ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР

Заңды тұлга ұғымы
2. Заңды тұлғаның пайда болуы және тоқтатылуы
3. Заңды тұлғалардың түрлері.
Дәрістің мақсаты мен міндеті: заңды тұлға туралы түсінік және оның белгілерін анықтау. Заңды тұлғаның органдары. Филиалдар мен өкілдіктер және олардың құқықтық ерекшеліктері. Заңды тұлғаның құрылу және таратылу тәсілдері. Құрылтай құжаттары және олардың маңызы. Заңды тұлғаны тіркеу және оның тәртібі. Заңды тұлғаны тоқтату және қайта құру. Қайта құрудың түрлері. Заңды тұлғаның түрлері. Коммерциялық, коммерциялық емес заңды тұлғалар. Коммерциялық ұйымдардың түрлері мен ерекшеліктері. Коммерциялық емес заңды тұлғалардың құқықтық ерекшеліктеріне сипаттама беру.


Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
12. ҚР-ның Президентінің «Шаруашылық сріктестік» туралы заң күші бар Жарлығы. 2.05.1995.
13. ҚР-ның «Жауапкершілігі шектелген және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер» туралы Заңы. 22.04.1998.
14. ҚР-ның «Акционерлік қоғам» туралы Заңы 10.07.98.
15. ҚР Президентінің «Мемлекеттік кәсіпорындар» туралы заң күші бар Жарлығы, 19.06.1995.
16. ҚР-ның «Банкрто туралы» Заңы 21.01.97.
17. ҚР Президентінің «Өндірістік кооператив» туралы Заң күші бар Жарлығы. 5.10.95.
18. ҚР «Коммерциялық емес ұйымдр туралы» Заңы. 2000.
19. ҚР «Тұтыну кооперативі туралы» Заңы. 2001.
20. Ю.Г.Басин. Юридические лица. А., 1996.

1. Заңды тұлга ұғымы. Жеке тұлғалармен қатар, заңды тұлғалар да азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері бола алады (ҚР АК-ның 1-бабы).
Заңды тұлға дегеніміз — бұл мүліктік қатынастардың басқа субъектілері ұйымдастырған, қүрған және құқықтар мен міндеттер берген субъект. Заңды тұлғаның құрылтайшылары (құрушылары) оны мүліктік қатынастардың субъектілері ретінде өзінен бөлу мақсатында құрады. Мүліктік азаматтық-құқықтық қатынастар үшін заңды тұлға институтының практикалық маңыздылығы мынада: ''заңды тұлға құрылтайшыларының өз кәсіпкерлік тәуекелін өздері үшін орынды болады деп есептейтін сомамен шектеу мүмкіндігі бар".
Құқықтық санат ретіңде заңды тұлғаның әдебиеттерде бір мағыналы анықтамасы жоқ.
Кеңес мемлекеті өмір сүріп түрған кезеқде азаматтық құқық теориясында заңды тұлғалардың мәні туралы алуан түрлі пікірлер кең таралғанды. Негізінен алғанда, заңды тұлғалар — мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер зерттеу объектісі болды, мұны экономикада мемлекеттік меншіктің үстемдік етуімен түсіндіруге болатын еді.
Мемлекеттік ұйымдарға қатысты алғанда, заңды тұлғаның академик А.В. Венедиктов берген барынша толық ұғымы заң әдебиеттеріне "ұжым теориясы" деген атпен енді.
Қазіргі уақытта заңды тұлғаның мәні жөніндегі мәселе ғалымдардың теориялық пікір таластарында соншама кең таралмаған. Әдебиеттерде кездесетін соңғы пікірлердің ішінен заңды тұлғаның "мақсатты мүлік ретіндегі" анықтамасын атап көрсетуге болады. Е.А. Сухановтың пікірі бойынша, "...осы заманғы коммерциялық практикада азаматтық немесе сауда (коммерция) айналымына қатысуға әдейі арналған дербестелген мүлік ретіндегі заңды тұлғаның мәнін түсіндіретін "мақсатты мүлік" теориясын қостайтын дәлелдер жеткілікті".
Шетелдерде заңды тұлғаға қатысты екі теория барынша кең таралган — жалған теория және шындық теориясы, бұларға ортақ нәрсе — ұжымдық құрылымдардың құқық субъектілігін дәлелдеу.
Заңды тұлғаның жалған теориясы герман заңгері, XIX ғ. пайда болған құқық тарихы мектебінің басшысы К.Ф. Савиньидің есімімен байланысты. Ол құқықтың нақ субъектісі адам және тек адам болып табылады деп тұжырымдады. Оның тұжырымдамасы мынаған негізделді: заңды тұлға дегеніміз қарапайым өтірік арқылы қолдан жасалған құқық субъектісінен басқа ештеңе емес, құқық субъектіліктің бірден-бір мүмкін болатын иелері — жеке тұлғалар заңды тұлғадағы құқықтык катынастардың нақты субъектілері болып қала береді.
Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша, жалған теориядан туындайтын заңды тұлға пайда болуының рүқсат ету тәртібі және арнайы құқық қабілеттілігі, ең алдымен, мемлекеттің пайда табу мақсаттарын көздемейтін адамдар бірлестіктеріне бақылау жүргізілуін қамтамасыз етуге бағытталған болатын.
Жалған теория Англия мен АҚШ-та кең таралған. Заңды тұлғаның өмір сүруін мойындау Англия мен АҚШ-та корпорация құқығының іргелі принципі болды. XIX ғасырда жоғарғы судья Д.Маршаддың корпорацияга берген мынадай кең таралған анықтамасы АҚШ-тағы теория мен практикада мәлім болды: "Корпорация дегеніміз — бұл көрінбейтін, сезілмейтін және заң жүзіңде ғана өмір сүретін жасанды қүрылым".
Шындық теориясы, немесе XIX ғ. герман заңгері Гиркенің есімімен байланысты органикалық теория заңдытұлғаны мемлекеттін қалыпты тіршіпік етуіне қажетті құқықтың нақты өмір сүретін субъектісі ретіңде, әлде бір әлеуметтік шындық ретінде мемлекеттен тәуелсіз өмір сүретін одақтас тұлға ретінде қарастырды.
Шын мәнінде, Гирке де "нақты" одақтас тұлғаны адамға үқсас құрастыра отырып, Савиньи үстанған идеалистік үстанымды басшылыққа алды. Органикалық теорияның қазіргі ізбасарлары заңды тұлғаны құқык тәртібі құқықтар мен міндеттер берген мүдделердің оқшауланған бірлігі ретінде қарастырады.
Батыстағы құқықта заңды тұлғаны азаматтық-құқықтық қатынастардың дербес қатысушысы ретінде әрекет ететін ұйым немесе мекеме ретінде түсінеді. Дегенмен, батыс мемлекеттердің азаматтык заңдары заңды тұлғаға мүлде анықтама бермеуді артық көреді (ФРГ-де 1978 ж, дейін "заңды тұлға" деген терминнің өзі болған емес, Италияның Азаматтық кодексінде 1942 ж. заңды тұлғалардың дәрежеленуі ғана берілген), немесе заң шығарушылар жалпылама және өте қысқаша тұжырымдамалармен шектеледі. Мәселен, Швейцарияның 1907 ж. Азаматтық Заңдар жинағының 52-бабы заңды тұлғаларды әлде бір ерекше мақсат үшін бірлескен құрылымды, дербес мекемесі бар адамдар құрамасы ретінде анықтайды.
