Сот сараптамасын қайда жүргізуге болады?
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы құрылымы жағынан республиканың облыстық орталықтарында және Астана мен Алматы қалаларында орналасқан 17 аумақтық бөлімшеден (сот сараптамасы зертханасынан), сондай-ақ Орталық (Республикалық) ғылыми-өндірістік сот сараптамасы зертханасынан тұрады, соңғысының міндетіне қайталама және аса күрделі сараптама түрлерін жүргізу кіреді.