Сталагмит деген не?
Сталагмит деген не?
Сталлагмиттер (грек. stalagma – тамшы) – жер асты карст қуыстары мен үңгір табанынан жоғары қарай көтеріле өсетін баған тәрізді әр түрлі пішінді тасқадалар. Жоғарыдан тамшылаған судың құрамындағы кальций көмірқышқылының тұнба шөгіндіге айналуынан түзіледі. Олар көбінесе әк құрамды. Судың құрамында басқа да ерітінділер болуына байланысты әктен басқа гипс пен тұз сталлагмиттер жаралымдары да қалыптасады. Мұндай тасқадалардың сояу пішіндері мен өлшемдері әр түрлі болады. Сталлагмиттертер Қаратаудың карст үңгірлерінде көп кездеседі.