МЕНШІК ЖӘНЕ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ

МЕНШІК ЖӘНЕ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ
Меншік – экономикалық санат ретінде.
2. Меншік құқығы ұғымы.
3. Меншік құқығының мазмұны.
4. Меншік құқығының формалары мен түрлері
Дәрістің мақсаты мен міндеті: Меншік құқығы туралы түсінік және оның мазмұнын ашу. Меншік иесінің құқықтары және мінездемесі. Иелену, пайдалану және билік ету құқықтары. Мүлікті ұстау ауыртпалығын анықтау.
Меншік нысаны. Жеке меншік және мемлекеттік меншік. Мемлекеттік меншік және жекешелендіру. Жеке меншік және оның түрлерін сипаттау.
Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
3. ҚР Азаматтық Кодексі. 2007.
4. Суханов ЕА. Лекции о праве собственности.-М.,1991.

1. Меншік - экономикалық санат ретінде. Меншіктің экономикалық санатын ұғынудың негізі тіптен ХІХ ғасырдағы ғылыми жұмыстарда кездеседі. Ондағы ой меншік қоғамда, тек мемлекет ұйымдастырған қоғамда ғана болады дегенге тіреледі. Меншік, бұл- зат та емес, мүлік те емес. «Бұл- белгілі бір экономикалық қатынас».
Меншік дегеніміз тарихи қалыптасқан, белгілі бір қоғамдық қатынас, ол адамдар арасында затқа байланысты туындайды. Меншік ұғымы әрқашанда ұйымдасқан адамдар қоғамына тән. Адамзаттың алғашқы даму кезеңінің соңына қарай меншіктің туындауы мемлекеттің пайда болуына және қоғамның ары қарай екпінді дамуына әкеп соқты. Меншік қатынасы қоғамдық құрылыстың әлеуметтік- экономикалық мәнін білдіреді. Сондықтан да меншік мәселесі қоғам өміріндегі негізгі мәселе болып табылады. Қоғамның қалай ұйымдасатындығы және адамдар тұрмысы оның қалай тұрғызылғанына байланысты. Меншік пен өндірістік қатынастардың негізгі формалары қоғамның құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік сияқты типтерін тарихи анықтап берді. Сонымен қатар, меншікке дейінгі кезеңді- алғашқы қоғамдық және ғылыми жобаланған, бірақ толық іске аспай қалған социалистік кезеңді бөліп алуға мүмкіндік берді.
Меншік қатынастарының өзгеруі- қоғамның негізгі қозғаушы күші және барлық әлеуметтік сілкіністердің себебі. Ал, меншік қатынастарының өзгеруі қоғамды прогреске де, регреске де әкелуі мүмкін. Өзгерістердің тиімділігін анықтау қиын емес, ол үшін тиісті кезеңдердегі мемлекет пен азаматтың экономикалық және әлеуметтік дамуының статистикалық мәліметтерін салыстырса жеткілікті.
«Меншік» термині әртүрлі мағынада пайдаланылады. Күнделікті өмірде меншік, көбіне, мүлікпен немесе құқықпен теңестіріледі. Бірінші жағдайда «мынау менің (оның) меншігім (меншігі)» деуге болады. Екінші жағдайда- «меншік иемдендім (бердім)» дейді. Құқық тұрғысынан алғанда мұның екеуі де дәл емес. Меншікті меншік құқығынан айыру қажет. Меншік- экономикалық, ал меншік құқығы- заңдық санат. Біз келтірген бұл ұғымдарда меншіктің заңдық мәнін азаматтар меншіктің экономикалық санаты арқылы дұрыс білдірмейді. Сонымен қатар меншік нысанмен (мысалы, орындықпен, машинамен) теңестірілуге тиіс емес. «Мына зат маған меншік құқығы бойынша тиесілі» немесе «Ол сатып алу- сату шарты бойынша пәтерге меншік құқығын иемденді». Экономикалық және құқықтық санаттарды шатастырмау керек. Сонымен бірге меншік құқығы меншіктің экономикалық қатынастарының сипаты әрі көрінісі екенін білу керек. Сондықтан да меншік құқығын зерттеу меншіктің экономикалық санатымен танысудан басталады.
Ресейдің заң әдебиеттерінде «меншік, адамдар арасындағы мемлекеттік қатынастардан гөрі (қатынастардың бұл аспектісі көбіне міндетті құқық нормаларымен реттеледі), адамның заттарға өзінікі, өз меншігі ретіндегі қатынасы болып табылады» деген пікір айтылған. Бұл қағида қате. Ешқандай құбылыс тек өзі арқылы түсіндірілмейді. Адам өзіне ұнаған басқаның мүлкіне өз меншігіндей қарағанмен, егер заңды титулы болмаса ол оның меншік иесі бола алмайды (яғни оны иемдене алмайды). Олай болған жағдайда қолына зат ұстағанның бәрі меншік иесі болар еді.
2. Меншік құқығы ұғымы. Меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және билік ету құқығы.
Меншіктің экономикалық қатынастарына қарағанда меншіктің құқықтық қатынастары адамның еркі бойынша қалыптасады, оған қатысушылардың санасынан және ырқынан пайда болады. Адамдар бұл қатынастарға құқықтар мен міндеттердің иесі ретінде кіреді, ол құқықпен реттеледі және қорғалады. Меншіктің құқықтық қатынастары меншіктің экономикалық қатынастарының мәнін сипаттағанмен, олар қондырманың кез келген құбылысы ретінде өзінше дербес болады.
Меншік қатынастарын реттеуді әртүрлі құқықтық тәсілдермен жүзеге асыруға болады. Соған байланысты, сондай-ақ проблеманы зерттеу тұрғысынан алғанда меншік құқығы ұғымы көп мағыналы. Оны түсінудің екі қырына тоқталайық. Құқықтық институт ретінде меншік құқығы құқық нормаларының жиынтығы болып табылады, ол материалдық игіліктің белгілі бір адамға тиесілік жағдайын бекітеді, реттейді және қорғайды. Бұл жерде әңгіме объективтік мәндегі меншік құқығы туралы болып отыр. Заңдық биліктің белгілі бір мөлшерін меншік иесіне бекітіп беру субъективтік мәндегі меншік құқығы туралы айтуға мүмкіндік береді. Меншік құқығы мүліктік, абсолюттік, заттық құқық болып заңға сәйкес белгіленеді, ол затқа тікелей ықпал ету мүмкіндігімен және иемдену, пайдалану және билік ету құқығының болуымен сипатталады. Қолдану және артықшылық құқығы меншік құқығына ілесе жүреді.
Меншік құқығы- негізгі заттық құқық. Заттық құқық құқықтың басқа да типтерімен тұрақты байланыста болады. Заттық құқық иесі, әдетте, міндеттемелік қатынастарға, оның ішінде өзінің меншік объектілерімен қатынасқа кіреді. Бұл жағдайда құқықтың екі түрі қатар жүреді, олар, негізінен, әртүрлі субъектілік байланыстармен анықталады. Мысалы, меншік иесі өзінің ғимаратын жалға берсе, онда оны жалдаушымен міндеттемелік қатынас байланыстырады. Ал, барлық қалған үшінші жаққа қатысты ол- тиісті қорғану тәсілі бар заттық құқық иесі. Сондықтан да әртүрлі құқықтарды немесе олардың бірлестігін аралас сипаттағы жаңа кешенді құқықпен араластыру жайында сөз болмауға тиіс. Біздің жағдайымызда әңгіме заттық және міндеттемелік құқықтан сапа жағынан өзгеше, жаңа құқық туындамайды, туындауы да мүмкін емес.
Меншік құқығының міндеттемелі нышандарының бірі- оны заңмен белгілеу қажеттігі. Бұл нышан меншік құқығының АК-ның 188-бабында келтірілген «заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын» элементтер бойынша байқалады.
Меншік құқығы мемлекет танитын шекте ғана болады. Бұл дегеніміз меншіктің абсолюттік құқығы заң құжаттарымен шектелуі мүмкін деген сөз. Бірқатар жағдайларда меншік құқығын шектеуде арнаулы сипат болады, ол меншіктегі мүліктің ерекше құқықтық режимімен байланысты. Мысалы, азаматтық құқықтың кейбір нысандары азаматтық айналымнан толықтай немесе ішінара алынып тасталуымүмкін, оны мұндай мүлікке (мысалы, жерге, орманға, радиоактивтік заттарға. т.б.) құқыты шектеу бар екендігімен түсіндіруге болады. Шетелдік құқықтық меншік құқығын мойындауы мүмкін. Бұл жағдайда халықаралық жеке құқық нормалары қолданылады, және қазақстандық заңнама юрисдикциясы шегінде меншік құқығы жоқ жағдайлар да болуы мүмкін. Меншік құқығын қорғаушылық нысаны оны азаматтық-құқықтық тәсілдермен қорғау мүмкіндігін білдіреді.