Заңды тұлғаның барынша толық анықтамасын Латын Америкасы елдерінің азаматтық кодекстерінен табуға болады. Мысалы, Чилидің 1865 ж. азаматтық кодексі заңды тұлға ұғымына мынадай тұжырымдама береді: "Құқықтарды жүзеге асырып, азаматтық міндеттерді атқара алатын, құқықтық және құқықтық емес қатынастарға түсе алатын ойдан шығарылған адам заңды тұлға болып табылады". Колумбияның, Сальвадордың, Эквадордың азаматтық кодекстерінде де осындай анықтамалар бар.
Жоғарыда келтірілген заң практикасының негізінде заңды тұлға институты азаматтық қүкықта басты орындардың бірін алады деп атап көрсетуге болады.
Заңды тұлға институтын заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігін, олардың ұйымдық-құқықтық нысандарын, заңды тұлғаларды қүру, қайта қүру және тарату тәртібін белгілейтін нормалардың жиынтығы, азаматтық құқықтың сала тармағы ретінде анықтауға болады.
Заңды тұлғаның жария анықтамасы ҚР АК-ның 33-бабының 1-тармағыңда баянды етілген: "Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүлікгік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауалкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.
Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс".
Заңды тұлғаның белгілері. Заңды тұлғаның анықтамасынан кез келген ұйымның заңдытұлға ретінде таныла бермейтінін көреміз. Ұйым заңды тұлға мәртебесін алу үшін мынадай белгілердің жиынтығы болуы қажет:
ұйымдық бірлік;
мүліктік оқшауланушылық;
дербес мүліктік жауапкершілік;
азаматтық айналымда өз атынан әрекет ету.
Ұйымдық бірлік. Азаматтық кодекс заңды тұлғаны ұйым ретінде анықтайды. Индивидтердің жай ғана белгілі бір мөлшерін емес, өзара әрекеттесу мен қызмет етудің белгілі бір ережелеріне бағынган азаматтар ұжымын ұйым деп түсінеді. Заңдытұлғаның азаматтық-құқықтық қатынастарда біртүтас тұлға ретіндегі сыртқы еркін білдіретін әрекетін көптеген тұлғалардан түратын ұжымдық құрылым — заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі деп түсіну керек.
Сонымен бірге, ұйымдық бірлікті үдайы көптеген адамдардың міндетті түрде қатысуына әкеп тіреуге болмайды. Соңғы онжылдықта көптеген елдерде капиталдың орталықтануы жағдайында бір ғана қатысушыдан (жеке немесе заңды тұлғадан) тұратын заңды тұлғалар әдеттегі құбылысқа айналуда. Мысалы, ФРГ-де 70-жылдардың басына қарай 42000 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің шамамен 9300-і, яғни 22%-ы бір адамнан түратын компанияларға айналған. Германияда бір ғана мүшеден түратын акционерлік қоғамдар қүруға (1968 ж. 10 мамырдағы Заң) және бір адамнан түратын жауапкершілігі шектеулі серіктестік қүруға (1980 ж. 4 мамырдағы Заң) рүқсат ететін заң актілері қабыдданған. Франция, АҚШ, Норвегия, Швеция, Швейцария, Дания, Англия секілді бірқатар еддердің заңдарында да осындай қүбылыстар байқалады. Бұларда Франция мен АҚШ-пен салыстырғаңда бір адамнан тұратын корпорациялар қүруға ресми түрде тыйым салынғанымен, әдде бір оқиғалардың нәтижесінде корпорацияның, компанияның қалған бір мүшесіне корпорацияның борыштары бойынша шекгеусіз жауапкершілікгі жүктеу арқылы компанияны жанама жолмен тану жүзеге асырылады Біздің еліміздің заңдары бір қатысушыдан түратың заңды тұлғаның қызмет етуіне жол берген жоқ. Қазіргі АК бір қатысушыдан түратын заңды тұлғалар қүруға мүмкіндік беруді көздейді (АК-ның 40, 58-баптары).
Заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі оның құрылтай құжаттарында көрсетіледі. АК-ның 41-бабына сәйкес, заңды тұлғалар өз қызметін жарғының және құрылтай шартының не жарғысының негізінде жүзеге асырады. Жарғыны кәсіпорын құрылтайшысы (құрылтайшылары) бекітеді, ал құрылтайшартын — құрылтайшылар жасайды. Жарғыңа заңды тұлғаның атауы, түрғылықты жері, нысанасы, қызмет мақсаты және басқа да қажетті мағлүматтар болуы тиіс. Жарғының болуы — заңды тұлғаның — мемлекеттік кәсіпорынның қызмет етуінің міндетті шарты (ҚР АК-ның 103, 104-баптары).
Мүлікгік оқшауланушылық — заңды тұлғаның іргелі белгісі, бүдан оның дербес мүліктік жауапкершілігі туады. Заңды тұлғаның мүліктік оқшаулаушылығы оған мүліктің бекітіліп берілуінен, бұл мүлікке билік жүргізе алуынан көрінеді. Ю.К. Толстой "заңды тұлғаның белгісі, бәрінен бүрын, оның оқшауланған мүлкінің болуы емес, ұйымның қызмет етуінің мүліктік оқшауланушылық секілді принципі, ал бұл екеуі бір нәрсе емес" деп әділ атап көрсеткен. Мәселен заңды тұлғаның мүліктік оқшауланушылығы ол тіркелген сәттен басталады (мысалы, АҚ үшін төленген қаржы (Акционерлік қоғамдар туралы Заңның 11-бабын қараңыз).
Заңды тұлғалардың оқшаулану дәрежесі түрліше және ол осы мүліке мешшктің түріне (мемлекеттік, жеке) байланысгы. Егер бұл мемлекелік кәсіпорын болса, онда мүлік оған шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен бекітіліп беріледі және ол осы арқылы басқа кәсіпорындардың мүлкінен оқшауланады.
Өзін-өзі өтеу және дербес бухгалтерлік баланстың болуы — заңды тұлғалардың мүліктік оқшаулануының көрінісі. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс (АК-ның 33-бабының 1-тармағы). Дербес мүліктік жауапкершілік заңды тұлғаның мүліктік оқшауланушылығына сүйенеді. Бұл белгі АК-ның 44-бабыңда былайша көрініс тапқан: әрбір заңды тұлға өз міндеттемелері бойынша дербес азаматтық-құқықтық жауапкершілік атқарады, тұлғаның борыштары бойынша оның құрылтайшысы (немесе құрылтайшылары) да. мемлекет те жауап бермейді. Сонымен бірге, кейбір жағдайларда несие берушілердің мүдделерін қамтамасыз ету үшін бұл жалпы ережеден кейбір ерекшеліктер көзделген. Мәселен, қазыналық кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер және несие беруішлердін борыштары бойынша өзінің барлық мүлкімен емес, олардың қолында бар ақшасымен ғана жауап беретін мекемелер үшін ерекшеліктер белгіленген (ҚР АК-ның 207-бабын қараңыз), мысалы, қазыналық кәсіпорынның ақшасы жетіспейтін жағдайда, ҚР Үкіметі немесе тиісті жергілікті атқарушы орган оның міндеттемелері бойынша ортақ жауаптылықта болады (АК-ның 1998 ж. 16 желтоқсандағы редакциясының 207-бабының 1-тармағыңдағы 2-абзацты қараңыз).
Заңды тұлғаның банкроттыққа ұшырауы оның құрылтайшысының немесе мүліктің меншік иесінің іс-әрекеттерінен туындайтын кезде және заңды тұлғалардың кейбір түрлері құрылтайшыларының олардың борыштары бойынша субсидиарлық ортақ жауаптылығы туатын жағдайларда заңды тұлғаның жауап беруінің жеке ережелері белгіленген (АК-ның 70, 84-баптары, 96-бабының 3-тармағы). Бұған қоса, заңды тұлғалар құрылтайшыларының (қатысушыларының) олардың борыштары бойынша қосымша жауаптылыгы құрылтай құжаттарында көрсетілуі мүмкін (АК-ның 44-бабының 2-тармағы).
