Мұрагерлікті қалай және қайда ресімдеуге болады?
Мұрагерлікті иелену куәлігін алу үшін, Сіздің мұрагерлікті ашу орны бойынша кез келген нотариуске баруға құқығыңыз бар. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1043-бабына сәйкес мұра қалдырушының соңғы тұрған жерi, ал егер ол белгiсiз болса - мүлiктiң немесе оның негiзгi бөлiгiнiң орналасқан жерi мұраның ашылу орны болып табылады.