Меншік құқығы- неғұрлым толық құқық. Бұл меншік иесінен жоғары тек заң ырқы мен оның қоғамдық міндеттерінің ғана болатындығынан туындайды. Меншік иесі иемдену, пайдалану және билік ету өкілеттігін тек өз қалауы бойынша жүзеге асырады. Сондықтан меншік құқығы ең «күшті» заттық құқық. Сонымен қатар, меншік иесі шарт бойынша өзінің меншіктік өкілеттігін өзі шектей алады. АК-ның 188-бабының 3-тармағы «өз қалауы бойынша» әрекетке жуықтау анықтама береді. Мысалы, меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекет жасай алады, яғни ол мүлікті басқа адамның меншігіне береді, меншік иесі бола тұрып өзінің мүлікті иемдену, пайдалану және оған билік ету өкілеттігін береді, мүлікті кепілге береді және оған басқа тәсілдермен ауыртпалық түсіреді, оған басқадай түрде билік жасайды.
Меншік иесінің өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы басқа адамдар мен мемлекеттің құқықтары мен заң қорғайтын мүдделерін бұзбауы тиіс. Құқықтар мен заңды мүдделерді бұзу басқа формалармен қатар меншік иесінің өзінің монополиялық және өзге де басымдық жағдайын пайдаланып қиянат жасауынан көрінуі мүмкін (АК-ның 188-бабы 4-тармағының 1-бөлігі). Монополиялық жағдаймен қиянат жасау фактісін анықтауға мүмкіндік беретін критерийлер монополияға қарсы заңнама рыноктағы басымдық жағдайға бақылау жүргізетін органдарды және монополияға қарсы заңнаманы бұзушыларға қолданылатын санкцияларды анықтайды.
Сонымен, меншіккер құқығына заң пәс міндет артқан. Жоғарыда айтылғаннан басқа «меншік иесі өз құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға келтірілуі мүмкін зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға міндетті» (АК-ның 188-бабы 4-тармағының 2-бөлігі). Меншік иесінің қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін қолданатын шаралары табиғат қорғау заңнамасында анықталған. Онда, сондай-ақ табиғат қорғау заңнамасының бұзылғандық критерийлері, оның сақталуына бақылау жүргізетін органдар, табиғат қорғау заңнамасын қамтамасыз ететін басқа да құқықтық тетіктер көзделген.
ҚР Конституциясы 6-бабының 2-тармағына сәйкес «меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс». Келтірілген баптардың барлығын нақтылау заңнамада бекімін таппауы да мүмкін. Сондықтан, меншік иесі өз әрекеттерінде заңнамамен, құқықтармен және басқа адамдар мемлекеттің қорғалатын мүдделерімен, қоғам игілігіне қызмет етумен, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келтірмеумен шектелген деп қорытынды жасауға болады.
Жалпы алғанда шектеу қандай да бір шамада кез келген меншік құқығына ілесіп жүреді. Оны басқаша да айтуға болады: меншік құқығы өзі үшін белгіленген шектеулер шегінде ғана болады. Оларға байланыссыз-ақ меншік құқығы кейде өз шектерінің ішінде жатқан әртүрлі негідемелер бойынша шектеледі, ол негіздемелер не меншік құқығының кейбір субъектілерінің жеке басына немесе субъектінің жеке басынан тысқары жатқан мән-жайларға байланысты болуы мүмкін. Шектеу меншік құқығының құрамдық бөлігінің әрқайсысына- иемденуге, пайдалануға және билік жасауға қатысты болуы мүмкін, бұл ретте ол меншік құқығынығ құрамдық бөлігінің тек біреуіне ғана, немесе басқаларына да таралуы мүмкін.
Меншік құқығының өзін шектеуді меншік иесі жасай алатын әрекеттер ауқымын шектеуден ажырату керек. Атап айтқанда, меншік иесінің бірқатар әрекеттеріне тыйым өртке қарсы, санитарлық, ветеринарлық, эпидемиологиялық және басқа ережелерден туындайды. Мысалы, азық-түлік тауарларымен сауда жасайтын меншік иесі тиісті медициналық тексеруден өтуі тиіс, оның жұмыс орны арнайы осы үшін жабдықталған аумақта орналасады және т.б.
Заң құжаттарында көзделген реттерде, жағдайлар мен шектерде меншік иесіөз мүлкін басқа адамдардың шектеулі пайдалануына жол беруге тиіс (АК-ның 188-бабының 6-тармағы). Меншік иесінің мүлкін үшінші адамдардың мұндай пайдалануын сервитут деп атайды.
Тар мағынадағы мүлік- заттар, қолма-қол ақша және құжатталған бағалы қағаздар меншік құқығының нысаны болып табылады. Бұлар- бұйым түріндегі сезілетін заттар. Тиісінше, электрондық ақша қаражаты, құжатталынбаған бағалы қағаздар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, шығармашылық интеллекетуалдық қызметтің нысандалған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауар белгілері және бұйымдарды жекелеудің басқа құралдары, мүліктік құқық және бірқатар басқа мүлік меншік нысаны болып табылмайды және олар АК-ның «Меншік құқығы және басқа заттық құқық» бөлімінің 2-тарауының баптарында көрсетілмейді.
Қазақстандық тұжырымдамаға сәйкес меншік құқығы мерзімсіз болып саналады (АК-ның 188-бабының 5-тармағы). Мерзімсіздік принципі меншік құқығының оның уақытша туындай алмайтындығын, яғни уақытша меншік иесі болмайтындығын білдіреді.
Егер заң құжаттарында немесе шарттарда басқадай көзделмеген болса меншік иесі өзіне тиесілі мүлікті ұстаудың ауыртпалығын көтереді және ол біржақты тәртіпте ондай ауыртпалықты үшінші жаққа жүктей алмайды (АК-ның 189-бабының 1-тармағы). Мүлікті ұстап тұрудың ауыртпалығы дегеніміз меншік иесінің мүлікті заңнамада талап етілген параметрлер бойынша тиісті күйде сақтап тұру міндетті. Мысалы, үйдің меншік иесіне салықтарды төлеу, күрделі және жеңіл жөндеу жүргізу, сақтандыру, тіркеу, күзету, үшінші жақтың құқықтарын сақтаумен байланысты мүлік бойынша шығындары және басқалар жөніндегі міндеттер жүктелген. Мүлікті ұстау ауыртпашылығы үшінші жаққа тек шарт бойынша ғана берілуі мүмкін.
Егер мүлік үшінші жақта заңды түрде болса, онда оның бөтеннің мүлкін ұстауға шығарған шығындарын, егер шартта басқадай көзделмесе, меншік иесі көтереді (АК-ның 189-бабы 2-тармағының 1-бөлігі). Мүліктің үшінші жақта заңды түрде болуы азаматтық-құққтық шарт (мысалы, жалдау шарты, қайтарымсыз пайдалану шарты, т.б.), олжа, қамқоршылық немесе мүлікті сенімгерлік басқару нәтижесінде орын алуы мүмкін. Шығындарды өтеу негіздері немесе олардың мөлшері мен формасы жайында меншік иесі мен үшінші жақ арасында келіспеушілік болса дау сот тәртібінде шешіледі. Затты заңсыз және қараужолмен иемденген адамға мүлікті ұстауға қатысты шығындар өтелмейді (АК-ның 189, 263-баптары).
3. Меншік құқығының мазмұны. Меншік иесіне өз мүлкіне иемдену, пайдалану және оған билік ету құқығы берілген (АК-ның 188-бабы 2-тармағының 1-бөлігі). Бұл құқықтар меншік құқығының мазмұнын анықтайды. Алғаш рет аталып отырған триада жеке құқығының орта ғасырлық коментаторларының еңбектерінде пайдаланылған, ал рим жеке құқығының өзі меншік иесі өкілеттіктерінің толық тізбесін білмеген. Ресей заңнамасында ол алғаш 1832 жылы пайда болды.