Азаматтық айналымда өз атынан әрекет ету, атап айтқанда, заңдытұлғаның өз атынан мүліктік және мүліктік емес өзіндік құқықтарды иелену, міндеттер атқару, сотта талапкер және жауапкер болу мүмкіндігінен де көрінеді.
Заңды тұлғаның атауы белгілі бір ұйымды құқықтық қатынастардың субъектісі деп тану үшін оны даралаңдыру және нақтылаңдыру құралы болып табылады. Азаматтық айналымда өз атынан әрекет ету
— заңды тұлғаның басқа белгілерінен шыққан туынды болып табынады.
Мәселен, АК-ның 38-бабына сөйкес, заң шыгарушылар заңды түлганың ұйымдық-құқықтық нысанын нақ осыңцай атаумен байланыстырады. Мысалы, қазыналық кәсіпорынның фирмалық атауыңда кәсіпорынның қазыналық болып табылатыны көрсетілуге тиіс (АК-ның 104-бабының 4-тармағы).
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның міндетті түрде фирмалық атауы болуға тиіс. Мұнда заңды тұлғаның бөгде фирмалық атауды пайдаланғаны үшін кінәлы субьектілерді материаддық жауагпылыққа тартуға дейінгі фирмалық атауды пайдалану ерекше құқығы бар. Басқа тұлғалар белгілі бір ақы үшін заңды тұлғаның фирмалық атауын пайдалана алады.
Заңды тұлға фирмалық атаумен қатар, тауарлық белгі, қызмет көрсету белгісі (сауда маркасы) секілді дараландыру қүралдарын да пайдалануы мүмкін. Тауарлык, белгі (қызмет көрсету белгісі) дегеніміз
— бұл тіркелген ауызша, бейнелік, көлемдік немесе басқа да таңбалар, олар бір шаруашылық жүргізуші субъектілердің тауарларын немесе көрсететін қызметін басқа шаруашылық субъектілерінің осы тектес тауарлары мен көрсететін қызметінен айыруға мүмкіңдік береді (1993 ж. 18 қаңтардағы "Тауарлык белгілер, қызмет көрсету белгілері және тауарлардың шығарылған орындарының атауы туралы" Заңның 4-бабы). Заңды тұлғанын даралану қүралы ретіндегі тауарлық белгінің немесе қызмет көрсету белгісінің заңды тұлғаның өнімдерін түтынушылар үшін де, заңды тұлғаның өзі үшін де зор практикалық маңызы бар. Мысалы, өндірушіге сапасыз тауары үшін шағым айтып, талап қою үшін қайырылу қажет болатын жағдайда тауарды дайындаушыны тауарлық белгі бойынша табу мүмкіндігі бар. Сонымен бірге, тауарлық белгі, тауарлық марка белгілі тауардың өндірушісін айыру қүралы болып табылады.
Тауарлық белгіге теңестірілетін қызмет көрсету белгісін негізгі міндеті қызмет көрсету болатын заңды тұлғалар тіркеп отырады.
Тауардың шығарылған орнының атауы да заңды тұлғаны даралаңдыру қүралы болып саналады. Қасиеттері едәуір дәрежеде табиғат жағдайларына немесе олардың шығарылатын жерлеріндегі адам факторларына байланысты болатын өнімдерді дайындайтын ұйымдар тауардың шығатын орнының атауъш тіркеуге және пайдалануға құқылы (мысалы, Вологда шілтері, Дымково ойыншықтары). Тауарлык, белгіден өзгеше, тауардың шығарылатын орнының атауын пайдалану құқығы айрықша құқық емес, оны сол жерде осындай тауар дайындайтын басқа заңды тұлғалар да пайдалануы мүмкін.
Сонымен, заңды тұлға дегеніміз — бұл меншігінде, шаруашылықты жүргізу құқығында, оралымды басқаруында оқшауланған мүлкі бар және өз міндеттемелері бойынша осы мүлкімен дербес жауап беретін, азамапык айналымда өз атынан әрекет ететін ұйым.
Заңды тұлғаның органдары. Заңдар немесе құрылтай құжаттары арқылы құқықтың басқа субъектілері алдында арнайы уәкілеттіксіз (сенімхатсыз) өз атынан әрекет етуге уәкілетсі заңды тұлғаның адамдары мен ұжымдық құрылымдары заңды тұлғаның органдарына жатады.
Заңды тұлғаның органдары дара (директор, президент, басқарушы) не ұжымдық (алқалық) болуы мүмкін. Мысалы, жалпы жиналыс, басқарма, диреісгорлар кеңесі және т.с.с. ұжымдық органдарға жатады.
Заңды тұлғалардын органдарын тағайындау, сайлау түрлері мен тәргібін, олардың өкілеттіктерін заңды тұлғалардың жекелеген түрлері туралы заң актілері меи құрылтай құжаттары анықтайды.
Заңды тұлғаның органы мүліктік қатынастарда дербес субъект ретінде емес, заңды тұлғаның атынан әрекет етеді. Заңды тұлғалардың құқық кабілеттілігі мен әрекет кабілеттілігі олар мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап бір мезгілде пайда болатыңцықтан (АК-нын 42-бабының 3-тармағы), заңды тұлғалар үшін бұл санаттарды ажыратудың маңызы жоқ.
Жалпы құқық қабіпеттілігі бар азаматтардан өзгеше, заңды тұлғалардын арнайы құқық қабілеттілігі болады.
Заңды тұлғаның азаматтық құқықтары және өз қызметіне байланысты қолданыстағы заңдарға сәйкес (АК-ның 35-бабы) және жарғылық міндеттерді жүзеге асыру үшін құрылтай күжаттарына сәйкес міндеттері болуы мүмкін.
Азаматтық құқықтар мен міндеттер заңдық фактілердің негізінде пайда болады. Заңды тұлғалар үшін мұндай фактілер ең алдымен мәмілелер болып саналады. Сондықтан заңды тұлғалардың құқық қабілетілігінің мазмұнын анықтауда ең алдымен заңды тұлға жасауға құқылы мәмілелердің ауқымы назарда болады. Бүрынғы заңдар барлық заңды тұлғаларға заңдарда немесе құрылтай құжаттарында көзделмеген мәмілелерді, яғни жарғылық мақсаттарға сай келмейтін мәмілелерді жасауға тыйым салатын. Заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі "рұқсат етілгеннен басқаның бәріне тыйым салынған" деген принципте бейнеленді.
Нарықтық қатынастардың дамуы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметінде икемділіктің болуын талап етті, ал заңды тұлғалардың тар өрісті арнайы құқық қабілеттілігі бүгінгі күннің шындығына сай келе алмады. Қазақстан Республикасыньщ жаңа Азаматтық кодексі және оған сөйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілер заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігін үлғайтты.
