Міндеттеменің ұғымы мен тараптары
1. Міндеттеме ұғымы
2. Міндеттеме тараптары
Мақсаты: Міндеттеменің кең және тар мағынасын ашу, міндеттеме тараптарына жекелей тоқталу, олардың міндеттемеге қатысудағы құқықтары мен міндеттерін түсіндіру.
Ұсынылған әдебиеттер:
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы және Ерекше бөлімдері) – Алматы: ЮРИСТ, 2008ж. 16 тарау, 268 – 271 баптар.
4. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы: Жоғарғы оқу орындарына арналған акад.курс.
1.Міндеттеме ұғымы
Күнделікті өмірде адамдар бір – бірімен міндеттемелік қатынасқа жиі түседі. Міндеттеме кең мағынасында «уәде» ұғымымен түсіндіріледі, яғни белгілі бір әрекетке түсуде олар уәделесіп жатады. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің 268 бабына сәйкес міндеттеме ,борышқор мен несие берушінің арасындағы әрекеттен туындайды. Міндеттемеге сәйкес бір адам басқа адамның пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Несие беруші борышқордан атқарылған әрекет нәтижесін қабылдауға міндетті.
Міндеттеме алған тараптар оны орындауға талпынады, ал орындалмай жатқан жағдайда құқықтық нормаларға жүгіне алады. Бұл жерде міндеттеме тар мағынаға ие болады, яғни міндеттеменің орындалу жағдайлары құқықтық нормаман реттеледі.
Азаматтық құқықта міндеттеме ұғымы ерекше рөл атқарады. Себебі азаматтық құқықтық қатынаста міндеттеме байланысты қатынастар жиі туындайды. Сондықтан да азаматтық құқық жүйесінде міндеттемелік құқық жеке бір институт болып табылады. Оның орындалу, тоқтатылу әдістері азаматтық құқықта толық қарастырылған. Міндеттеме объектісі алуан-түрлі соған байланысты оны реттейтін нормалар да әр түрлі.
2.Міндеттеме тараптары
Міндеттеме субъектілері болып оған қатысушылар табылады. Міндеттеменің негізгі субъектілері оның тараптары. Міндеттеменің тараптары болып кез келген тұлға (жеке,заңды) табылады. Мемлекет оның ерекше субъектісі болып табылады, себебі міндеттемелік қатынасқа түсуде мемлекет артықшылық құқықтарға ие болады. Несие беруші борышқордан міндеттеменің орындалуын талап ете алады, ал борышқор оны орындауға міндетті болады. Мысалы: А деген азамат Б деген азаматқа қарызға ақша берді, А- несие беруші, Б- борышқор. Студент кітапханадан кітап алды, студент – борышқор, кітапхана – несие беруші. Тұлға бір мезгілде несие беруші және борышқор бола алады. Мысалы: Кітапханадан кітап алған студент басқа азаматқа қарызға ақша берді. Бұл жағдайда студент әрі несие беруші, әрі борышқор болып табылады. Осындай жағдайда міндеттеменің ынтымақты немесе ортақтасқан түрлері пайда болады, яғни міндеттеме тараптарына байланысты міндеттеменің жаңа түрлері пайда болуы мүмкін.
Міндеттеме тараптарына азаматтық құқықтар мен міндеттер жүктеледі. Азаматтық құқықтық нормаларға сәйкес міндеттеменің барлық жағдайлары қарастырылған. Міндеттеме тараптары мен үшінші жақтар міндеттемеге қатысушылар болып табылады. Міндеттеме үшінші жақ үшін міндеттер туғызбайды. Үшінші жақтар міндеттеме тараптарына қатысты міндеттемеге араласа алады, мысалы қарызға алған ақшаны өтеп беру.
Талқылау сұрақтары:
5. Міндеттеменің тар және кең мағынасын түсіндіріп беріңіз.
6. ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес міндеттемеге анықтама беріңіз.
7. Міндеттеме тараптарына жекелей тоқталыңыз.
8. Міндеттемеге үшінші тараптың қатысу тәртібі қандай?