Иемдену құқығы мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заңмен қамтамасыз ету мүмкіндігін білдіреді. (АК-ның 188-бабы 2-тармағының 2-бөлігі). Дағдылы түсінікте бұл өкілеттікке «ұстау» ұғымы басқалардан гөрі сәйкестеу келеді. Бұған қарағанда, дау туған жағдайда мүлік ұстаушы басқадай белгіленгенге дейін титулдық (заңды) меншіккер болып табылады. Бірақ, мынаны білу керек: меншік құқығы иемденумен де, тіптен сол кеездегі иелікпен де қатты байланысты емес. Сонымен қатар, бүгінгі күнге дейін заң шығарушы иемдену құқығының құқықтық мәндік нышандарын таба алмады. Сондықтан, іс жүзінде «алып тастау принципіне» сүйенуге тура келеді- пайдалану және билік ету құқықтары қаитымайтындар иемдену құқығы болып табылады. Сонымен қатар иемденуде маңыздылық бар, сондықтан да ол қалған басқа құқықтардан (әсіресе міндеттемелік құқықтан) өзгеше. Басқа заттық құқықтықтарда иемдену өкілеттігі жалпы ереже бойынша да болмауы да мүмкін, ал меншік құқығында бұл, әдетте, міндетті элемент.
ҚР АК-сына қарағанда Ресей АК-сында иемденуге анықтама берілмеген. Сондықтан да Ресей Федерациясында иемдену құқығын түсінуде бірпікірлік жоқ. Мысалы, Ю.К.Толстой былай дейді: «иемденуге құқық беру- меншік иесінің мүлікке шаруашылық үстемдігін заңмен қамтамасыз ету. Әңгіме бұл жерде затқа шаруашылық үстемдік ету жайында, ол меншік иесінің затпен тікелей жанасуын қажет етпейді. Мысалы, ұзақ іссапарға кетсе де меншік иесі өзінің пәтеріндегі заттардың иесі болып қалады». Бұл Герман Азаматтық заңдар жинағының ұстанымына сәйкес келеді. 854-баптың 1-тармағында сәйкес затқа үстемдіктің арқасында затты иемдену шындыққа айналады. Бірақ бұл ұстаным «үстемдік» терминін ашып бермейді.
Құқықтың континентальдық жүйесінің басқа елдерінің заңнамасы арқылы бұл проблемаға көз жүгіртсек, мүмкін қазақстандық заңнамада иелік етудің меншіктік өкілеттігі түсініктілеу болар. Мысалы, құқықтың роман-герман жүйесінің әртүрлі елдерінде иемденуді, шартты түрде «өзінікі» және «өзінік емес» деп бөледі. Францияда, мысалы, иемдену (possession) (detention precare) болып бөлінеді. Иемденуді «өзі үшін және меншік иесі ретінде» иемдену деп, ал уақытша ұстауды- «басқа үшін иемдену» деп түсінеді. Германияда дербес және дербес емес (тікелей және тікелей емес) иемдену болып бөлінеді. Қалай десек те, өнеркәсібі дамыған батыс елдерінде иемдену институты мүлікке титул белгілеу және мүлікті титулы жоқ адамдардың озбырлығынан қорғау құралын қамтамасыз ету функциясын орындайды.
Сонымен қатар, құқықтың ағылшын-американ жүйесінде иемденуге құқық институты бар (the right to possess). Иемденуге құқық меншік иесіне («иемденуге құқықғы бар» адамға) тиесілі заттың қандай да бір негіздер бойынша басқа адамның иелігінде болу жағдайын білдіреді. Иемденудің бұл формасы тәуелді ұстау (bailment) институтымен байланысты, ол құқықтық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Жылжитын мүліктің меншік иесі бір адам болады («затты басқаға берген»- bailor), ал мүлікті иемдену құқығын басқа адам иеленеді («тәуелді ұстаушы»- bailee), оған бұл мүлікті меншік иесі белгілі бір мақсат үшін береді. Сонымен, иемденуді түсінуге және оны меншік құқықтары жүйесінде іске асыруға көптеген жол бар деп айтуға болады.
Иемдену құқығы дегеніміз мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда түсірудің заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Пайда табыс, өнім, төл өндіру түрінде және басқа формада болуы мүмкін (АК-ның 188-бабы 2-тармағының 3-бөлігі). Мысалға велосипедті алайық. Егер меншік иесі оған мініп жүрсе, онда ол оның пайдалы табиғи қасиеттерін пайдаланады. Бірінші постулат, әрине, ешкімде күдік тудырмайды. Ал енді құқық тұрғысынан алғанда күрделі әрекетті қарастырайық- меншік иесі велосипедпен шеге қағады. Бұл онша қолайлы емес шығар, бірақ одан меншік иесі пайда алады. Жоғарыда берілген анықтамаға сәйкес бұл пайдалану құқығын жүзеге асыру деп бағаланады. Ал, егер меншік иесі велосипедті сырласа немесе бір бөлмеден бір бөлмеге апарып қойса ше? Біздің ойымызша бұл әрекеттер иемдену құқығын жүзеге асыруға жатады. Яғни, заттың пайдалы табиғи қасиеттерін пайдалану, оған билік жасау болып табылмайтын және тікелей пайда әкелмейтін әрекет иемдену құқығы аясына жатқызылады. Маңызды мәселенің бірі- меншік құқығында пайдалану құқығы иемдену құқығынсыз бола ала ма? Біздің ойымызша – бола алмайды. Және де, бұл сұрақтың жауабы иемдену деп нені ұғынатынымызға да байланысты. Жалпы ереже бойынша біз баяндаған тұжырымдамада пайдалану құқығы нақты қолда ұстауды қарастырады. Яғни, мысалы машина уақытын жалға беру, шарт бойынша оны пайдалану кезінде компьютерді иемдену құқықығынығ пайда болуын білдіреді.
Билік ету құқығы дегеніміз мүліктің заң жүзінде тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі. (АК-ның 188-бабы 2-тармағының 4-бөлігі). Мүліктің заңдық тағдыры көбіне мәмілемен белгіленеді. Сонымен қатар мүлікке басқадай заңдық факторлар арқылы билік ету дағдылы жағдайға айналған. АК-ның 188-бабының 3-тармағына сәйкес меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз құқығын тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы.
Меншік иесі өз мүлкіне толықтай билік етуге құқылы. Басқа құқықтар меншік құқығына туындайды, оған тәуелді және көлемі жағынан бастапқы құқықтан кең болуы мүмкін емес. Егер заңнама талаптары, сондай-ақ басқа адамдардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделері бұзылмайтын болса меншік иесі өз мүлкін тіптен жойып жіберуге құқылы.
Меншік құқығы оның нысанының ерекшелігіне қарай тоқтауы мүмкін, мысалы, пайдалану және билік ету өкілеттіктері біріккенде. Әдетте бұл тұтыну заттарын тұтынғанда болады, мысалы тағамды жеп қою. Бұл ретте пайдалану құқығын жүзеге асыру процесі билік ету өкілеттігін іске асыруға, соның нәтижесінде меншік құқығының тоқтауына әкеп соғады. Ю.К.Толстойдың пікірі басқаша. Оның ойынша, «егер меншік құқығы затты бір рет пайдаланғаннан кейін тоқтаса да (мысалы, алманы жеу немесе отынды пешке жағу), бәрі бір меншік иесінің мақсаты өзінің меншікке деген құқығын тоқтату емес, қайта заттың пайдалы қасиеттерін алу болып табылады. Сондықтан да бұл көрсетілген жағдайда затқа билік ету емес, оны пайдалану құқығының ғана жүзеге асуы орын алып отыр». Бұл пікір Ресейлік заңнамада билік ету құқығын затқа қатысты заң актілерін жасау жолымен сол заттардың тағдырын анықтаудағы заңдық мүмкіндік деп ұғынумен байланысты. Қазақстан заңнамасы өз тарапынан «заңдық тағдырды анықтау мүмкіндігі», яғни топтастыру міндетті емес кез келген әрекеттерді жасау ұғымын мәміле ретінде түсіндіреді. Алғашында бір түрлі көрінгенмен, заттай құқықтың иесі болып табылатын меншік иесінің әрекетін топтастыруға оның өзінің ниеті ықпал етеді. Мысалы, меншік иесіне зат керек емес, ол оны лақтырып тастады. Меншік иесі өзінің билік ету құқығын жүзеге асырды. Оған меншік құқығы тек шартты түрде тоқтады. De jure меншік құқығы тоқтайды, егер оған деген меншік құқығы АК-ның «Олжа» деп аталатын 245-бабына сәйкес оны тауып алған адамда туындаса. Бұл жағдайды ары қарай дамытып көрейік. Егер меншік иесі ертесіне өз ойын өзгертіп, тастаған затын қайта алғысы келсе, онда оның затты лақтырып тастаған әрекеті иемдену құқығын жүзеге асырғандықболып саналады. Меншік иесі бірден иемдену, пайдалану және билік ету құқықтарынан заңды негізде айырылатын жағдайлар да болады (мысалы, мүлікке тиым салғанда немесе меншік иесі шарт бойынша барлық үш құқық өкілеттігін де басқаға бергенде). Мұндай жағдайда да меншік иесі меншік құқығын жоғалтпайды. Бұл дегеніміз- МК-ның 188-бабында аталған үш заттық құқық өкілеттіктерінен басқа меншік иесінде титулдық құқық болады деген сөз, одан тек өз еркімен меншік меншік құқығын шарт бойынша жоғалтқан жағдайда ғана не меншік құқығын АК-да көзделген негіздер бойынша мәжбүрлеп тоқтатуға байланысты алған жағдайда ғана айыруға болады.
