Міндеттемені орындау

1. Міндеттемені орындау туралы жалпы түсінік. Ақшалай міндеттеме.
2. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету.
a) Айып төлеу;
b) Кепіл
c) Кепілдік және кепіл болушылық;
d) Кепілпұл;
e) Ұстап қалу.
Мақсаты:
Студенттерге міндеттемені орындау ұғымын, орындалу мерзімі, орындау жөніндегі талаптар, міндеттеме орындалатын жер, ақшалай міндеттеме, міндеттеменің айып төлеу, кепіл туралы мағлұмат беру; міндеттемелік құқықта - міндеттемені орындалуын танылуын негіз ету.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы және Ерекше бөлімдері) – Алматы: ЮРИСТ, 2008ж
2.Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы: Жоғарғы оқу орындарына арналған акад. курс. І

1. Міндеттеме – міндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға тиіс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда - іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиіс. Заңдарда немесе шарттарда көзделгеннен басқа реттерде міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға және оның шарттарын біржақты өзгертуге жол берілмейді.
Егер тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе және іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан немесе міндеттеме мәнінен өзгеше туындамаса, борышқор міндеттемені орындау кезінде несие берушінің өзі немесе бұған ол уәкілдік берген адам орындауға қабылдайтын нәрсені талап етуге құқылы және мұндай талап етуге құқылы және мұндай талап жасалмауының зардабын тартуға тәуекел етеді. Сол сияқты үшінші жақ тиісті шарт арқылы тараптардың бірімен байланысты болса, міндеттемені орындау түгелдей немесе бөлшектеп үшінші жаққа жүктелуі мүмкін.Міндеттемеде ол орындалатын күн немесе ол орындалуға тиісті уақыт кезеңі көзделсе немесе анықтауға мүмкіндік берсе, міндеттеме сол күні немесе тиісінше сол кезең ішінде кез келген уақытта орындалуы тиіс.
Міндеттеме орындалатын жер заңдарда немесе оның шарттарында белгіленбесе немесе міндеттеме мәнінен немесе іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан көрінбесе, ол:
• міндеттеме бойынша қозғалмайтын мүлікті беру – мүлік орналасқан жерде;
• міндеттеме бойынша тауарды немесе өзге де мүлікті тасымалдауды пайдалана отырып беру – мүлікті несие берушіге жеткізу үшін оны бірінші тасымалдаушыға тапсыратын жер және т.б.
Ақшалай міндеттемеге байланысты бір адам (борышкер) екінші адамға (кредиторға) ақша төлеу жөніндегі міндеттерін орындауын талап етуге құқығы бар. Өтеу туралы шарт, залалды өтеу және тұрақсыздық айыппұлын төлеу туралы міндеттемелер, сондай – ақ зиян келтіру не негізсіз баю салдарынан туындаған міндеттемелер бойынша ақша төлеу жөніндегі міндеттерге, егер Азаматтық Кодексте, ҚР заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе немесе міндеттеме мәнінен туындамаса, ақшалай міндеттемелер туралы ереже қолданылады.
2.Міндеттемені орындау, заңдарды немесе шартта көзделген айып төлеу, кепіл, борышқордың мүлкін алып қалу, аманат, кепілдік, кепілпұл және басқа да әдістер арқылы қамтамассыз етілуі мүмкін. Бағалы қағаздар бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері ҚР бағалы қағаздар нарығындағы қызметті реттейтін заң актілерінде белгіленеді.
а)Айып төлеу – борышқор міндеттемесін орындамаған немесе тиісінше орындамаған ретте, атап айтқанда орындау мерзімін өткізіп алған ретте несие берушіге төлеуге міндетті, заңдармен немесе шартпен белгіленген ақша сомасы. Айып төлеу туралы келісім, негізгі міндеттеменің нысанына қарамастан, жазбаша түрде жасалуға тиіс.Жазбаша нысанның сақталмауы айып төлеу туралы келісімнің жарамсыздығына әкеліп соқтырады.Айып төлеу мөлшері нақты ақша сомасында немесе орындалмаған не тиісінше орындалмаған міндеттеме сомасына шаққандағы процентпен белгіленеді.
б) Кепіл - міндеттемеге сәйкес несие берушінің борышқор кепілмен қамтамассыз етілген міндетемені орындамаған ретте кепілге салынған мүлік құнынан, осы мүлік тиесілі адамның басқа несие берушілердің алдында артықшылықпен қанағаттандырылуға құқығы бар міндеттемені атқаруының әдісі.
в) Кепілдік және кепіл болушылық – кепілдік беруші, заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа жақтың несие берушісі алдында осы жақтың міндеттемесінің орындалуына толық немесе борышқормен ортақтасып ішінара жауап беруге міндеттенеді. Бірлесіп кепілдік берген адамдар, егер кепілдік шартында өзгеше белгіленбесе, несие беруші алдында ортақтасып жауап береді. Кепіл болушылық бойынша кепіл болушы басқа жақтың (борышқордың) несие берушісі алдында осы жақтың міндеттемесінің орындалуына толық немесе ішінара қосалқы жауап беруге міндеттенеді.
с) Кепілпұл – уағдаласушы тараптардың беруінің шарт бойынша өзінен алынатын төлемнің есебінен екінші тарапқа және шарт жасау мен орындауды не өзге міндеттемені орындауды қамтамасыз етуге белгіленетін ақшалай сома.Кепілпұл туралы келісім кепілпұлдың сомасына қарамастан жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Бұл ережеге негізгі міндеттеме нотариалдық жолмен куәландырылуға тиіс болатын жағдайда да қоданылады. Келісімнің жазбаша нысанда жасалуын сақтамау кепілпұл келісімін жарамсыз деп тануға әкеп соқтырады.
d) Ұстап қалу – борышқорға не борышқор көрсеткен тұлғаға берілуге тиіс зат қарамағында болған несие беруші, борышқор осы заттың құнын төлеу немесе несие берушіге оған байланысты шығындар мен басқа да залалдарды өтеу жөніндегі міндеттемені мерзімінде орындамаған жағдайда, тиісті міндеттеме орындалғанға дейін ұстап қалу құқығы. Заттың құнын төлуге немесе оған шыққан шығындарды және басқа да залалды өтеуге байланысты болмаса да, кәсіпкер ретінде әрекет ететін тараптардың міндеттемелерінен туындайтын талаптар да затты ұстап қалу арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін.
Талқылау сұрақтары:
1. Міндеттемені орындаудың құқықтық анықтамасын беріңіз?
2. Мәндеттемені орындамаудың құқықтық салдары қандай?
3. Мәндеттеменің тиісінше орындалуы дегеніміз не?
4. Міндеттемені бөлшектеп орындау деп нені айтамыз?
5. Міндеттемені тиісті адамның орындауы дегенімізді қалай түсінесіз?
6. Міндеттемені орындау барысында есепке алынатын мән- жайларды атаңыз?