Алайда объективтік мағынада алғанда заңды тұлғаларға қатысты жалпы немесе әмбебап құқық қабілеттілік жайында сөз қозғауға болмайды, өйткені заңды тұлға дегеніміз — бұл белгілі бір максаттар үшін қүрылатын және сондықтан жарғылық міндеттерді жүзеге асыру үшін өзінің құрылтайшысынан нақты құқықтар мен міндеттер алатын құқық субъектісі болып табылады. Сондықтан кез келген заңды тұлғаның құқық қабілеттіліғі арнайы сипатта болады. Олардың кейбіреуінің күкық қабілеттілігі қатаң шектелген, құрылтай құжаттарыңда егжей-тегжейлі көрсетілген. Басқа түрлерінің құқық қабілеттілігі әмбебал қабілеттілікке барынша жақындатылған. Мүның ең алдымен, коммерциялык, заңды тұлғаларға қатысы бар (АК-ның 35-бабының 1-тармағы). Олардың құқық қабілеттілігін "тыйым салынганнан басқаның бәріне рүқсат етілген" принципімен бейнелеуге болады.Алайда кейбір заңды тұлғалардың, ең аддымен, мемлекеттік кәсіпорындардың құқық қабілеттілігі арнайы сипатта болады. Мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар басым болатын кәсіпорындарға қарағаңда, шаруашылык жүргізу құқығы бар кәсіпорындардың құқық қабілеттілігі айтарлықтай шектеулі болады (АК-ның 200-бабын, Мемлекеттік кәсіпорын туралы жарлықты қараңыз). Қазыналық кәсіпорындар арнайы, ерекше мақсаттарды жүзеге асыру үшін тек мемлекеттік мүдделер жолында кызметтің белгілі бір түрлерін жүзеге асыру үшін қүрылатындықтан, құқық қабілеттілігі тар өрісті арнайы субъектілер болып табылады (Мемлекеттік кәсіпорындар туралы жарлықтың III тарауы).
Коммерциялық емес ұйымдардың құқық қабілеттілігі туралы мәселені жеке қарастыру керек. Олардың құқық қабілеттілігін арнайы құқық қабілеттілік ретінде сипаттау керектігі даусыз, өйткені заң мұндай ұйымдардьщ белгілі бір — басқару, әлеуметтік, үйлестіру, қайырымдылық және т.с.с. мақсаттар үшін құрылатынын айқын көздейді. Соңдықтан коммерциялық емес заңды тұлғалар өздерінің жарғыларында көзделғен қызмет түрлерімен ғана айналыса алады. Таяу уақытқа дейін АК мемлекеттік, сондай-ақ жеке мекемелер үпіін кәсіпкерлік қызметтен алынған табыстарына дербес билік ету мүмкіндііін көздеп келді (1994 ж. редакциядағы ҚР АК-ның 206-бабының 1-тармағындағы 2-абзагды қараңыз). Енді, табысқа дербес билік ету құқығын баянды еткен норманы АК-дан шығарып тастауға байланысты мекемелердің, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің арнайы құқық қабілеттілігінің бүрынғъщан да тар өрісті сипаты жөнінде айтуға болады.
Белгілі бір ұйымдық-қүқыктық нысанда қүрылған барлық заңды тұлғаларға қолдануға болатын құқық қабілеттіліктің жалпы шекарасынан басқа, заңды тұлғалардың кейбір түрлері үшін заң олардың қызметінің мазмұнын ескере отырып, құқық қабілеттілігін шектейді. Мұндай шектеу белгілі бір заңды тұлғаларға ғана қызметтің белгілі бір түрімен айналысуға рүқсат беру арқылы жүргізіледі немесе, керісінше, заңдарда көрсетілген заңды тұлғаларға қызметтің белгілі бір түрлерімен айналысуға тыйым салу жолымен жүзеге асырылады. Мысалы, Банктер және банк қызметі туралы жарлықтың 1-бабының 3-тармағы банк ресми мәртебесін алмаған кез келген заңды тұлғаға өзін банк деп атауға және банк қызметімен айналысуға тыйым салады.
Заңды тұлғалардын, кәсіпкерлік саласындағы құқық қабілеттілігі белғілі бір қызмет түрлерін лицензиялау жүйесімен шектелуі мүмкін.
АК-ның 10-бабының 4-тармағында баянды етілгендей, мемлекеттік қауіпсіздік, құқық тәртібін қамтамасыз ету, айналадағы ортанът, азаматтардың меншігін, өмірі мен денсаулыгын қорғау мақсатында тауарлардың, жұмыстың немесе қызметтің кейбір түрлерін өндіру мен сату мемлекеттік лицензиялар арқылы жүзеге асырылады. Мұндай тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтің тізбесі, мемлекеттік лицензияларды беру тәртібі кейінгі өзгертулер мен қосымшалар қамтылған Лицензиялау туралы жарлықта белгіленген.
Кейбір қызмет түрлерін реттейтін заң актілерінде лицензияларды берудің және қайтарып алудың, оның қолданылуын тоқтатудың өзге негіздері мен өзге тәртібі көзделуі мүмкін (қараңыз, мысалы, Мүнай туралы жарлық, Жер қойнауы туралы жарлық).
Кейбір қызмет түрлерін лицензиялау қажетігі заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігінің пайда болу және тоқтатылу уақытын, сондай-ақ олардың шекарасын анықтауды қажет етеді.
Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Алайда лицензиялауды талап ететін әрекеттерді жасау құқығы мұндай құқық қабілеттіліктің мазмұнына кірмейді.
Аталған құқықтар лицензияны алғаннан кейін ғана құқық қабілеттілікттің мазмұнына енгізіліп, оның шекарасын үлғайтады (қараңыз, мысалы, Жер қойнауы және Жер қойнауын пайдалану туралы жарлық). Лицензия жарамсыз деп танылғанда, оның қолданыпуы тоқтатылғанда, кайтарылып алынғанда немесе күші жойылғанда заңды тұлганың құқық қабілеттілігінің мазмұны өзінің бүрынғы жалпы шекарасына қайтарынады.
2. Заңды тұлғаның пайда болуы және тоқтатылуы. Заңды тұлғаның пайда болуы (қүрылуы). Заңды тұлғаның құрылтайшысы - меншік иесінің саналы-ерікті қызметі заңды тұлғалар қүрылуының қажетті алғы шарты болып табылады.
Меншік иесінің белгілі бір нысандағы еркінсіз заңды тұлғалардың қүрылуы мүмкін емес. Осыған сәйкес заңды тұлғалар қүрылуының өкімдік, рүқсат ету және нормативтік әдістерін бөліп көрсетуге болады.
Заңды тұлғалар құрылуының өкімдік тәртібі оның құрылтайшының өкімі негізінде пайда болатынын көрсетеді. Мысалы, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар осындай әдіспен қүрылады. Мемлекеттік мүлікті басқаруға уәкілетті органдар мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің құрылтайшылары болуы мүмкін (АК-ның 102-бабы).
Рүқсат ету тәртібінде заңды тұлғаны ұйымдастыру үшін қүзіретті органның алдын ала рүқсаты талап етіледі. Бүрын қолданылып келген заңдар кооперативтер, әр түрлі қоғамдық бірлестіктер секілді ұйымдар үшін осындай ұйымдастыру тәртібін көздеді. Рүқсат ету тәртібінің ерекшелігі — мұнда заңды тұлғаны қүруға тыйым салынуы мүмкін.
Алайда заңды тұлғаны тіркеуге оны тиімсіз деген желеумен бас тартуға жол берілмейді (АК-ның 42-бабының 5-тармағы). Заңды тұлғаны құрудың нормативтік тәртібі мемлекеттік органдардың әлде бір рүқсат беруін талап етпейді. Қазіргі уақытта мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғаларды қүруда осы тәртіп қодданынуда.
Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол мемлекеттік: тіркеуден өткен сәттен бастап пайда болады. Қандай түрге жататынына қарамастан, заңды тұлға міндетті түрде тіркелуге тиіс. Оларды тіркеу тәртібі Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы жарлықта және осы жарлықтың негізінде қабылданған Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы ережеде белгіленген.
Аталған заң актілерінде заңды тұлғаларды тіркеуге қажетті құжаттардың толық тізбесі және заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарын қарау мерзімдері көрсетілген.
Тіркеу кезінде заңды тұлғаларды құрудың тиімділігі мәселелеріне назар аударылмайды, олардың өндірістік-шаруашылық қаржы қызметіне бақылау жасау және араласу мақсаты көзделмейді.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің қажеттігі мынада, ол:
заңды тұлғаның пайда болу фактісін растайды;
заңды тұлғаларды бірыңғай мемлекеттік тізілімге тіркегеннен кейін барлық заңды тұлғалардың мемлекеттік есебін жүрғізуге мүмкіндік береді;
жариялылық жағдайларын туғызады, өйткені кез келген мүдделі адам құпия немесе коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтерден басқа заңды тұлғаны сипаттайтын барлық материалдармен тіркеуші органдар арқылы танысуға құқылы.