Батыс елдеріндегі ғылымиой құқық өкілеттіктерінің бұл ауқымын біршама кеңейтуді көздейді. Мұндай, негізгі өкілеттіктердің үш-төртеуімен емес, он бір «лементін» қамтитын, «толық» меншік құқығының әрбір элементінде осы құқық нысандарының міндетін нақты анықтауға байланысты көптеген нұсқалар болуы мүмкін.
Нақты бар меншік құқықтары туралы айтуға болатындай бір де бір элемент соншалықты қажет болып табылмайды. Бір объектіге мұндай құқықтар бір уақытта бірнеше адамға берілуі мүмкін. Ол құқықтардың әрқайсысы аталған элементтердің біреуін немесе бірнешеуін қамтуы міндетті емес.
Классикалық триада көбіне басқару мен бақылаудың жаңа құқық өкілеттіктерімен толықтырылады. Бұл көптеген зерттеушілердің басқаруды меншіктен бөлудің объективтік экономикалық процестерін тіркеуі фактісінен туындайды. Бірақ мұндай ұстаным дүние жүзінде еш жерде қолдау таппады. Бұл дұрыс, себебі кез келген жасанды жаңа құқық өкілеттігі, не құқықтық кеңістіктен басқаға (әдетте, экономикалық немесе басқарушылыққа) өтуді, не сол бар өкілеттікке басқадай тұрғыдан қарауды білдіреді.
Сонымен қатар айта кететін бір жай- меншік иесінің батыс елдеріндегі арнайы әдебиеттерде пайдаланылатын ауқымды өкілеттіктері заң жүзінде бекімін таппаған. Бірақ, «иемдену», «пайдалану», «билік ету» және «бақылау» терминдері жекелеген құқықтық нормаларда кездеседі. Сондай-ақ, меншік құқығы ұғымы социалистік бағдар алған бұрынғы елдерден тысқары жерлерде- Батыс Еуропа елдерінде және олардың құқықтық жүйесін қабылдаған елдерде ғана заң жүзінде толық ашылған. Ал, олардың диапазоны меншік иесінің бостандық дәрежесіне қарай анықталады. Ең консервативтік ұстаным Франйияның АК-де баяндалған, онда меншікке «заттарды заңдарда, регламенттерде тиым салынбағандай дәрежеде, мүмкіндігінше толық пайдалану және оларға билік жасау құқығы» деп анықтама берген (244-бап). Дегенмен, дамыған елдердің соңғы ғасырдағы жалпы үрдісі меншік иесінің құқықтарын басқа азаматтар мен мемлекеттің мүдделері арқылы біртіндеп шектеуге бағытталған. Сондықтан, жеке меншікке мемлекеттің басып кіруі дағдыға айналады. Бұл тұрғыда қазақстандық заңнама жеке меншікті қорғауда және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдай тудыруда қатаңырақ позиция ұстауда. Көп жағдайларда меншік иесі емес мүлікке қатысты иемдену, пайдалану және билік ету құқықтарын меншік иесімен қатар жүзеге асырады. Мысал ретінде шаруашылық жүргізу құқығы мен оперативтік басқару құқығын келтіруге болады. Бұдан мынадай қорытынды жасалады: бір құқық өкілеттігін екі субъект бірдей пайдалануы немесе меншіктік өкілеттік меншік иесі мен заттық құқықтың өзге субъектісі арасында бөлінуі мүмкін. Мұндай жағдайдан шығудың жолы меншік құқықығын ерекше заттық құқық деп санау керектігінде, ол барлық үш өкілеттік болмағанда да көрініс табуы тиіс. Бұл, әрине, шартты схема, себебі заңнама барлық жағдайларда да, жұмыстың қалыпты режимінде меншік иесіне тым болмағанда бір өкілеттік немесе оның бір бөлігін қалдырады. Бірақ заң құжаттарында немесе меншік иесінің қалауымен барлық үш өкілеттікті, меншік иесінің титулын сақтай отырып, заттық құқықтың басқа иесіне беру көзделуі мүмкін. Қазіргі ең көп таралған жағдай- шаруашылық жүргізу құқығы үшін мемлекеттік кәсіпорынның мүлкіне билік ету құқығын мемлекет пен кәсіпорын арасында бөлуді айтса да жеткілікті. Пайдалану құқығы кәсіпорынға тиесілі, ал иемдену құқығы- заттық құқықтың қай тұжырымдамасын негізге алғанымызға қарай мемлекетке немесе кәсіпорынға тесілі.
4. Меншік құқығының формалары мен түрлері. ҚР Конституциясының 6-бабының 1-тармағына сәйкес «ҚР-да мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады». Бұл меншіктің формалары. Әртүрлі әлеуметтік мақсат пен құқықтық режим оларды бөліп алуға негіздеме болады. Меншікті екі формаға бөлу Конституциясында олардың меншік құқығының субъектісі ретінде мемлекетке қатынасының нышандары бойынша жүргізіледі. Жеке меншікке жататындықты заң өте оңай анықтайды- мемлекетке тиесілі еместің барлығы солар. Яғни барлық мемлекеттік емес меншіктер жеке меншік болып табылады. Ресей Федерациясында меншік формаларының тізбесі жабылған жоқ. Жеке және мемлекеттіктен басқа оларда муниципалдық және басқа формалар бар. Меншік формаларына меншік құқығы формалары сәйкес келеді. Өз кезегінде формалар да түрлерге бөлінеді. Форма меншіктің арналған мақсаты мен әлеуметтік бағыттылығына қарай оның сапалық ерекшелігін бейнелейді, ал түр- меншік формалары ішіндегі субъективтік айырмашылық. Кез келген азамат немесе заңды тұлға, сондай-ақ мемлекет меншік құқығының субъектісі бола алады. Азаматтың әрекет қабілеттігі шектулі болған немесе тіптен, ол болмаған жағдайда оның мүддесін заң немесе шарт бойынша өкіл қорғайды. Мемлекеттің меншік құқығының субъектісі ретіндегі ерекшелігі сол- оның құқығы уәкілетті мемлекетті органдар немесе мемлекеттік заңды тұрғалар арқылы, ал, заң құжаттарында көзделген жағдайларда- мемлекеттік емес заңды тұлғалар және азаматтар арқылы жүзеге асырылады.
Конституцияға бағдар алып АК меншік формасы ретінде жеке (191-бап)және мемлекеттік (192-бап) меншікті бөліп қарастырады. Сонымен қатар қазақстандық заң шығарушы, ресейлікке қарағанда, топтастыру кезінде «форма» терминін пайдаланбады. Оған саналы түрде барды, себебі «форма» және «түр» ұғымдары өз мәндері жағынан көп мағыналы және меншік құқығына қатысты қолдануға онша келмейді. Бұл ұстаным дұрыс та шығар. Дегенмен, бұл мәселеге қатысты екі көзқарасты атап өткен жөн. Біріншісі бойынша меншік құқығы біртұтас және біртекті. Ол нарықтық экономиканың жалпы ережесіне бағындырылған. Бірақ мемлекеттік меншік құқығын бұған жатқызуға болмайды, ол мемлекеттік функциясын қолдау және жеке меншік құқығының қалыпты жұмысын қамтамасыз етуде шектеулі ауқымда болады. Яғни, жеке меншік түрлік емес, меншік ұғымына келетін тектік ұғым.
Екінші көзқараста меншік құқығы тектік ұғым, ал жеке және мемлекеттік меншік құқығы- түрлік ұғым. Мүліктің жеке және мемлекеттікменшік үшін заңнамада белгіленген әртүрлі құқықтық режимі оған негіздеме болады. Бұл мемлекет функциясының айрықша сипатынан туындайды және субъектінің ерекшелігіне байланысты.
