Экономика жәнe бизнес жоғары мектебі (ҚазҰУ)нені оқытады?
Экономика жәнe бизнес жоғары мектебі (ҚазҰУ)
Экономика және бизнес жоғары мектебі спорт, мәдениет және өнер саласында елеулі табыстарға жетті. Экономика және бизнес факультеті Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің дербес бөлімшесі ретінде қызмет атқара бастаған кезден бастап студенттер, магистранттар және аспиранттармен тәрбие жұмыстарын жүйелі жүргізіп келеді. Тәрбие жұмыстарының жоспарына сәйкес және студенттер мен жекелеген кафедралардың ұсыныстары бойынша көптеген шаралар ұйымдастырылып өткізілуде. Жыл сайын факультетте тәрбие жұмысының жоспары жасалып, Тілдер мен тәрбие ісі жөніндегі проректордың бекітуіне ұсынылады. Студенттер, магистранттар және аспиранттармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарын атқару факультеттің кафедраларына жүктелген. Тәрбие жұмысы кафедра мүшелері мен академиялық топ кураторларының студенттермен тығыз байланыста болуын міндеттейді. Бұл ретте кафедраның міндеті оқу үдерісінің барысына талдау жасау, студенттер арасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға, шығармашылық белсенділікті арттыруға, салауатты өмір салтының, тіл мен мәдениеттің насихатталуына атсалысып, қолдау көрсету. Бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес факультет келесі үлгідегі тәрбие жұмыстарын өткізуді қолданады:
- студенттердің басшылықпен, кафедра оқытушыларымен кездесуін ұйымдастыру;
- оқу үдерісі мен студенттер үлгерімінің барысына жедел бақылау жүргізіп отыру;
- студенттердің қоғамдық өмірін ұйымдастыру, жиналыстар өткізіп, студенттермен жеке әңгіме жүргізу;
- студенттер мен магистранттарды университет, факультет көлемінде өткізілетін сауықтыру шараларына тарту;
- студенттердің тұрмысын, бос уақытын ұйымдастыруына қажетті көмек көрсету.
Экономика және Бизнес Жоғары мектебі іс-әрекетінің негізгі мақсаты – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2009 жылдың 13 қазанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де оқыған «Қазақстан дағдарыстан кейінгі кезеңде: болашаққа қарай интеллектуалды серпін» тақырыбындағы дәрісінде және «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді жүзеге асыру болып табылады. Мұнда білім беру қазіргі заманға сай әдістерді қолдана отырып, жоғары дәстүрлі классикалық білім беру негізінде жүргізіледі.
Экономика және Бизнес Жоғары мектебінде 3000-нан астам студенттер дәріс алады, олардың 2800-ден астамы күндізгі бөлімде оқиды. Сонымен қатар, Экономика және Бизнес Жоғары мектебі мамандарды қысқартылған курс бойынша жоғары және орта кәсіптік білім беру базасы негізінде дайындайды. Экономика және Бизнес Жоғары мектебінде оқу барысында студенттер әскери дайындықтан өтеді және жатақханамен қамтамасыз етіледі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Экономика және Бизнес Жоғары мектебінің түлектері Президент Әкімшілігінде, Экономика және Бюджеттік жоспарлау Министрлігінде, Қаржы Министрлігінде, ҚР статистикалық агенттігінде, Ұлттық банкте, коммерциялық банктерде, сақтандыру және аудиторлық компанияларда және басқа да қаржылық мекемелерде, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының барлық экономика салаларында қызмет атқарады.