Мәмлелер
Мәмлелер ұғымы және мәмленің түрлері
2.Мәмленің нысаны және оның маңызы
3. Жарамсыз мәмле және оның салдары.
Дәрістің мақсаты мен міндеті: мұғымы және олардың түрлерін анықтау, сипаттама беру. Біржақты, екіжақты және көпжақты мәмілелер. Шартты мәмілелер. Мәміленің нысаны. Ауызша және жазбаша мәмілелер. Мәмілелерді тіркеу тәртібін қарастыру.
Мәмілелерің жарамды болу шарттары. Мәміленің жай жазбаша нысанын сақтамаудың салдары. Жарамсыз мәмілелер. Жарамсыз мәмілелердің негіздері. Биржалық мәмілелердің ерекшеліктеріне жеке сипаттама беру.
Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
4. ҚР Азаматтық кодексі, 2007.
5. «Жылжымайтын мүліктерді мемлекеттік тіркеу және олармен жасалатын мәмілелер туралы» ҚР Заңы
6. Басин Ю.Г. Сделки. А., 1996.
1. Мәмлелер ұғымы және мәмленің түрлері
АК-ның 147-бабына сәйкес, азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмле деп танылады.
Дем,ек, субьектілердің мақсатты әрекеттері мәмле деп танылады. Олардың тікелей мақсаты азаматтық құқықтарды немесе міндеттерді белгілеу, мұндай құқықтар мен міндеттерді өзгерту, ең ақырында оларды тоқтату болып табылады.
Мәмле дегеніміз- бұл заңды, рұқсат етілетін, көп реттерде заң қолдап отыратын іс-әрекет. Күнделікті өмірде кейде қоғам теріс бағалайтын әрекеттерді «мәмле» деп атайды. Мәмле - бұл саналы түрде жасалатын әрекет ететін тұлғалардың еркі байқалады. Мәмле жасайтын тұлға еркінің ішкі мазмұны және еріктің сыртқы көрінісін айыра білу керек.
Адамның сөзімен мен іс-әрекеті бойынша оның еркінің шын бағыты туралы пікір түюге болатындықтан, еріктің сыртқы көрінісі оның ішкі мазмұнына сай келеді деп жорамалданадын.
Мәмле дегеніміз- бұл қашан да ерікті білдіру болғандықтан, оны заң еркіне заңдық маңыз беретін тұлғалар ғана жасай алады. Яғни, әрекетке қаблетсіз азаматтар мәмлелер жасай алмайды, ал әрекет қабілеттілігі шектеулі адамдар оларға заң рұқсат еткен мәмлерерді ғана жасауға құқылы (АК-ның 22 және 23 баптары) Заң мәмлелердің екі түрін ажыратады: бір жақты мәмлелер және шарттар.
Бір жақты иәиле бір тараптың еркін білдіреді және оған басқа азаматтардың немесе заңды тұлғалардың қалай қарайтынына қарамастан қолданыла береді. Бірқатар жағдайларда мәмле жай міндеттемені туғызады, мұнда мәмле жасаған адам борышқор болады, ал оның пайдасына мәмле жасаған адам- несие беруші адам болады. Мысалы, жай вексельді беру. Кейде бір жақты мәмле міндеттемені тоқтатады, мұнда мәмле жасаған адам несие беруші , ал оның пайдасына мәмле жасаған адам борышқор болады. Мысалы, борышты кешіру (АК-ның 378-405)
Кез келген шар кем дегенде екі жақты әрекеттен туындайды: бір тараптың шарт жасасу жөніндегі ұсынысы және екінші тараптың ұсынысты қабылдау жөніндегі келісуінен туады. Бұл жөнінде АК-ның 23 тарауында айтылған.
Басқа негіздер бойынша мәмлелер өзге де түрлерге бөлінеді. Казуальдік және абстрактілік мәмлелер арасындағы айырмашылықтың өте зор практикалық маңызы бар. Казуальдік-немесе себепті мәмленің тағдыыры тұтасымен оның өз жасалған негізге тәуелді болады. Негізінің бұзылуыжасалған бір жақты мәмленің заңдық күшін жояды. Мәмле бұл-тектік ұғым, ал шарт – түрлік ұғым. . кез келген шарт бұл мәмле, ал кез келген мәмле- шарт емес. Күнделікті тұрмыстағы және тіпті ресми тәжірибеде шарт басқа терминдермен де белгіленеді. Келісім-шарт, тараптардың келісімі. АК-ның 150 бабы шарпен жасалған мәмлелерге, яғни шартты мәмлелерге арналған.