Заңды тұлғалар қатысатын қатынастардағы сияқты мемлекет өкілдері қатысатын қатынастарда абстрактылы субъектілердің- ҚР-сының немесе әкімшілік-аумақтық бөліністердің бар екендігі ескеріледі. Олардың атынан азаматтық айналымда құқық берілген тұлғалар- заңды немесе жеке тұлғалар қатысады. Әдетте заңды тұлғалар мекеме мәртебесі берілген мемлекеттік органдар болады. Бұл жағдайларда да мұндай мемлекеттік мекеменің қашан өз атынан, қашан мемлдекет немесе әкімшілік- аумақтық бөлініс атынан мүдде қорғайтынын білген дұрыс. Қай жағдайда болса да мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністің мемлекеттік заңды тұлға балансында бекітілмеген мемлекеттік мүлікке тікелей тікелей билік жасайтынын білу керек. Басқа жағынан алғанда, мемлекеттік меншікке құқығын мемлекеттік заңды тұлғалар (кәсіпорындар мен мекемелер) өздерінің шаруашылық жүргізуіндегі немесе роалымды басқаруындағы мүлікке қатысты жүзеге асырады.
АК-ның 191-бабында жеке меншіктің екі түрі белгіленген, олар- азаматтар меншігі және мемлекетті емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі. Өз кезегінде АК-ның 192-бабы мемлекеттік меншіктің екі түрін белгілейді, олар-республикалық және коммуналдық меншіктер. ҚР-ға қарағанда Ресей Федерациясында муниципалдық (коммуналдық) меншік мемлекеттік болып табылмайды, сондықтан ол оның құрамына кірмейді.
Мынадай сұрақ туындауы мүмкін: шетел азаматтары мен заңды тұлғаларының меншік құқығын қалай топтастыруға болады? Жалпы ереже бойынша мүлікке деген меншік құқығы осы мүлік тұрған елдің құқығы бойынша анықталады. Сондықтан да, ҚР-ның аумағында шетел азаматтары үшін ҚР-ның азаматтары мен заңды тұлғаларының меншікқұқығы туралы заңнама қолданылады.
Меншіктің кейбір объектілері меншіктің белгілі бір формалары мен түрлеріне ғана тән. Жер және оның қойнауы, су, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар меншіктің ерекше объектісі болып табылады. ҚР Конституциясының 6-бабының 3-тармағына сәйкес олар мемлекет меншігінде болады. Бірақ жер заңда белгіленген негіздерде, жағдайларда және шекте жеке меншікте де болуы мүмкін. Жерге қарағанда қойнаудың жеке меншікте болуы мүмкін емес, себебі жоғарыға шығарылған жыныс қойнау болудан қалады, яғни ол жеке меншік объектісі бола алады. Басқа объектілердің тиесілілігін анықтағанда әңгіме жалпы су, өсімдік және жануарлар әлемі жайында екенін ескеру қажет. Олар тек мемлекет меншігінде ғана болады. Ал, нақты бір ағашты немесе жануарды бөліп алсақ, олар ҚР-ныңзаңнамасына сәйкес жеке меншік объектісі бола алады.
Жеке және мемлекеттік меншіктің сандық арақатынасы бастапқы кеде мемлекеттік меншікті жекешелендіру қарқынымен анықталады. Бұл процесс ТМД-ның басқа елдеріне қарағанда Қазақстанда белсенді жүргізілді, ондағы мақсат мемлекеттік меншікті ең төменгі қажетті деңгейге жеткізу еді. Қазір бұл арақатынас мемлекеттік мүдделер бойынша анықталуда.
Талқылау сұрақтары:
1.Меншік – экономикалық санат ретінде.
2.Меншік құқығы ұғымы.
3.Меншік құқығының мазмұны.
4.Меншік құқығының формалары мен түрлері

БАСҚА ДА ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАР
1.Заттық құқықтар ұғымы және олардың түрлері
2. Заттық құқықтар түрлері
Дәрістің мақсаты мен міндеті: заттық құқықтың ұғымына сипаттама беру. Шаруашылық жүргізу құқығы және оның ерекшеліктері. Шаруашылық жүргізу құқығына ие болу және оны тоқтату. Меншік иесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы мүлікке құқықтары. Жедел басқару құқығы және оның мазмұны. Жедел басқаруға берілген мүлікті меншіктенушінің құқығы. Жедел басқару құқығының шаруашылық жүргізу құқығынан айырмашылығы. Жер учаскелеріне заттық құқықтар.
Әдебиеттер мен нормтаивтік актілер:
7. ҚР Азаматтық Кодексі, 2007.
8. «Мемлекеттік кәсіпорын» туралы ҚР Заңы
9. Беспалова А.И. Право оперативного управления. А.,1969.
10. Венедиктов А.В. Государственная социалистическая собственность,-М-Л,1948.
11. Сулейменов М.К. Коментарий к закону Республики Казахстан «О собственности», 1993.-1.
12. Жанайдаров И.У. Проблемы реализации права государственной собственности. А.,1994.
1. Заттық құқықтар ұғымы және олардың түрлері
Осы заманғы заң әдебиеттерінде "заттық құқықтар" ұғымы жиі қолданылатын, бірақ жеткілікті талданбаған ұғым болыл табылады. Заттық құқықтар кезінде рим құқығыңда да егжей-тегжейлі қарастырылғанына қарамастан, осы уақытқа дейін орнығып қалыптаспаған және барлық құқықтық жүйелер тани қоймаған ұғым. Заттық құқықтың көптеген қырлары постулат ретінде үсынылып, төориялық түрғыдан тиісінше дәлелденбеген.
Алайда кеңестік заң әдебиеттерінде ең қолайсыз жағдайлар қальпттасгы. Мүның себебі, заттық құқықтардың барлығы кеңес өкімегі жыддарында азаматіық құқықтан біртіңдеп ығыстырылып шығарылды да, онда меншік құқығы ғана қадды. Сондықтан заттық құқықтар туралы бөлім азаматтық заңдардан шығарып тасталды, ал көптеген заңгерлер табиғатта заттық құқықтар деген жоқ, мысалы, кепіл заттық құқыққа жатпайды, абсолюттік құқық ретінде меншік құқығы ғана бар деп дәлелдей бастады.
Қазіргі уақьпта жағдай өзгерді. АК-ның II бөлімі "Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар" деп аталады, АК-ға меншік иелері болып тәбыпмашын адамдардың заттық құқықтарына арналған арнайы бап (195-бап) енгізілген, заттық құқықтардың жекелеген түрлері реттелуде.
Алайда заң әдебиеттеріңде заттық құқықтар ұғымы мен олардың белгілері анық шешілмеген. Оның үстіне, заңгерлер осы уақытқа дейін заттық құқықтар санаттарын боліп көрсету қажеттігіне күмән келтіреді. Сондықтан заттық құқықтар ұғымына және олардың белгілеріне толығырақ тоқталамыз.
Заттық құқықтар ұғымы зат, мүлік, құқықтық қатынастар объектісі, мүліктік құқықтық қатынастар және басқа осы секілді үғындармен ажырамастай байланысты; бұл окулықта олардың бәрі толық талданады. Сондықтан тек мыналарды атап өтеміз: запық құқықтар мүліктік құқықтардың бір түрі болып табылады, зат мүліктің бір түрі ретінде заттық құқықтың объектісі болып табылады, заттар мен мүлікгік игіліктер құқықтық қатынастар объектісі ұғымының негізі болады.
Осындай бастапқы ұғымдарға сүйене отырып, заттық құкықтардың мынадай негізгі белгілерін аныктауға болады:
Мүліктік емес өзіндік құқықтардан өзгеше, заттық құқықтар мүліктік құқықтар болып табылады. Бұл заттық құқықтарды міндеттемелік құқықтармен біріктіреді;
"Тәнсіз мүлікпен" байланысты міндеттемелік құқықтар мен интеллектуалдық меншік құқықтарынан өзгеше, заттық қүқыктар белгілі бір айтарлықтай дара заттарға қатысты пайда болады. Сонымен бірге, заттарға қатысты міддеттемелік құқықтар да туындайтынын үмьпуға болмайды. Тектік белгілерімен анықталатын заттарға қатысты заттық қатынастар туындай алмайды, тек міндетемелік құқық пайда болады.
"Абсолюттік құқық объектісі қашан да дара анықталған болады. Атап айтқанда, мүның заттық құқықтарға, оның ішінде, меншік құқығына қатысы бар. Егер затты дараландыру мүмкін болмаса, онда осыған байланысты заттық құқықтық қатынас емес, тек мшдеттемелік құқықтық қатынас туады;
3. Заттық құқықтар абсолюттік құқықтар болып табылады, бұл оларды интеллектуалдық меншік құқықтарымен біріктіреді және міндеттемелік құқықтардан ерекшелендіреді. Заттық құқықтардың иесіне баршаның және әркімнің осы құқықтарды жүзеге асыруға кедергі
келтірмеу міндеті қарсы түрады.
