F.Cuz тобы

F.Cuz (корей тілінде 'Focus' деп оқылады) CAN&J's Entertainment агенттігіне тиесілі оңтүстік-корейлік топ. Алғаш рет 2010 жылдың 8 қаңтарында "Jiggy" әнімен топ жарып шығады. Топ құрамында бастапқыда 4 әнші жігіт болған: JinOn, LeeU, Kan және YeJun. 2011 жылы топтан Ли Ю кетіп, орнына Daegun, Raehyun атты әншілер келеді.
2012 жылы сәуір айында "No 1" әнімен қайта жаңғырып, "For Century Ultimate Zest" атты мини-альбомын шығарды. Осы уақытқа дейін No One (2010) және Gorgeous (2010) атты мини-альбомдары жарық көрген.