Аударманы неден бастаймын?
Сериалдарды аударуды (редакциялауды) неден бастасам болады?
1. Қай сериалды аударғыңыз келеді, соны анықтап алыңыз. Оған таймингі бар субтитрлар мен видеоны табыңыз.
2. «Ағымдағы жобалар» тақырыбында сериалға қатысты тақырып ашып, не болмаса ашылған тақырыпқа аударуға қатысқыңыз келетінін жазып өтіңіз. Өйткені басқа адам да сол проектіні алып қоюы мүмкін, екі жұмыс жасамас үшін.
3. Аударуға қажетті бағдарламаларды (Aegisub, DSRT) көшіріп алыңыз, компьютеріңізге қондырыңыз. МІНДЕТТІ түрде видеосын да көшіріп алыңыз.
4. Міндетті түрде «Аудармашыға нұсқаулықтар» мен «Редакторға нұсқаулықтар» бөлімін оқып шығыңыз.
5. Сөзбе-сөз аудармаңыз, сөйлемді оқып шығыңыз, қазақша қалай айтуға болады, соны ойланыңыз, содан кейін барып жазыңыз. Аударма әдемі шығуы керек (әдеби), мәдениетті, сөздерді ауыстырып, қазақшаға жақын баламаларды жазуға қорықпаңыз. Алайда өзіңіздің ойыңыз бен аударылатын сөйлемнің арасы жер мен көктей болып кетпесін. Яғни мағынасын қалдыра отырып, әдемі жеткізуге тырысыңыз.
6. Егер аударма барысында сұрақтар туындаса аударылып жатқан драманың астындағы форумда осы мәселені жазып кетіңіз. Сізге міндетті түрде көмектесуге тырысамыз.
7. Субтитрлармен абай болыңыз. Ештемені өзгертпеуге тырысыңыз, әсіресе цифрларды. Сізге тек ағылшын/орыс сөйлемдерінің орнына қазақша жазу керек, болды.