Шетелдіктер және шетелдік заңды тұлғалар мен олардың өкшдіктері қатысатын кәсіпорындарды тіркеудің ерекше тәртібі бар. Мұндай ұйымдар тікелей ҚР Әділет министрлігінде тіркеледі.
Бұған қоса, заңдардың заңды тұлғаларды тіркеуге және кайта тіркеуге түрліше талаптар қоятынын да атап көрсету керек.
Әділет органдары жүзеге асыратын мемлекеттік тіркеу субъектілерге заңды тұлға мәртебесін беру әдісі болып табылады. Әділет органдары беретін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік субъектінің заңды тұлға құқықтарын иеленуінің ресми дәлелі болады.
Тіркеуден өтпеғен заңды тұлғаның, оның филиалының немесе өкілдігінің қызмет жүргізуіне тыйым салынады. Мемлекеттік тіркеуден өтпеген қызметтен алынған табыс ҚР заңдарына сәйкес бюджет кірісіне алынады.
Қайта тіркеу заңды тұлғаның қүрылуын емес, қызмет етіп түрған тіркелген заңды тұлғаны қолданыстағы заңдардың талаптарына сәйкестендіруді білдіреді. АК-ның 42-бабының 6-тармағына сәйкес заңды тұлға мынадай жағдайларда қайта тіркелуге тиіс: 1) акционерлік қоғамның жарғылык капиталының және жарияланған жарғылық капиталының мөлшері азайғанда; 2) заңды тұлғаның атауы өзгергенде; 3) шаруашылық серіктестіктеріндегі және жабық акционерлік қоғамдардағы қатысушылардың құрамы өзгергенде және басқа негіздер бойынша.
Заңды тұлға қызметінің токтатылуы. Заңды тұлғаның қайта қүрылуы (АК-ның 45-бабы) және таратылуы (АК-ның 49-бабы) нәтижесінде заңды тұлғаның қызметі тоқтатылады.
Алайда заң бірқатар ұйымдардың қызметін уақытша тоқтату яғни тоқтата туру мүмкіндігін де көздейді, мысалы, жер қойнауын және қоршаған табиғи ортаны қорғау заңдарының талаптарын, заңды тұлғалардың — жер қойнауын пайдаланушылардың кауіпсіз жұмыс жүргізу талаптарын үдайы немесе өрескел бұзатын жағдайларда жер қойнауын пайдалану қызметін жүзеге асыруға берілген лицензияның қолданылуын уақытша тоқтата түру мүмкіндігін де көздейді. (Жер қойнауы туралы жарлықтың 38-бабының 1-тармағыңдағы 3-тармақшаны қараңыз).
Заңды тұлғаны қайта қүру оның мүлкінің меншік иесінін немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардьщ) шешімі бойынша, сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтай құжаттары уәкілеттік берген органның шешімімен, немесе заң құжаттарында көзделген жағдайларда сот органдарының шешімі бойынша жүргізіледі.
АК-ның 45-бабының 1 - тармағы бойынша қайта қүрудың басқа да нысаңдары көзделгеніне қарамастан, заң шығарушылар заңды тұлғаларды қайта қүрудың бес нысанын — қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, өзгерту — атап көрсетеді.
Қосу кезіңде екі және одан да көп заңды тұлғалардың қызметі тоқтатылын, олардың негізінде бір заңды тұлға қүрылады да, тіркеуден өтеді. Заңды тұлғаларды қосқан кезде олардың әрқайсысының мүліктік құқықтары мен міндеттері өткізу актісіне сөйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаға өтеді (АК-ның 46-бабының 1-тармағын қараңыз).
Өткізу актісі дегеніміз — бұл заңды тұлғаларды қосу, біріктіру және өзгерту кезінде жаңадан қүрылған заңды тұлғаға — құқық мирасқорына өтетін мүліктік құқықтар мен мшдеттерді тіркейтін құжат. Өткізу актісін мүліктің меншік иесі бекітіп, тіркеу кезінде жаңадан құрылған заңды тұлғаға беруі тиіс (АК-ның 47-бабы).
Жаңадан қүрылған заңды тұлғаны тіркеуден өткізуде тіркеуші орган өзінің қызметін тоқтатқан заңды тұлғаны мемлекеттік тізілімнен шығарады, бұл жөнінде жаңадан күрылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы бұйрықта сол мезгідде көрсетілуі тиіс.
Біріктіру кезінде бір және одан да көп заңды тұлғалардың қызметі тоқтатылады, олардың негізінде жаңадан пайда болған заңды тұлғалар ірілендіріледі, бұлар олардың құқық мирасқоры болып табылады.
Бөлу кезінде бір заңды тұлғаның қызметі тоқтатылады да, оның негізінде екі және одан да көп заңды тұлғалар ұйымдастырылады. Бөлінетін заңды тұлғаның мүліктік құқықтары мен міндеттері бөлу балансына сәйкес жаңадан қүрылған заңды тұлғаларға өтеді.
Бөліп шығару кезінде бір заңды тұлғаның құрамынан екі және одан да көп заңды тұлғалар бөлінеді, мүңда бастапқы заңды тұлғаның қызметі тоқтатылмайды. Сондықтан бастапқы заңды тұлға қайта тіркеуден өтуге тиіс (мүлкі езгерген), ал бөлінген, жаңадан пайда болған заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуге жатады. Мүліктік құқықтар мен міндеттердің өтуі де бөлу балансымен рәсімделеді.
Бөлу балансы дегеніміз — бұл қайта қүрылатын заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттерінің бөлу және бөліп шығару кезінде құқық мирасқорлары арасында бөлінуін рәсімдейтін бухгалтерлік құжат. Бөлу балансын заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе оны қайта құру туралы шешім қабылдаған орган бекітіп, жаңадан қүрылған заңды тұлғаны тіркеу кезінде тапсыруы тиіс.
Тіркеу кезінде еткізу актісі мен бөлу балансын тапсыру ең алдымен қайта қүрынатын заңды тұлғалардың несие берушілерінің мүдделерін қорғау мақсатында жүзеге асырылады. Соңдықтан құрылтай құжаттарымен қоса тиісті откізу актісін және (немесе) өткізу балансын тапсырмау, сондай-ақ оларда қайта құрылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құқық мирасқорлық туралы ережелердің болмауы жаңадан қүрылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден бас тартуға әкеліп соқтырады (АК-ның 47-бабының 2~тармағы). Сонымен қатар, заңды тұлғаны қайта қүру кезінде оның несие берушілерінің құқықтарына кепілдікті қамтамасыз ету үшін міндетті түрде жүзеге асырылатын бірқатар шаралар көзделеді. Мәселен, заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе оны қайта қүру туралы шешім қабылдаған орган бұл жөнінде қайта құрылатын заңды тұлғаның несие берушілерін жазбаша түрде хабардар етуге міндетті. Бөлу және бөліп шығару кезінде қайта құрылатын заңды тұлғаның несие берушісі осы заңды тұлға борышқор болып табылатын міндеттемелердің мерзімінен бүрын тоқтатылуын және келтірілген залалдардың орны толтырылуын талап етуге құқылы. Егер бөлу балансы қайта құрылған заңды тұлғаның құқық мирасқорын анықтауға мүмкіндік бермесе, жаңадан пайда болған заңды тұлғалар, сондай-ақ құрамынан басқа заңдытұлға бөлініп шыққан заңды тұлға қайта қүрылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша оның несие берушілерінің алдында ортақ жауапты болады (АК-ның 48-бабы).
