердің нәтижелеріне елеулі әсер ететін жергілікті табиғи-климаттық жағдайдың сипаттамасы және қызметті тұтыншылардың аумақтық орналасуы. Қызметті тұтынушылар бір-бірімен ара қашықтықпен түрлі сападағы автожолдармен, теміржолының болу, болмауымен, жанар-жағар маймен қамтамасыз ету деңгейімен және т.б. ерекшеленеді. Осы жағдайларды және егу, жинау басқа да жұмыстарды жүргізу мерзімдеріне әсерін тигізетін табиғи-климаттық факторлардың әсерін есепке алу қызмет көрсетуші кәсіпорынға қызмет көрсету аймағында қызметтердің кезектілігімен оларды көрсету мерзімдерін оңтайлы жоспарлауға техниканы жылжыту уақыты мен қаржыларын қысқартуға мүмкіндік береді. Мысалы, астықты жинайын мехникаландырылған топтарды бір табиғи-климаттық аймақтан екіншісіне жылжыту ауыл шаруашылығы дақылдарының пісу мерзімдеріне байланысты болады.
4) Қазіргі заманғы қызмет көрсетуші кәсіпорындардың өндірістік қызметінің ерекшелігі болып жедел түрдегі егу, жинау және басқа да далалық жұмыстарды орындау кезеңінде олардың қызметтерінің үнемі қажеттілігі табылады. Бұл ауыл шаруашылығы өндірісіндегі қоғам үшін маңызды ішкі және сыртқы нарықтарда тұрақты және кепілделінген өнім құрылуы және өңделуімен айқындалады. Мұндай экономикалық жағдай маркетингтік зерттеу үрдісінде қысқа мерзімдегі және ұзақ мерзімдегі өндірістік қызметтерге деген сұранысты болжауға мүмкіндік береді. Орындалатын қызмет көрсетілетін жұмыстардың жеделдігін және қызмет көрсетуші кәсіпорындар қызметінің тиімділігін жоғарылату үшін өндірістік қызметтерге деген сұранысты басқару бойынша келесі маркетингтік тұжырымдар іске асырылуы мүмкін:
а) қызмет көрсетуші кәсіпорынның жеке бөлімшелері қызметінің түрі мен сипаты және көлемінің маусымдық өгеруі. Осыған байланысты олардың қызметін күрделі және ұзақ мерзімді жөндеу техникалық жұмыстардың күзде немесе қыста орындалатындай етіп жоспарлау қажет. Ал дала жұмыстарының қызған кездегі яғни, өндірістік қызметтерге ең жоғары деңгейде сұраныс болған кезде қызмет көрсетуші кәсіпорындардың барлық ресурстары техниканың тоқтауларын жедел түрде жою негізінде машина-технологиялық бекеттердің жұмысының үзілістігін қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс;
б) күрт өсетін дала жұмыстарының орта кезеңінің басына немесе аяғына қарай өндірістік қызметтерді жылжыту үшін реттелінген және икемді бағалар жүйесін қолдану. Осы арқылы қызмет көрсетуші кәсіпорынның өндірістік қуатын біріңғай және тұрақты тиелуіне қол жеткізілініп, оның қызметінідегі артық тиеу жойылады. Кейбір жағдайларда мерзімін кейінге қалдыруға болмайтын қызметтерді жедел орындау үшін бекітілген бағаларды жоғарлату мәселелері қарастырылуы мүмкін;
в) жоғары сұраныс кезінде көптеп қызмет көрсетуді орындаған кезде кәсіпорында мамандармен өндірістік техникалық мамандармен инженерлік техникалық қызметкерлердің қызметтерін араластыру. Осы мақсатта жоғарғы біліктілікті мамандарды сырттан шақыру, соның ішінде жақын оналасқан аудандардан, ауылдардан, қалалардан білікті мамандарды жұмысқа тарту мүмкінділігі қарастырылады;
г) өндірістік қызметтерге деген сұраныстың жоғарылауына бағытталған іс-шараларды белсенді жүргізу. Бұл қызметтердің жаңа түрлерімен формаларын тұрақты тапсырыс берушілер үшін жеңілдіктер беру жүйесін жаңа жоғарғы тиімді технологияларда жұмыстарды орындауды, жарнамалық қыметтерді өткізуді жоғары өнімділікті ауыл шаруашылығы машиналардың жаңа үлгілерін көрсетуді қарастырады. Әсіресе аса күрделі және қымбат арнайы техникаға қатысты: экскаваторлар, грейдерлер, бульдозерлер, автокрандар және т.б. қанағаттандырылмаған қажеттілктерді анықтау үшін тапсырушылармен үнемі жұмыс жүргізуді орындау қажет.
5) Қалыпты бәскелік ортаны қалыптастыру. Қызмет көрсетуші кәсіпорынның қызметінің табысты болуы үшін бәскелестер, көрсететін негізгі қызмет түрлері, тұтынушылар, қызмет көрсету сапасы мен деңгейі туралы ақпаратты жүйелі түрде жинап талдау жасау қажет. Мұндай ақпарат меншікті күшті және әлсіз жақтарын анықтауға, басқалардың жасаған қателіктерін ескеруге, өзінің бәсекелестік артықшылықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Қазіргі іс-жүзіндегі бәсекелестік қызмет көрсету жүйесінде, жедел дала жұмыстарын орындау, жоғарғы тиімділікті техниканы пайдалану сияқты қызметтер төмен деңгейдегі интенсивтілікпен ерекшеленеді. Мұндай жағдай қызмет көрсетуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге және басқа да ауыл шаруашылығы субъектілеріне қатысты монополдық жағдайымен сипатталады. Өндірістік қызмет саласының толықтырумен қатар қызмет көрсетуші кәсіпорындар арасында бірінші белгілер байқалып, күшейюде. Осыған байланысты ауыл шаруашылығы және басқа да кәсіпорындар баға мен сапасын және жұмысты орындау мерзімдерін ескере отырып, өндірістік қызмет көрсетуді жүргізушілерді нақты таңдау мүмкіндігі болады.
Сонымен, нарықтық қатынастарға өту жағдайында ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына өндірістік қызмет көрсету тиімділігінің дамуы маркетинг және өзара тиімді экономикалық қатынастарға негізделе отырып, ауыл шаруашылығы өнім өндірісінің тұрақты өсуінің және тұрақтандырудың, ауыл шаруашылығы саласын жаңа қазіргі заманғы индустриалдық негізге өткізудің маңызды факторы болып табылады.
Ауыл шаруашылығы өндірістік инфрақұрылымдық кәсіпорындардың экономикалық тетіктерінің әрекет етуінен басқа кәсіпорындардың ішіндегі және сыртқы – ресурстармен жабдықтаушылар мен өндірістік қызметті тұтынушылардың арасындағы өзара экономикалық іс-әрекеттер жиынтығын қамтитын ұйымдастыру тетіктерін қарастыру қажет.
Әдебиеттер:
1. Котлер Ф. Маркетинг менеджмент /Пер. с англ. Под ред. О.А. Третьяк, Л.А. Волковой, Ю.Н. Каптуревского. -С.Пб: Издательство «Питер», 1999.
2. Аграрный сектор США в конце XX века. М.: РИЦ «Пилигрим». 1997.