Полиграфия деген не?

Полиграфия (поли… және …графия)— мәтіндік және графикалық материалдарды басып шығаруға арналған техникалық құралдар жиынтығы; техника саласы. Полиграфияның негізі 1440 ж. неміс өнер тапқышы И.Гутенбергтің (1406 — 1468) кітап басуды ойлап табуынан бастап қаланды. Полиграфия технологиясы негізінен 3 өндірістік процестен (пішінге келтіру, баспалық және өңдеу) құралады.
Пішінге келтіру процесіне теру және иллюстрация баспа пішінін дайындау енеді. Мәтіндік пішін қолмен не теру машиналарымен терілетін баспаханалық шрифтіден алынады. Қазір автоматты теру әдісі кең тараған. Иллюстрация баспа қалыбын қолмен дайындауда шығыңқы баспада ағаш гравюрасы, ксилограф. не линогравюра; ойыңқы баспада металл гравюрасы, акватинта, офорт; жайпақ баспада литография пайдаланылады. Сондай-ақ иллюстрац. пішін фотомех. тәсілдермен (автотипия, фотоцинкография, фотолитография, фототипия, т.б.) және электронды бедерлеу машиналарының көмегімен де алынады.