«...Қайран «қара көздер-ай...»

«...Қайран «қара көздер-ай...»
(қаймықтыратын ой, толқытатын толғау)

...Қайран қазақтың қыздары-ай деймін... Қайран деп отырғаным қазақ қыздарының арасындағы шылымды ширата шегетін, арақ-шарапты, сыраны, былайша айтқанда, алькогольді ішімдіктерді ішкендерін өздерінше дәреже көретіндері. Ішіп алып мас болып, шегіп алып шарқ ұрып жүретіндері қаншама. Мастықтың артынан ашылып-шашылып қалатындары тағы бар. Осылардың соңысы жарасы жазылмастай өкінішке толып жататындары да жоқ емес. Ол жөнінде анық естіген құлақ пен көрген көз куә. Күнде естіп, көріп тұрсақ та «ойбай-ойбай!» дегеннен басқа айтарымыз жоқтай, басымызды шайқап қоя отыра бермекпіз бе, қалай, ағайын?
Әлия мен Мәншүктің, Қыз Жібек пен Баян Сұлудың артындағы қалған қыздардың жасап жүргендері анау...
Қазіргі шақтың буыны – қазақ қыздарының бәрі бірдей жаман емес. Бірен-сарандары дегендері араларында баршылық. Сол бірен-сарандарының көше бойымен жүріп өтетіндерінің ауыздарында қыстырылған улы түтін (яғни, темекі) мен қолдарына ұстағандары спиртті «сусын». Кейбірі бойжеткен болдым деп өз тұла-бойларын «байыта» көрсететіндері де жетерлік.
...Қазақи тәлім-тәрбие мен сыпайылықтан, үлкеннің алдындағы ізеттіліктен, кішінің алдындағы құрметтен жұрдай болып жататындары тағы да бар...
Бұл айтылғандар тағы да қайда келіп тіреледі дейсіз? Ұяттан ада болмайықшы тек. Ұялайықшы... Жіберген қателіктерінің, жөнсіз жүрістерінің кесірі, әрине, тікелей ата-аналарына кесел болып жабысатындарынан саныңды сан рет соғасын. Қалай дегенмен де, бұл мәселенің түйінді жері – «ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген нақылға саяды. «Ана көрген – тон пішері» тағы бар ғой. Алған тәлімді тәрбиенің қорытындысы - өмір бойы ата-анаңды құрметтеп өту дегенге тоқталады. Және де ол өмірлік міндет – парызың. Ата-анасынан алған, жастайынан өз бойына дарытқан, олардың саған сіңірген тәрбиесінің тереңінен көп нәрсенің: ақылды ой мен парасатты сөзден, жарқыраған жақсылықтан артығы жоқ. Жақсылығынан жаңғырған, жан кеудесінен үлкен құрметке толы қасиеттері мол адамдар басқалардың қызығушылығын тудырмай қоймай тұрмайтындары рас.
Қыз балалар: бойжеткендер мен жарқылдаған жас қыздардың өздері өскен ортасында, шаңырақтарында кісі қызығарлықтай тәлім-тәрбие алуларына көп күш-жігерлерін жұмсаулары шарт. Өйткені, олар ата-анасынан жырақта жатжұрттық болғанда, яғни ұзатылған жерінде өзінің өте жақсы, әдепті, сыпайы тәрбиесінің күшті екенін барған үйінің табалдырығын аттағанда-ақ білдіріп тұруы тиіс.
Мақаланың бас абзацында жазылғандардан еп-ерте шағынан-ақ бас тарту қажет. Улы никотинді шылым мен мас қылып, мәзге түсіретіндерден арылу керек. Бойымызды бастапқы шақтан тазартқанымыз жөн, талап, қалқам дейін қара көздер-ау!.. Мәз қылатын мастық пен жөнді деп адаса санаған жөнсіз жүрістің арты өмір бойғы татар ащы дәмді «асын» болмасын десең, қазірден қаумаланыңдар, жаман әдеттерге қарсы алдын-ала «қаруланыңдар» қыздар қауымы. «Жаман айтпай – жақсы жоқ» деген қазақ атамыз. Тек қана тура жолдың бойыменен жүріңдерші, қазақ қыздары! Тура да түзу жолдың бойында сіздерге жолығар мақтаулар мен мадақтаулар таудай үйіліп жатыр. Соған жетіп, жолығуға асығыңдар! Тәтті өмірдің балдай татитын тәтті «жеміс-жидектерін» теріңдерші, қаһарман елді қазақ халқының қарлығаш қыздары! Нұрмат АРҒЫН

Мұқағали ақынның осылай аталатын өлеңі бар