Кешір, мен сені сүйемін (Sorry, I Love You / 미안 하다, 사랑 한다)
Аты: Кешір, мен сені сүйемін / Прости, я люблю тебя / Sorry, I Love You / 미안하다, 사랑한다
Мемлекет: Оңтүстік Корея
Жанр: драма, романтика
Сериялар саны: 16
Телеканал: KBS2
Жыл: 2004
Режиссер: Чжон Сон Хё
Сценарист: Ли Кён Хи
Сипаттама:
Чха Му Хёкті шетелдіктер асырап алып, Австралияға алып кетеді. Бірақ асырап алған отбасы да оны далаға шығарып жібереді. Жақсы көрген қызы оны бай шетелдікке айырбастап кетеді. Ол ит сияқты жертөлелерде өмір сүріп, алдап-арбаумен, тонаумен күн көреді.
Қайғылы жағдай оны Кореяға оралуына ықпал етеді. Мұнда келісімен ол анасының бай, әрі танымал екенін және оны жағдайы жоқтығынан емес, босқа масыл болады деп тастап кеткенін біледі. Және анасының ерке, Кореяға танымал әнші тағы бір ұлы бар екен. Оның жүрегін әділетсіз, қатал анасына және бүкіл әлемге деген жеккөрініштік кернейді. Бірақ бір жағдайлармен ол Сон Ын Чхэмен танысады. Сон Ын Чхэ - Му Хёктің ерке інісінің менеджері, мейірімді, ақкөңіл, қамқор қыз қамқорлығындағы әнші жігітке жауапсыз ғашық. Ол Му Хёктің жүрегін жаулап, бұл әлемде әлі де адалдық пен махаббаттың бар екеніне сендіреді.
Актерлер:
[b:2ta3fxuj]Со Чжи Соб[/b:2ta3fxuj] - Чха Му Хёк
Им Су Чжон - Сон Ын Чхэ
Чжон Кён Хо - Чхве Юн
Со Чжи Ён - Кан Мин Чжу
Трейлер:
[youtube:2ta3fxuj]http://www.youtube.com/watch?v=OE1HDJY1Emw[/youtube:2ta3fxuj]