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдардың ерекшеліктері ескеріле отырып жүзеге асырылатын жинақтаушы зейнетақы қоры — заңды тұлғасын қайта құру туралы АК-да бөлек сөз болады (АК-ның 45-бабының 2-тармағы).
Заңды тұлғаны қайта құру ерікті түрде немесе ықтиярсыз жүргізілуі мүмкін. (АК-ның 45-бабының 2-тармағы). Заңды тұлғаны ықтиярсыз қайта қүру сот органдарының шешімімен және заң құжаттарында көзделген жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін. Ықтиярсыз қайта қүру тек бөлу, бөліп шығару немесе өзгерту нысанында ғана жүзеге асырылады. Ол монополияға қарсы заңдар бұзылған кезде; банкропық жағдайында; заңды тұлғалардың кейбір түрлеріне қойылатын заңның талаптары бұзылғанда және басқа да кейбір жағдайларда жүргізілуі мүмкін.
Ерікті түрде қайта қүру шаруашылық серіктестіктің, акционерлік қоғамның, өндірістік кооператив қатысушыларының (құрылтайшыларының) шешімі бойынша қолданыстағы заңдарға сәйкес және осы заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары бойынша жүргізілуі мүмкін.
Мемлекеттік заңды тұлғалардың қайта қүрылуын ерекше атап өту керек. Республикалық мемлекеттік кәсіпорынды қайта құру ҚР Үкіметінің шешімі бойъшша, ал коммуналдық кәсіпорынды қайта құру — жергілікті әкімшілік басшысының шешімі бойынша жүргізіледі.
Кәсіпорынды қайта қүруды уәкілетті орган жүзеге асырады (Мемлекеттік кәсіпорын туралы жарлықтың 16-бабының 1-тармағы). Мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттіх меншік құқығы субъектісінің қызметін жүзеге асыратын уәкілетті орғандар, яғни мемлекеттік
органдар республикалық кәсіпорындар үшін министрліктер, мемлекеттік
комитеттер, ведомстволар және өзге де осыған ҚР Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдар, ал коммуналдық кәсіпорындар үшін — осыған жергілікті әкімшілік басшысы уәкілеттік берген жергілікті атқару органдары болъш табылады.
Шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорын, қазыналық кәсіпорын және мемлекеттік мекеме біріне-бірі айнала алады.
Мемлекеттік кәсіпорын туралы жарлықтың 45-бабы шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорынның қазыналық кәсіпорынға айналуын тікелей көздейді. Шаруашылық жүргізу құқығындагы республикалық кәсіпорынның қазыналық кәсіпорынға айналуы уәкілетті органның үсынысымен, ҚР Қаржы министрлігінің келісімі арқылы, ҚР Үкіметінің шешімі бойынша, ал коммуналдық кәсіпорыннын; өзгеруі
— уәкілетті орғанның үсынысымен, ҚР Қаржы министрілігінің жергілікті органының келісімі арқылы, жергілікті әкімшілік басшысының шешімі бойынша жүргізіледі. Шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорынды өзгерту және оның негізінде қазыналық кәсіпорын қүру туралы шешім мынадай жағдайларда міндетті болып табылады:
1) шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорынға бөлінген
мүлікті және ақшаны мақсатсыз пайдалануда;
соңғы екі жылдың қорытындысы бойынша пайда түспегенде;
негізгі қорларға Мемлекеттік кәсіпорын туралы жарлықта белгіленген ережелерді бұза отырып, билік етуде (Мемлекеттік кәсіпорын туралы жарлықтың 25-бабының 1-тармағы).
Мемлекеттік заңды тұлғаны жеке тұлғаға айналдыру тек жекешелендіру процесі арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік заңдытұлғаны жекешелендіру процесі жекешелендіру туралы заңдарда белгіленген негіздерде және тәртіпте жүргізіледі.
Қайта қүру (қосу, біріктіру немесе бөлу) нәтижесінде өзінің қыз-метін тоқтатқан заңды тұлғаларды мемлекеттік тізілімнен шығару заңды тұлғаны таратуға арналған АК-ның 50-бабында көзделген рәсімдердің сақталуын талап етпеді.
Заңды тұлғаны тарату дегеніміз — бұл оны заңды тұлғалардың мемлекеттік тізілімінен шығару жолымен заңды тұлғаның (құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін тоқтату. Заңды тұлғаны тарату кезінде құқық мирасқорлық заңды тұлғаны қайта қүрудағыдай сақталмаңцы.
Заңды тұлғаны тарату ерікті және ықтиярсыз болуы мүмкін. Заңды тұлғаны ерікті тәртіппен тарату оньтң мүлкінің меншік иесінің немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның шешімі бойынша, сондай-ақ қүрынтай күжаттары уәкілдік берген заңды тұлға органының шешімімен кез келген негіздер бойынша жүргізіледі. Мәселен, республикалық мемлекеттік кәсіпорынды тарату ҚР Үюметінің шешімі бойынша, ал коммуналдық кәсіпорынды тарату — жергілікті әкімшіліх басшысының шешімі бойынша жүргізіледі (Мемлекеттік кәсіпорын туралы жарлықтың 16-бабының 1-тармағының 1-абзацы). Акционерлік қоғамды, жауапкершілігі шектеулі серіктестікті, қосымша жауапкершілікті серіктестікті, және өндірістік кооперативті ерікті түрде тарату оның органдарының шешімі бойынша заңды тұлғаны таратудың мысалы бола алады (АК-ның 79-бабының 2-тармағының 4-тармаьцпасы; 84-бабының 3-тармағы; 92-бабының 2-тармағының 8-тармақшасы; 99-бабының 3-тармағының 5-тармақшасы). Заңды тұлғалардың аталған түрлерін ерікіі түрде тарату оларға қатысуідылардың жалпы жиналысыньщ шешімімен ғана жүргізіледі.
Толык және сенім серіктестіктерін ерікті түрде тарату, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерді тарату оларға қатысушылардың жалпы жішалысының немесе олар уәкілеттік берген органның, сондай-ақ құрылтай құжаттары осыған уәкілеттік берген заңды тұлғанын тиісті органының шешімі бойынша жүргізіледі.
Мекемені тарату мүліктің меншік иесінің (АК-ның 204-бабының 1-тармағы) немесе егер мемлекеттік мекеме таратылатын болса, тиісгі уәкілетті мемлекеттік органның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Заңдытұлғалардың кейбір түрлерін тарату ерекшеліктері осы түрлер туралы нормативтік құқықтық актілерде көзделеді, мысалы, жинақ-таушы зейнетақы қорын тарату зейнетакымен қамсыздандыру туралы заңдардың ерешеліктерін ескере отырып жүзеге асырылады.
Заңды тұлғаларды ықтиярсыз тарату соттың шешімімен жүргізіледі.
АК-ньщ 49-бабының 2-тармағына сәйкес, соттың шешімі бойынша заңды тұлға;
банкрот болған;
заңды тұлғаны қүру кезінде заңдардың түзеіуге келмейтін сипатта бүзылуына жол берілуіне байланысты оны тіркеу жарамсыз деп танылған;
заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына кайшы келетін қызмет үнемі жүзеге асырылған;
тиісті рүқсат алынбаған (лицензиясыз) қызметті не заң құжаттарында тыйым саяынған қызметті жүзеге асырған не қызмеіін заңдарды бірнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүргізген жағдайларда;
заң құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда таратылуы мүмкін.
Сонымен, заңды тұлғаларды ықтиярсыз тарату негіздерінің тізбесі толық емес.