2.Мәмленің нысаны және оның маңызы
. Мәмле заңмен белгіленген нысанға ие болғаннан кейін ғана заңдық маңыз алады, ал ол арқылы мәмлеге қатысушы өзінің еркін білдіреді. Сөз жүзінде жасалатын мәмлелер ауызша мәмлелер деп танылады. Қатысушылардың еркі тікелей, шарт жасауға бағытталған конклюденттік әрекеттер арқылы білінетін мәмлелер де, сондай-ақ қатысушының еркі үндемеу арқылы білінетін мәмлелер де ауызша түрде жасалатын мәмлелер қатарына жатады. Заң мәмленің қандай жағдайларда жазбаша түрде жасалатынын айқындайды. Бірақ мәмле жасаудың ауызша нысанын қолдану мүмкіндіктері үшін заңи нұсқаулар жоқ. Ауызша мәмле жасауға кең мүмкіндіктер беретін АК-ның 151 бабынан өзгеше, оның 152- бабы жазьаша мәмле қажеттігінің едәуір қатаң шекарасын белгілейді. Аталған бапқа сәйкесмәмлелер жазбаша түрде жасалуы тиіс:
• Егер мәмлелердің жекелеген түрлері үшін заңда рда өзгеше жағдай арнайы көзделмесе немесе іскерлік қызмет өрісініңәдеттегі құқықтарынан туындамаса, мәмлелер жасау кезінің өзінде орындалатындарының басқа, кәсіпкерлік қызмет үрдісінде жүзеге асырылатын;
• Мәмлелердің жасалу кезінің өзінде орындалатындарының басқа, 100 айлық есептік көрсеткіштен астам омаға;
• Заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзге де ретте.
Аталған жағдайлар үшін мәмленің жазбаша түрінің тиімділігі- ол мәмленің болуын да, оның мазмұнын да неғұрлым дұрыс көрсетеді. Бұл мәмлеге қатысушылардың құқықтары барынша сенімді қорғауды және бухгалтерлік есеп жүргізудің барынша дәл жүйесін жасауды қамтамасыз етеді..
Заң құжаттарында немесе тараптардың келісімімен белгіленген ретте жазбаша мәмлелер оларды нотариат куәландырғаннан кейін жасалады деп саналады.
Заң бірқатар жағдайларда жасалған мәмлелерді тіркеуді талап етеді. Мәмлелерді тіркеу мынандай бірқатар проблемаларды шешеді:
- мәмле толық заңды күшіне енеді;
- тіркеу туралы құжат субьектінің мәмле бойынша иеленген құқықтарын құжатпен растйды;
- бірыңғай тіркеу жүйесі оларды жасау жеке емес, жария мүддені білдіретін мәмлені толық есебін жолға қоюға мүмкіндік береді.
Мәмле жасаудың жазбаша түрі тіралы талаптарды сақтамаудың салдары қандай деген сауалға тоқталсақ, Заңнан мынандай екі жауап шығады: біреуі- жалпы ереже ретінде , екінші- жалпы ережеден ерекше жағдай ретінде қолданылады.
Жалпы ереже мынандай: мәмленің жазбаша түрінің бұзылуы оның жарамсыздығын туғызбайды. Егер тараптар оның жасалуы және мазмұны туралы фактінің төңірегінде дауласпаса, мәмле заңдық күшін сақтайды.
3. Жарамсыз мәмле және оның салдары.
АК-ның 157-бабы мәмленің нысанына, мазмұнына және қатысушыларына, сондай-ақ олардың еркін білдіру бостандығына қойылатын талаптарбұзылатын жағдайда мүдделі адамдардың, тиісті мемлекеттік органның не прокуратураның талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін деп көрсетеді. Аталған талаптардың біреуінің бұзылатын болса, мәмле жасалған заңдық факт ретінде таныла алмайды және заң күшіне ие болмайды. Заң шығарушылар мәмлені жарамсыз деп танудың нақты негіздерін белгілеуде нақ осы мән-жайларды басшылыққа алады.
