Редакторға нұсқаулықтар
Редактор барлық қателерді жөндеуі керек (стилистикалық, орфографиялық, пунктуациялық және грамматикалық). Қисынсыз мәтіндерді жөндеп, сөйлемнің «қазақша» дұрыс жеткізілуін қадағалау, сөздердің орнын ауыстырып, «артық» сөздерді алып тастау өте қажет.
Барынша сөйлемді қысқа да, нұсқа етіп жасауға тырысу керек. Оқығанда да жеңіл болады.
Егер аудармаға бірнеше аудармашы қатысып жатса, адам аттарының, географиялық атаулар, жергілікті атаулардың бір аудармасын ғана ұстанған жөн (бір сериясында Ая, басқа сериясында Айа болып жүрмесін). Сонымен қатар ойын-сауық орындарының атаулары, дүкен, фильм, ТД-бағдарламалардың аты және т.б. драма бойынша бірдей болуы керек.
Кейіпкерлердің сөйлеу мәнерін сақтаған жөн. Соған сәйкес лексиканы да пайдалану керек. Мысалы ханшайым сөйлегенде бір бөлек, бұзақының сөйлегені бір бөлек деген сияқты.
Қайталамауға тырысу керек, әсіресе атау септігіндегі сөздерді. Және де бір түбірлі сөздер, «артық» сөздерді алып тастап отыру керек.
Егер аудармашы ағылшын/орыс тілдерінен тікелей аудара салса, оны міндетті түрде «қазақшаға» сәйкестендіру керек.
Редактор ағылшынша да білгені абзал. Өйтені кейбір уақытта түсінбеген сөйлемдерді ағылшын нұсқасынан қарап, толығырақ дұрыс аударуға септігін тигізеді.
Көптеген кезде адам аттарын ағылшын/орыс тілінде қалдырып кетіп жатады. Осыны аудармашылар ескерген жөн. Басында қалай аударуға шешілді сол принципты ұстанған абзал.