Біздің пікірімізше, заттық салыстырмалы қатынастар болады (ортақ меншік қатысушылары арасында, мемлекет пен шаруашылық жүргізу құқығында мүлікті иеленетін кәсіпорын арасында және т.с.с). Алайда мұндай қатынастар тобы көп емес, анық көрсетілген және заттық құқықтардың басым көпшілігінің сипатына әсер етпейді. Оның заттық құқықтық қатынастарғаіқатысушылардын "сыртқы" емес, "ішкі" қатынастарына қатысы бар;
4. Бұл белгіден келесі белгі - заттық қүкықтарды корғаудың абсолюттік сипаты, яғни заттык құқыққа кол сүғатындардан қорғау құқығы келіп шығады. Заттық құқықтарды ерекше заттық-құқықтық талаптардың көмегімен арнаулы қорғау құралдарының болуы осыған байланысты;
5. Заттық құқықтарды заңнын белгілеуін олардың белгісі деп есептеуге болады. Заңда көзделмеген жағдайларда да пайда болатын (АК-ның 380-бабы) міндеттемелік құқықтардан өзгеше, заттық құқықтар заңда бекітілуі тиіс (АК-ның 195-бабының 1-тармағы).
Бұл ретте нақтынай түсетін екі жағдай бар. Біріншіден, олардың заңмен бекітілуі бұл құқықтар заңда заттық құқықтар деп аталуы тиіс дегенді білдірмейді. Олардың мүліктік құқықтар санатына жатқызылуы және заң актілеріңде көзделуі де жеткілікті. Олар заттық құқықтардың белгілері болғанда заттық қүкықтардың санатына жатқызылады. Мысалы, кепіл немесе сервитут заңда заттық құқықтар деп аталмаған. Кепіл АК-ның "Міндеттемелік құқық" бөліміне орналасқан, бірақ бұл оны заттық құқық деп тануға кедергі келтірмейді. Мұндайжағдай мынаған байланысты: кейбір құқықтар қатынастардың бір түрінде заттық құқық ретінде (кепіл үстаушының барлық басқа адамдармен қатынастарындағы кепіл құқығы), келесі түрінде — міндеттемелік құқық ретінде (кепіл үстаушы мен кепіл берушінің қатынастарындағы кепіл құқығы) қолданылады.
Екіншіден, заңда практикада кездесуі мүмкін деп саналатын заттық құқықтардың түрлеріне сілтеме ғана баянды етіледі. Нақты заттық құқықтар, әрине, нақты заңдық фактілердің негізінде пайда болады;
Ілесе жүру құқығы. Заттық құқық заттың соңынан ілесе жүреді. Мүлікке меншік құқығының басқа адамға өтуі мулікке басқа заттық құқықтардың тоқтатылуына негіз бола алмайды. Бұл ереже РФ Азаматтык кодексінде тікелей бекітілген (216-баптың 3-тармағы). ҚР Азаматтық кодексінде мұндай жалпы норма жоқ. Мұнда жекелеген заттық қүкықтарға қатысты нормалар баянды етілген: кепілге салынған мүлікке құқық басқа тұлғаға көшуі кезінде кепілдің сақталуы (АК-ның 323-бабы), жалға берілген мүлікке меншік құқығының, шаруашылық жүргізу құқығының немесе оралымды басқару құқығының басқа тұлғаға ауысуы кезінде мүлік жалдау шартының сақталуы (АК-ның559-бабы);
Артықшылық кұқығы - заттық және міндеттемелік құқық бәсекеге түскенде ең алдымен заттық құқық жүзеге асырылуы тиіс.
Ғалымдар міндеттемелік құқықтан кепілдің артықшылығы жоқ дегеңді негізге алып, бірқатар жағдайларда осындай белгінің болатынына күмән келтіреді.Бұл осылай да, бірақ бұл заттық құқық ретіндегі кепілге қатысты осындай белгінің жоқтығын дәлелдемейді, керісінше, кеңестік, одан соң қазақстандық құқықтың кепілге қатысты осы белгіні жүзеге асыруды шектейтінін ғана дәлелдейді. Басқа көптеген елдерде банкроттық кезіңде кепіл бойынша талаптар ең аддымен немесе кезектен тыс орындалады. Бұл процесс Қазақстанда да біртіндеп енгізілуде. Атап айтқанда, "Банкроттык туралы" 1997 ж. 21 қаңтардағы Заң бойынша кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелер борышқордан ақы үшін мүлік өндіріп алуда үшінші кезектен екінші кезекке ауыстырылды;
8. Затқа нақты билік ету, яғни өз құқығын тікелей, үшінші жақтың ара ағайындығынсыз жүзеге асыру мүмкіндігі.
Бұл белгі бірқатар жағдайларда заттық құқықтың анықтамасына негіз етіп алынуда және оның болуы меншік, иелену, жерді пайдалану құқығын және басқаларды жүзеге асыруда күмән туғызбайды. Алайда, мүлік кепіл берушінің қолында болып, кепіл үстаушының нақты билігінен тыс қалатын жағдайда ипотеканы жүзеге асыру үшін осы белгіні қолдану проблемасы туады.
Затқа нақты билік ұғымына, біздіңше, үстірт қарауға болмайды. Бұл түста бізге Г.Ф. Шершеневичтің мынадай пікірі: "Заттық құқық, күнделікті айтылып жүргеніндей, тұлғаның затқа тікелей қатынасын құқық берілген субъект затпен қарым-қатынаста болуға тиіс деген мағынада емес, керісінше, өзінін затқа құқығын жүзеге асыру үшін ол басқа тұлғалардың делдалдық жасауына мүқтаж емес деген мағынада белгілейді".
Жылжымайтын мүлік ипотекасымен жағдайды қарастыру арқылы кепіл берушінің үйді жалға бере отырып, өзінің де сонда түруға қалатынын елестетіп көруге болады.
Алайда ипотекада затқа нақты билік меншік иесінің кепіл үстаушының келісімінсіз затка билік жүргізу құқығының шектеулі болатынын білдіреді. Сонымен, кепіл үстаушының кепілге салынған затқа билік жүргізуге тыйым салатын кұқығы бар болып шығады;
Әдебиеттерде заттық қүкықтың тағы бір белгісі, атап айтқанда, Қазақстан Республикасына тән бір белгісі аталмаған: заттык құқықтар иесінің иелену, пайдалану, билік ету өкілеттігі болуға тиіс. Оның үстіне, құқық иесінің заттық құқық түрлеріндегі өкілеттігі түрліше болады. Меншік, шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқығы субъектілерінің әр түрлі көлемде болса да, толық өкілеттігі (иелену, пайдалану, билік ету) бар.
Заттық құқықтарды меншік құқығына және меншік иелері болып табылмайтъш адаадцардың заттық құқығына бөлу олардың негізгі жікгелуі болып табылады (АК-ның 195-бабы).
Мүның екінші тобы рим қүқығьгада бөтеннің затына құқық (|ига іп ге аііепа) деп аталды. Осы замангы әдебиеттерде оларды кейде шектеулі заттық құқықтар деп атайды.
АК-ның 194 және 195-баптарында заттық құқықтардың кейбір түрлері аталған:
- шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы, жерді пайдалану қүқыгы, тұрғын үйге загтық құқықтар. Жерді пайдалану құқығына үқсас заттық құқық секілді, жер қойнауын пайдалану құқығы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы жарлықта баянды етілген.
Кейбір құқықтар (жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу) АК-ның 118-бабының 2-тармағында аталған: жалдау құқығы, ипотека (кепіл), сервитуттар (бөтеннің мүлкін пайдалану құқығы). Алайда, бұл құқықтар заттық қана емес, сондай-ақ міндеттемелік құқықтар болуы да мүмкін.
2. Заттық құқықтар түрлері
Заң әдебиеттерінде заттық құқықтардың алуан түрлі жиынтығы беріледі.
Әдетте, Азаматтық кодекстерде тікелей заттық құқықтар деп аталған құқықтарды тізбеге енгізеді. Бүдан әрі ала-қүлалық басталады: тізбеге алуан түрлі құқықтарды енгізеді - мекемеге тиесілі мүлікке дербес билік ету құқығы, кепіл немесе ипотека, кооператив мүшесінің пәтерге оны сатып алғанға дейінгі құқыш, тұрғын үйдің меншік иесі отбасы мүшелерінің құқықтары, нақты иесінің құқығы, су объектілеріне құқық және т.с.с.
Осымен қатар, заттық құқықтарды шамадан тыс үлғайтуға жол берілмейтіні туралы пікірлер айтылуда. Даулар негізінен жалдау құқығы төңірегінде өрбуде. Бір авторлар мүліктік жалдау шарты негізіңце пайда болатын мүлікті пайдалану құқығын заттық құқықтардың қатарына жатқызуға болмайды деп есептейді. Келесі авторлар жалгерге жалға алған мүлкін сатып алу құқығын беруден басқа жағдайларда жалдаушының құқықтарын, сондай-ақ мемлекеттік және муниципалдық тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалға алу құқықтарын заттық құқықтар деп тану мүмкіндігін теріске шығарады.