Құқық бұзушылық жеке адамдардың мүдделеріне нұқсан келтіретін болса, онда мәмлені жарамсыз деп тануды тек мүдделі жеке тұлғаның талап етумен сот шеше алады. АК-ның 2 бабына сәйкес мемлекеттік органдардың мұндай дауға араласу құқығы жоқ. Керісінше, жария мүдделер бұзылғанда мәмлені жарамсыз деп тану туралы сотқа қойылатын талапты, мәмленің екі қатыушысы оның шартарымен келіскен боса да, оны қоюға жария орган құқылы болады.
Сонымен, егер мәмле мынандай талаптарды бұзатын болса, мәмле жарамсыз деп танылуы мүмкін: а) оның шарттарының заңдылығы туралы, яғни оның мазмұнының заңдылығы туралы; б) мәмлеге қатысушылардың мәмле жасау қабілеттілігі туралы; в) олардың ерік білдіруінің бостандығы және барабарлығы туралы;
Мәмле мазмұнының заңдылық туралы талаптарының бұзылуы АК-ның 158-бабы бұл жөнінде мәмленің аса маңызды талабы- оның заңға толық сәйкестігі деп айқындалады. Мұнда заңның кез келген бұзылуы жөнінде сөз болып отырған жоқ. Құқықбұзушылықтың көп болуы АК-ның 159 бабына және өзге заң ережелеріне сәйкесмәмлелердің жарамсыздығына негіз болады. Ал 158-бап мәмле мазмұнының заң талаптарына сәйкес келмеуіне қарсы, яғни ашық заңға қайшылыққа қарсы бағытталған. Бұл мәмленің қылмыстың жаксалуын, заңның бұйрық ережелерін орындаудан жалтаруды, айналымнан алынған заттарды жеке адамдарға сатуды және т.с.с. көздейтін жағдайлар болуы мүмкін.
Алайда, заңда белгілі бір мәмлені жасауға рұқсат ететін норманың болмауы ғана оны жарамсыз ете алмайды. Мазмұны заңда тыйым салынған қағидаларды бұзаты мәмле жарамсыз деп танылуға тиіс.
АК-ның 158- бабының 2-тармағына заңның ұйғарымдарын, заңды тұлғаның жарғысын не оның органдарының құзіретін бұзатын, мәмлені қасақана жасаған адам, егер мұндай талап пайдакүнемддік мақсаттармен немесе жауапкершіліктен жалтару ниетмен жасалатын болса, мәмлен жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы болмайтынын көздейді.
Мәмле жасау кезінде заңды саналы түрде бұзған, одан соң өзінің осы құқықбұзушылығына сүйеніп, мәмлені жарамсыз деп тануды талап ететін жеке және заңды тұлғалардың талаптарын қанағаттандыруға аталған себептер бойынша жол берілмейді.
Мәмленің жарамсыздығының салдарын айқындайтын негізгі ережелер АК-ның 157 бабында белгіленген. Оған сәйкес, екі жақты реституция, яғни мәмле жарамсыз деп танылған тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа мәмле бойынша алынған бәрін қайтарып беруге, ал заттай заттай қайтарып беру мүмкін болмаған жағдайда құнын ақшалай өтеуге міндетті.
ҚР Азаматтық кодексі жарамсыздық салдарын бұлайша жалпылама бөлуді көздемей, бірақ ерекше жағдай ретінде бір жақты реституцияны қолдануды не реституцияға жол бермеуді жақтайды, бірақ бұл мынадай бір ғана жағдайда мүмкін болады: жасалған мәмле қылмыстық мақсатқа –есірткі заттарды сатып алуға-сатуға, бөтен автомашинаны айдап әкетуге бағытталған жағддайда.
Заңдық салдар туғызу ниетін көздемей, тек көз алдау үшін жасалған мәмле жалған мәмле деп аталады. Жалған мәмле кейде өтірік мәмле деп аталады.
Мәмлелер туралы заңдардың негізгі ережелері осындай, олар мәмлелердің құқықтық маңызын, жасалу тәртібін, мазмұнын және жарамдылық жағдайларын айқындайды. Бұл ережелер мәмлелердің азаматтық, ең алдымен, мүліктік құқықтық қатынастарды туғызатыннегізгі заңдық факті екенін басшылыққа алады.
Әрбір азамат, әрбір заңды тұлға күн сайын, кейде күніне бірнеше рет мәмлемен ұшырасады, оларға қатысады, құқықтық сипатын ұдайы ұғына бермесе де, олардың орындалуына атсалысады. Мәмлелердің заңдық сипаттамасын білу және дұрыс түсіну – экономикалық айналымға қатысушылардың заңды мүдделерін қорғаудың маңызды шарты.