Уәкілетті орган, мысалы, монополияға қарсы комитет заңды тұлғаны ықтиярсыз тарату жөніндегі талаппен сотқа қайырыла алады, оған мұндай талап қою құқығын заң актілері берген, ал банкроттык, жағдайында несие иелері берген (АК-ның 49-бабының 3-тармағы).
Заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе заңды тұлғаны тарату туралы шешім қабылдаған орган бұл туралы заңды тұлғаларды тіркеуді жүзеге асыратын әділет органына дереу жазбаша түрде хабарлауға міндетті. Олар тарату комиссиясының мүшелерін бекітеді АК-ға сәйкес тарату тәртібі мен мерзімін белгілейді (АК-ның 50-бабының 1, 2-тармақтары).
Заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші немесе оны тарату туралы шешім қабылдаған орган тағайындайтын тарату комиссиясы заңды тұлғаның мүлкі мен істерін басқару жөнінде өкілеттік қабьылдайды, сотта таратылатын заңды тұлғаның атынан әрекет етеді.
ҚР Әділет министрлігінің ресми басылымдарында заңды тұлғаны тарату, оның несие берушілерінің талаптарын білдіру тәргібі мен мерзімі, несие берушілерді, сондай-ақ заңды тұлғаның борышқорларын анықтау және олардан берешекті алу шараларын қабылдау туралы материалдар жариялау тарату комиссиясының міндеттеріне жатады. Тарату комиссиясы осындай мақсатпен таратылатын кәсіпорынның борышқорларына талаптар қояды, ол орындалмайтын жағдайда — сотқа талап қояды. Несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру үшін ақша жетіспейтін жағдайда тарату комиссиясы таратылатын заңды тұлғаның мүлкін сатумен айналысады. Бұл ереже мекемелерге таралмайды. Мекемелер, мемлекеттік мекемелер өздерінің қолында бар ақшамен ғана жауап береді, ал олар жетіспейтін реттерде — міндеттемелер бойынша жауапкершілік Үкіметке немесе жергілікті атқару органына жүктеледі. Мемлекеттік мекемелер шарттық міндеттемелер бойынша заңдарға сәйкес мемлекеттік мекемені үстауға арналып бекітілген сметаның шегінде жауап береді (АК-ның 44-бабының 1-тармағы).
Талап қою өтініштерін беру мерзімі заңды тұлғаны тарату туралы мәлімет жарияланған сәттен бастап екі айдан кем болмауы тиіс. Бұл мерзім өткен соң тарату комиссиясы аралық тарату балансын жасайды, онда таратылатын заңды тұлға мүлкінің құрамы туралы мәліметтер, несие берушілер койған талаптардың тізбесі және оларды қараудың нәтижелері көрсетіледі. Аралық тарату балансын мүліктін меншік иесі немесе оны тарату жөнінде шешім қабыддаған орган бекітеді.
Заңды тұлға банкрот болатын жағдайда оны таратудың біраз өзгеше тәртібі қодданылады.
Банкроттық — борышкердің соттың шешімімен танылған, оны таратуға негіз болып табылатын дәрменсіздігі (АК-ның 52-бабы). Заңды тұлғалардың банкроттығын жүзеге асыру продесі 1997 ж. 27 қаңтардағы Банкроттық туралы заңда толық баяндалған. Алайда заңды тұлғалардың барлық түрлері бірдей банкрот процесіне үшыратуға жатпайды. Атап айтқанда, қазыналық кәсіпорындарға, мекемелерге, мемлекеттік мекемелерге банкроттық институты қолданылмайды, өйткені бұл заңды тұлғаларда несие берушілердің талаптарын қанағаттаңдыру үшін ақшасы жетіспейтін жағдайларда мүліктің меншік иесі ортақ жауапты болады.
Заңды түлта таратылған кезде оның несие берушілерінің талаптары, АК-ның 51-бабында көзделгеніндей, мынадай кезек бойынша қанағаттандырылады:
бірінші кезекте — таратылатын заңды тұлға өміріне немесе деңсаулығына залал келтіргені ушін жауапты болған азамапың талаптары тиісті мерзімді төлемдерді капиталға айналдыру жолымен қанағаттандырылады;
екінші кезекте - несие берушілердің қамтамасыз ету сомасы шегінде таратылатын банкроттың мүлкін кепілге салып, қамтамасыз етілген міндеттемелері жөніндегі талаптары қанағаттандырылады;
үшінші кезекте — еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдардың еңбегіне ақы төлеу және авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөніндегі есеп айырысу жүргізіледі;
төртінші кезекте — бюджетке және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлмдер жөніндегі берешек өтеледі;
бесінші кезекте- заң құжаттарына сәйкес басқа да несие берушілермен есеп айрылысады.
Әрбір кезектің талаптары алдыңғы кезектің талаптары толығымен орындалған соң қанағаттандырылады.
Заңды тұлғаның несие берушілердің талаптары қанағаттандырынғаннан кейін қалған мүлкі, егер заңдарда немесе заңды тұлғаның құжаттарында өзгеше көзделмесе, оның бұл мүлікке заттық құқықтары бар немесе заңды тұлға жөнінде міндеттемелік құқықтары бар меншік иесіне немесе құрылтайшыларына (қатысушыларына) беріледі (АК-ның 51-бабыың 5-тармағы). Мысалы қоғамдық бірлестіктерді, қоғамдық қорларды және діни бірлестіктерді тарату кезінде борыштарын төлеуден кейін қалған мүлік заңды тұлғаның мүшелеріне, қатысушыларына, құрылтайшыларына, ұйымдастырушыларына өтпестен, жарғыда көрсетілген мақсаттарға жүмсалады (АК-ның 36-бабының 4-тармағы, 126-бабының 7-тармағы, 107-бабының 8-тармағы).
Таратылған заңды тұлға мүлкінің жеткіліксіз болуына байланысты несие берушілердің қанағаттаңдырылмаған, сондай-ақ тарату балансын бекіткенге дейін мәлімделмеген талатттары өтелген деп есептеледі. Егер несие беруші сотқа жүгінбесе, несие берушілердің тарату комиссиясы мойындамаған талаптары да, сот шешімімен несие берушіге қанағаттандырудан бас тартылған талаптар да өтелген деп есептеледі (АК-ның 51-бабының 6-тармағы).
Заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба жасалғаннан кейін заңды тұлғаның таратылуы аяқталады, ал заңды тұлғаның өмір сүруі тоқтатылды деп есептеледі (АК-ның 50-бабының 10-тармағы).
3. Заңды тұлғалардың түрлері. АК нормаларына сәйкес заңды тұлғалардың түрлері мынадай негіздер бойынша жіктеледі:
заңды тұлғаларға немесе олардың мүлкіне қатысты құрылтайшылардың (қатысушылардың) құқықтары;
заңды тұлғалар қызметінің максаттары;
заңды тұлғаның мүлкі негізделетін меншік нысаны.
Заңды тұлғаның оқшау мүлкіне қатысты оның құрылтайшылары міндеттемелік немесе заттық құқықтарын сақтауы мүмкін.
ҚР АК-ның 36-бабына сәйкес, қатысушылар оларға қатысты міндеттемелік құқықтарын сақтайтын заңды тұлғаларға акционерлік қоғамдар, шаруашылық серіктестіктер және кооперативтер жатады.
Өздерінің құрылтайшылары олардың мүлкіне меншік құқығын немесе өзге де заттық құқығын сақтайтын заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар және оралымды басқару құқығындағы мүлкі бар қазыналық кәсіпорындар, оның ішінде еншілес кәсіпорындар, сондай-ақ құрылтайшы қаржыландыратын мекемелер және мемлекеттік мекемелер жатады.
Қоғамдық ұйымдар, діни ұйымдар, қайырымдылық және өзге де қорлар олардың құрылтайшы қатысушыларының ешқандай мүліктік құқықтары болмайтын заңды тұлғаларға жатады.