Үшінші авторлар соңғыжылдары жалға алу (өсіресе жылжымайтын мүлікті) құқығы барған сайын заттық құқық белгілерін иеленуде деп атап көрсетеді: жалгердің қолындағы өкілеттік ауқымы заттық құқық иесінің өкілеттігіне өте жақын келеді, жалгерге тіпті меншік иесіне (жалға берушіге қарсы) өз иелігін қорғау құқығы берілген.
Заттық құқықтар тізбесін жасаудың жүйесіз және ретсіз сипатына назар аудармауға болмайды. Бірде ипотека, біресе тек жылжымайтын мүлік ипотекасы, бірде кепіл деп аталады. Жалдау заттық құқық деп танылмайды, бірақ кәсіпорыңды немесе жерді жалдау заттық құқық ретінде танылады. Тұрғын үйді жалга алушының құқығы бірде заттық құқық деп аталады, бірде мұндай шешімнің мүмкіндігі үзілді-кесілді теріске шығарылады. Суды пайдалану құқығы заттық құқық ретінде қарастырылады, алайда жер қойнауын пайдалану құқығы туралы бірде-бір жұмыста сөз болмайды.
Осының бәрі заттық құқықты бөліп керсетудің айқын өлшемдерінің жоқтығына немесе өлшемдердің біреуіне ғана өзіне-өзі басымдылық жасау маңызын беруге байланысты.
Біз заттық құқықтардың жоғарыда тұжырымдалған белгілеріне сүйене отырып, заттық құқықтардың мынадай тізбесін үсынамыз.
Заттық құқықтарды екі үлкен топқа бөлуге болады:
1. Меншік құқығы;
2. Меншік иелері болып табылмайтын адамдардың заттық құқықтары (бөтеннін мүлкіне құқық, шектеулі заттық құқықтар).
Бөтеннін мүлкіне құқықты былайша жіктеуге болады:
1) иелік (ол меншік құқығымен және пайдалану құқығымен байланыссыз, дербес сипатта болатын жағдайларда);
сервитуттар;
меншік иесінің мүлкімен шаруашылық жүргізу құқықтары: шаруашылық жүргізу құқығы; оралымды басқару құқығы; өз мүлкіне дербес билік ету құқығы;
міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін құқықтар: кепіл құқығы; үстап қалу құқығы;
табиғатты пайдалану құқығы: жерді пайдалану құқығы; жер қойнауын пайдалану құқығы; суды пайдалану құқығы; өзге де табиғатты пайдалану құқықтары;
тұрғын үй алу құқығы: тұрғын үй жалдаушының құқығы; тұрғын үйдің меншік иесі отбасы мүшелерінің осы тұрғын үйді пайдалану құқықтары; шарт бойынша немесе өсиет қалдырудан бас тартуға байланысты басқа адамға тиесілі тұрғын үйде өмір бойы түру
құқығы; кооператив мүшесінің оған кооперативтік тұрғын үйді сатып алғанға дейінгі құқығы; басқа да тұрғын үй алу құқықтары;
шарттардың (алдыңғы тармақтарда көрсетілгендерден өзге) негізінде берілген затқа құқық: жалға алынған затқа құқық; сенімгерлік басқаруға алған затқа құқық; сақтауға алган затқа құқық; рента негізіяде берілген затқа құқық; басқа шарттардың (мердігерлік және
т.с.с.) негізінде берілген затқа құқық.
Бұлайша жіктеуде белгілі бір қайшылықтар бар, өйткені ол бір мезгідде мынадай екі санат бойынша жүргізілген: қолдданылу саласына қарамастан, заттық құқықтың мәні бойынша (мысалы, сервитут немесе жаддау шарты кез келген қатынас саласында қолданылады) және заттық құқықтың қолданылу саласы бойынша (табиғатты пайдалану құқығы, тұрғын үй алу құқықтары). Екінші өлшем айтарлықтай жасаңды болады, бірақ біз осы салалардың маңыздылығына және осы салаларда заттық құқықтардың кең таралуына байланысты оны қолдануға мәжбүр болдык.
Сондықтан табиғат қорғау саласында да, тұрғын үй қатынастары саласында да заттық құқықтардың көпшілігі шарттың (жалдау, тұрғын үй жалдау және т.с.с.) негізінде пайда болатынын ескеру керек, бұл қағидадан өзгешелік те кездеседі (жерді түрақты пайдалану, өсиет қаддырудан бас тарту және т.с.с.)
Жіктеудің басқаша нүсқалары да болуы мүмкін. Бөтеннің затына құқық иесі өкілеттігінің көлеміне қарай бұл құқықтарды мынадай үш топқа бөлуге болады: кепіл құқығы және құқық объектісінің айырбас қүнын алуға бастталған бөтеннің мүлкіне өзге де құқықтар; сервитуттар; бөтеннің мүлкін пайдалану құқығы.
Бөтеннін мүлкіне кукықгардын бірініш тобына дара анықталған мүлік кепілінен басқа, құқық объектісінің айырбас қүнын алуға бағытталған бөтеннің мүлкіне өзге де құқықтар жатады. Атап айтқанда, бұл үстап қалу құқығынан туыңдайтын затқа құқық. Үстап қалу құқығы міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету әдісі болумен қатар, субъективтік азаматтық құқық бұзылғанда өзін-өзі қорғау әдістеріне де жатады. Үстап қалу құқығының абсолюттілігі өзін-өзі қорғаудын мұндай әдісін заң актілерінде тікелей көзделетін жағдайларда ғана қолдануға болатына байланысты.
Сервитуттық үлгідегі құқықтар (сервитуттар) бөтеннің затына құқықтардың екінші тобыи қүрайды. Азаматтық кодекс бүрын өзінің 118-бабының 2-тармағында атап өткені болмаса, бұл терминді көп пайдаланбайды, ал Қазақстан Республикасының 1998 ж. 2 наурыздағы Заңы бойынша Азамапық кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне және осы тармақтың жаңа редакцияда баяндалуына байланысты ол мүлде алынып тасталды.
"Сервитут" ұғымы ҚР заңдарында Жер туралы заңның қабылдануъша байланысты пайда болды (Жер кодексіңде де сақталған), онда бұл ұғымға бөтен мүлікті шектеулі пайдалану құқығының - бөтен жер учаскесіне құқықтың бір түрінің өзіндік мазмұны берілген. Сонымен бірге, бөтен мүлікті шектеулі пайдалану құқығына қатысты "сервитут", "сервитугтық құқық", "сервитуттық үлгідегі құқық" терминдерін қоддануды заң ғылымында көпшілік мақүлдаған және заңдарда сервитупың жалпы заңи ұғымының жоқтығына байланысты одан бас тарту ағаттық болар еді.
Сервитут белгілі бір тұлғаның мүддесі үшін бөтеннің мүлкін пайдалану құқығы болып табылады. Сервитутты заттық құқық ретінде сипаттай отырын, оның меншік құқығының субъектісімен емес, затпен байланысты болатынын атап көрсету қажет. Басқаша айтқанда, субъективтік құқық затқа белгіленеді, сондықтан бұл құқықтың мүліктің меншік иесі тарапынан не өзге үшінші жақ таралынан қандай да бір белсенді әрекеттер жасау талабымен ешқандай байланысы жоқ. Бірақ бұл субъектілер арасындағы өзара қарым-қатынас мәселелерін қозғамайды. Абсолюттік құқық бола отырып, сервитут барлық азаматтардың енжар міндетін көрсететін, оның ішінде мүліктің меншік иесінің сервитут құқығын бүзудан аулақ болуын болжайтын абсолюттік құқықтық катынастардың пайда болуын көздейді.
Белгілі бір субъектінің белгілі бір объектіні пайдалану өкілеттігі сервитуттын негізгі мазмұны болса да, ол меншік құқығынан туындайтын туынды құқық емес. Бірақ меншік иесі мен сервитупық құқық иесі өкілеттіктерінің бірқатар үқсас белгілерімен қатар, айтарлықтай айырмашылықтары да бар. Сервитут құқығын пайдалану өкілеттігі белгілі бір пайдалану бағытымен және мақсатымен, сондай-ақ осы құқық белгіленген заттың табиғи қасиегтерін ғана алумен шектелген. Ал меншік иесі өкілеттіктерінің көлемі мен еркіндігі әлдеқайда көп болады.
