Менің қымбатты мысығым/Мой любимый кот/My Dear Cat [2014]

Мемлекет: Корея
Жылы: 2014
Жанр: романтика, отбасылық
Серия саны: 120 серия, 35 минуттан.
Режиссёр: Kim Won Yong
Канал: KBS

Ян Сун роман жазып, жазушы болғысы келеді. Бірақ әкесінің өлімі бұл арманымен қоштасуға итермелейді, сөйтіп, қыз бір журналға жұмысқа тұрады. Бір күні, өзінің жағдайына қарамастан, көшеде қараусыз қалған мысықты тауып алады. Алайда, ол мысықтың иесі бар болып шығады.
Джи Ун – әкесінің айтуымен заңгер оқуына түседі. Бірақ өзіне бұл оқу ұнамағандықтан, отбасына айтпай, оқудан шығып кетеді. Бұрынғы студент жігіт Жоғалғандарды әздеу агенттігіне жұмысқа тұрады. Мысықтың иесі осы агенттікке келіп өтініш бергеннен кейін, бір күні Джи Ун мысықты асырап алған Ян Сунның үйіне келеді.
Бұл кездесу олардың өмірлерін өзгертіп жібереді. Екеуі отбасыларының өздері білмейтін құпияларын бірге ашады.