Қызмет ету мақсаттарына қарай заңды тұлғаларды жіктеу АК-ның 34-бабының негізінде коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар бойынша жүргізіледі.
Өз қызметінін негізгі мақсаты табыс келтіруді коздейтін заңды тұлға коммерциялық ұйымға жатады. Мұндай мақсатты көздемейтін және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін ұйым коммерциялық емес ұйым деп есептеледі.
Заңдарда көзделген жағдайларда коммерциялық ұйымдық-құқықтық нысаңдағы коммерциялық емес заңды тұлғаны қүруға рүқсат етіледі, мысалы, қор биржасы, зейнетақы қоры акционерлік қоғам турінде қүрылуы мүмкін. Сондықтан коммерциялық және коммерциялық емес ұйымды ажыратудың өлшемі заңда және құрылтай құжаттарында белғіленген "заңды тұлғаның қатысушылары (құрылтайшылары) арасында таза табысты бөлудің мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі" болуы тиіс. Егер заңның күшіне немесе құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлға алынған таза табысты қатысушылар арасында бөлуге (дивидендтер төлеуге) құқылы болса, онда оны коммерциялық ұйымға жатқызу қажет, өйтпеген жағдайда — бұл коммерциялық емес ұйым болады.
Бұл коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарды ажыратудың негізгі өлшемі. Сонымен бірге, коммерциялық емес заңды тұлғаларға ортақ нәрсе — олар, негізінен алғанда, коммерциялық емес сипаттағы басқару, әлеуметтік-мәдени немесе өзге де қызметтерді жүзеге асыру үшін құрылады (АК-ның 105,107,109-баптары). Сонымен қатар, заңдар кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, яғни коммерциялық емес ұйымдар үшін де пайда табуға рүқсат етеді (қараңыз, мысалы АК-ның 108-бабы). Осы себепті біз коммерциялық емес ұйымның мынадай анықтамасын ұсынамыз: коммерциялық емес ұйым дегеніміз — бұл өзінің қызметінен табыс алу мақсаттарын көздемейтін және алынған таза табысты өзінің қатысушылары арасында үлестірмейтін, басқару, әлеуметтік-мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы қыз-меттерді жүзеге асыру үшін құрылған заңды тұлға.
Коммерциялық ұйымдар акционерлік қоғам, шаруашылық серіктесгік, өңцірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылуы мүмкін.
Мекемелер, мемлекеттік мекемелер, қоғамдық қорлар, қоғамдық бірлестіктер, діни бірлестіктер, түтынушылар кооперативтері, қауымдастыктар (одақтар) нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестіктері заңды тұлғалардың коммерциялық емес түрлеріне жатады.
Кейде заңда заңды тұлғаның кейбір түрі үшін белгілі бір нысан көзделеді. Мәселен, заңның талаптарына сәйкес коммерциялық емес ұйым болып табынатын және мемлекеттік бюджеттің есебінен ғана үсталатын заңды тұлға тек мемлекеттік мекеме нысанында қүрылуы мүмкін (АК-ның 34-бабының 3-1-тармағы).
Заң қауымдастықтар және одақтар (АК-ның 110-бабы) нысанында коммеріщялық және коммерциялық емес ұйымдар бірлесгікгерін қүруға жол береді (АК-ның 120-бабы). Қауымдастық (одақ) коммерциялық емес ұйым болып табылады (АК-ның 120-бабының 3-тармағы) және коммерциялық заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметін үйлестіру мақсатында, сондай-ақ олардың ортақ мүліктік мүдделерін қорғау үшін қүрылады. Қауымдастықтың құрамына кірген заңды тұлғалар өздерінің дербестігін сақтайды.
Мынадай маңызды фактіні атап өткен жөн: заң шығарушылар коммерциялық заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық нысандарыньщ тізбесіне шектеу қойған. Соңдықтан ҚР Жоғарғы Кеңесінің "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (Жалпы бөлім) қолданысқа енгізу туралы" 1994 ж. 27 желтоқсаңдағы Қаулысы бойышпа Азаматтық кодекс (Жалпы бөлім) ресми түрде жарияланғанға дейін ұйымдық-құқықтық нысанда ұйымдастырылған, Азаматтық кодексте (Жалпы бөлім) көзделмеген заңды тұлғалар 1998 ж. 1 қаңгарғадейіғігіАзаматтық кодексте (Жалпы бөлім) көзделген ұйымдық-құқықтық нысанға өзгертілуі тиіс деп белгіленген.
Заңды тұлғаның мүлкі негізделетін меншік нысанына қарай заңды тұлғалар мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлгаларға бөлінеді.
Мүлкі үлестерге немесе акцияларға бөлінбеген және біртүтас мүлік ретінде толығымен мемлекет меншігіне жататын заңды тұлғаларды (кәсіпорындарды және мекемелерді) ғана мемлекеттік заңды тұлғалар деп түсіну керек (АК-ның 102-бабы).
"Мемлекеттік заңды тұлғалар мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актіперіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 ж. 16 желтоқсандағы заң АК-ға мемлекеттік мекеменің мынадай ұғымыненіізді: "Коммерциялық емес ұйым болынтабылатъш және мемлекеттік бюджеттің есебінеН ғана үсталатын заңды тұлға тек қана мемлекепік мекеме нысанында қүрылуы мүмкін" (АК-ның 34-бабының 3—1-тармағы).
Заңды тұлғаға мемлекеттік бюджеттен белгілі бір қаражат, ақша бөлінеді. Ақша дегеніміз - бұл мүлік түрлерінің бірі (АК-ның 115-бабы).
Сондықтан мемлекеттік заңды тұлғаны құрылтайшысы уәкілетті орган түріңцегі мемлекет болатын және мүлкі бірден-бір меншік иесі - мемлекетке жататын заңды тұлға ретінде анықтауға болады.
Заңды тұлғалардың келесі түрлері ретінде еншілес және тәуелді заңды тұлғаларды атауға болады.
Жарғылық капиталының (шығарылған жарғылық капиталының) басым бөлігін басқа заңды тұлға қалыптастырған не олардың арасында жасалған шартқа сәйкес (не өзгедей түрде) негізгі ұйым осы ұйымның кабылдайтын шешімдерін айқындай алатъш завды тұлға еншілес ұйым деп танылады (АК-ның 94-бабының 1-тармағы).
Басқа мемлекеттік кәсіпорын өзінің мүлкі есебінен құрған заңды тұлға еншілес мемлекеттік кәсіпорын болып табылады (Мемлекеттік кәсіпорын туралы жарлықтың 46-бабы).
Егер акционерлік қоғамның дауыс беруші акцияларының жиырма пайыздан астамы басқа (қатысушы, басымырақ) заңды тұлғаныкы болса, ол тәуелді заңды тұлға болып табылады (АК-ның 95-бабы).
Еншілес және тәуелді тұлғалар құқықтың дербес субъектілері болып саналады, азаматтық айналымда өз атынан әрекет етеді және өз міндеттемелері бойынша дербес жауапты болады, бірақ негізгі заңды тұлғалар арнайы құқықтық тетіктер арқылы еншілес және тәуелді заңды тұлғалардың олардың қызмет сипатына ықпал ететін шешімдер қабылдауына түрткі бола алады (АК-ның 94-95-баптарын, Мемлекеттік кәспорын туралы жарлықтың 46—49-баптарын қараңыз). Тәуелді және еншілес заңды тұлғалар ережелерінің ерекшеліктері шаруашылық серіктестіктер туралы заң құжаттарымен, Мемлекеттік кәсіпорын туралы заңмен және Бәсекені дамыту туралы және монополиялық қызметті шектеу туралы заңмен айқындалады.