Белгілі бір затқа барлық заттық құқықтар секілді, бір затқа меншік құқығы мен сервитут та өзара қарама-қайшынықта және қарсы әрекетте болады. Пайдалану өкілеттігін жүзеге асыру ксзінде меншік құқығы сервитут құқығы иесінің адал жүзеге асыратын пайдалану өкілеттігіне (белгілі бағытта және белгілі мақсатта) жол береді, яғни бұл жағдайда сервшугтық құқыққа артықшылық беріледі және бұл сервитупы жүзеге асыруға кедергі жасамашъщдықган, меншік иесі затіы пайдалана алады. Ал пайдалануды сервитут белгіленген бағыттан немесе мақсаттан тыс жүзеге асыратын жағдаңда, сондай-ақ сервитут объектісіне мүқтаждық болмаса да зиян келтіруце сервитупық құқық иесінің ешқаңцай құқығы болмайды, оның үстіне, ол келтірілген зиян үшін жауап береді, ал ауыртпалық түскен мүлікгің иесі сервитуттың тоқтатылуын талап етуге құқылы болады.
Тарихи түрғыдан алғанда, рим құқығы заманынан бері сервитуттьщ нақты (предиалдық) және өзіндік сервитут деп аталатын екі түрін ажыратады. Мұның екеуі де заттық құқықтарға жатады, яғни мұнда заттың өзі құқық объектісі болады және заттық құқықтың әрбір иесін осы затпен байланыстырады. Нақты және өзіндік сервшуттардың арасындағы айьірмашьілықтар сервитуттық құқық субъекгісін анықтау тәртібі бойынша жүргізіледі, яғни бөтен затқа билік ететін тұлғаны анықтау бойынша жүргізіледі.
Нақты сервитуг көршілес екі жер учаскесінің болуын көздейді. Мұнда сервитут осы учаскелердің біріне белгіленеді, ол, әдетте, пайдаланылатын жер учаскесі деп аталады. Көрші учаскеге сервитут құқығы бар тұлғаның жер учаскесі басым жер учаскесі деп аталады. Әдетте, нақты сервитутты белгілеудің міндеті - бір учаскенің мұқтаждығына екінші (пайдаланылатын) учаскенің кейбір белгілі қасиеттері қызмет ететін басым учаскенің шаруашылыққа жарамдылығын арттыру болып табылады. Басым учаскеге меншік құқығын басқа тұлғаға беру, жаллы ереже бойынша, көрші учаскеге сервитут құқығын беруді де көздейді.
Өзіңдік сервитуттар болса, керісінше, белтіпі бір тұлғаның мүддесіне қызмет етеді және көрші учаскелердін бар-жоқтығына тәуелсіз болады (кейде көрші учаскелерге қатысты белгіленуі де мүмкін), олар белгілі бір тұлғаға ғана тиесілі және жалпы ереже бойынша, мейлі, ол ембебап немесе сингулярлық мүра немесе иеліктен шығарылған мүра болсын, құқық мирасқорлық тәртібімен басқаға өтпейді. Өзіндік сервитуттар, әдетте, осы құқық субъектісіне өмірлік тиесілі болады.
Сервитуттық құкықтардың тізбесі толық емес, өйткені заң актілерінде меншік иесі өзінің мүлкін басқа белгілі бір тұлғалардың пайдалануына рүқсат етуге міндетті болатын жағдайларға, шарттарға және шекке нүсқау беретін реттерде (яғни, егер осындай құқыққа абсолюттілік және меншік иесінің құқығынан тәуелсіздік берілетін болса, және егер бұл құқық пайдалану көлемі мен мақсаты бойынша затіың белгілі бір табиғи қасиетіне дейін шектелетін болса) тұлғаның бөтен затты пайдалану жөніндегі кез келген құқығы кең мағынада алғаңца сервитутқа жататын болады.
Жер сервитуты бөтен мүлікті шектеулі пайдалану құқығының жарқын мысалы болып табылады, бірақ оның заңда көзделген кейбір түрлері немесе анықтамалары дау туғызып отыр.
Жер кодексінде жер сервитутына жария анықтама беріледі, оған сәйкес Кодексте және өзге де Қазақстан Республикасының заң актілершде көзделген жағдайларда меншік иесі немесе жер пайдаланушы өзіне меншік немесе жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскесін мүдделі жеке және заңдытұлғаларға шектеулі нысаналы пайдалану құқығымен беруге міндетті (Жер кодексінің 67-бабының І-тармағы).
Тұрғын үй қатынастары туралы заң бойынша сервитуттьіқ құқықтардың жаңа түрлері енгізілген, атап айтқанда, осы меншік иесінің үй-жайынан ғана жүргізуге болатын, кондоминимумның жалпы мүлкін жөндеу немесе ауыстыру үшін кондоминимумнын мүшесіне бөлек (дара) меншік құқығында тиесілі үй-жайға кіру құқығы енгізілген (нақты сервитут). Сөз жоқ, көршілес үй-жайдың меншік иесінің де осыңцай құқықтары болады.
Сервитупық үлгідегі жаңа құқықтар мүліктік айналымда әлі де кең қолдау тапқан жоқ, бұл құқықтарға қатысты құқықтық реттеу практакасы жеткілікті дәрежеде калыптаспаған және оларды түсіңдіру алдағы уақытта жеке зерттеулер жүргізуді қажет етеді. Сонымен бірге, бұл сервитуттарды құқықтық реттеудің көбіне жер сервитуттарын құқықтық реттеуге үқсайтынын атап көрсету қажет, өйткені олар әлеуметтік-экономикалық және құқықтық шығу тегінің табиғаты, өкілеттігінің бірдей көлемі мен мазмұны жонінен біріккен заттық құқықтардың біртүтас тобына жатады.
Сервитугтармен салыстырғанда пайдалану өкілеттігінің көлемі әлдеқайда үлкен болатын бөтен затты пайдалану құқықтары бөтен затқа құқықтардың үшінші тобына жатады. Жалдау құқығы, несие (мүлікті ақысыз пайдалану) құқығы, жер пайдалану құқығы, жер қойнауын пайдалану құқығы, тұрғын үйде өмірлік түру құқығы, секвестр белгілеудегі сақтаушы құқығы, затты мешиікке алғанға дейінгі иеленуші құқығы және басқа кейбір құқықтар осындай құқықтарға жатады.
Бұл топтың заттық құқықтарды пайдалану өкілеттігі айтарлықтай кең болады. Ол бірқатар жағдайларда көлемі женінен меншік иесінің пайдалану өкілеттіктеріне жуыктауы мүмкін. Атап айтқанда, жалдау құқығы, жер пайдалану құқығы, жер қойнауын пайдалану құқығы жағдайында меншік құқығы пайдалану өкілеттігінсіз, аталған құқықтармен қатар қодданылады, яғни меншік иесі өз мүлкін пайдалана алмайды.
Осы топтағы бөтен затқа құқық бірқатар жағдайларда құқық иесіне мүлікті меншік иесімен бірдей пайдалану құқығын береді. Атап айтқанда, егер меншік иесімен жасалған шартта пайдалануды шектеу жонінде қандай да бір ескерту көзделмесе, отбасы мүшелерінің тұрғынүйді меншік иесімен бірдей пайдалану құқығы осы құқықтарға жатады.
Сөз жоқ, отбасы мүшесінің тұрғын үйді пайдалану құқығы заңда абсолюттік құқық ретінде көзделген және ол бөтен затқа құқықтарға жатады. Мәселен, Тұрғын үй қатынастары туралы заңның 22-бабына сәйкес отбасы мүшелеріне өз құқығын үшінші жақтың, оның ішіңце меншік иесінің құқық бүзушылығынан қорғау құқығы беріледі.
Қарастырылатын топтага бетен затқа құқықтар көлемі, шегі немесе пайдалану өкілеттігінің нысанындағы мақсаты бойынша шектелуі мүмкін. Осымен қатар, құқық иесі құқықтарының сипаты, бөтен мүлікті пайдалану құқығын берудің белгілі бір заттық құқығы бар тұлғаға тәуелділігі бойынша да шекгеулер қойылған. Өзіне пайдалану құқығы белгіленетін тұлғанын жеке басы бөтен мүлікгі пайдалану құқығын алуда айтарлықтай маңызға ие болатьщцықтан, құқық иесі болып табылатын азаматтан қайтыс болуы не құқық иесінің - заңды тұлғаның таратылуы (бірқатар жағдайларда - қайта құрылуы) бөтен затқа құқықтың тоқтатылуына себепші болуы мумкін.
Тұрғын үйде өмірлік түру құқығы, сондай-ақ өсиет қалдырудан бас тартуға байланысты берілген бөтен мүлікті пайдалану құқығы осы құқықтарға мысал бола алады. Ренталық қатынастардың кейбір түрлерінің белгіленуіне қарай да тұрғын үйде өмірлік түру құқығы пайда болуы мүмкін.