Достас сандар деген не?

Достас сандар — әрқайсысы өзге санның өзінен басқа барлық меншікті (немесе дұрыс) бөлгіштерінің қосындысына тең болатын натурал сандар жұбы. ~284 және ~220 сандарының сәйкес меншікті бөлгіштерінің қосындысы ~1+2+4+5+10+11+20+22+44+55+110=284 және ~1+2+4+71+142=220

~220 санының меншікті бөлгіштерінің қосындысы ~284-ке тең, ал ~284 санынікі - ~220 - ға тең.

Осы сандарға алғаш назар аударған ежелгі грек ойшылы Самостық Пифагор (б.з.б. 570 - 500) болған. Сондықтан бұл сандар Пифагордың жұп сандары деп аталған. IX ғасырда өмір сүрген араб математигі ибн Курра Сабит (836 - 901) достас санддарды анықтауға арналған тәсіл тапқан