ӨКІЛДІК ЖӘНЕ СЕНІМХАТ
ӨКІЛДІК ЖӘНЕ СЕНІМХАТ
Өкілдік туралы жалпы ережелер
2. Өкілдіктің пайда болу негіздері және түрлері
3. Сенімхат
Дәрістің мақсаты мен міндеті: Өкілдік ұғымы және оның түрлеріне сипаттама беру. Өкілеттілік түсінгіне сипаттама беру. Өкілеттілігі жоқ өкілдік. Сенімхат. Түсінік. Түрлері мен ерекшеліктері. Сенімхат мерзімі. Сенім ауысу. Сенімхаттың тоқтатылуы. Коммерциялық сенімхаттың ерекшеліктеріне сипатама беру.
Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
4. ҚР «Неке және отбасы туралы» Заңы.
5. Невзгодина Е.Л. Представительство по советскому гражданскому праву-Томск, 1980.
6. Андреев В.К. Представительство в гражданском праве.- Калинин, 1978.
1. Өкілдік ұғымы. Жалпы ереже бойынша, азаматтық құқық субъектілерінің басқа тұлғалардың — өкілдіктің жәрдеміне жүгінбей-ақ мүліктік айналымға өз бетінше қатысу мүмкіндігі болады. Солай болса да, азаматтық айналымда өкілдік институты кеңінен қолданылады. Атап айтқанда, мысалы, заңға байланысты, тікелей қатысуына әрекет қабілеттілігінің жоқтығы немесе өзге де өмірлік нақты мән-жайларға балйанысты өкілдік беруші адам өзінің құқықтары мен міңцеттерін жүзеге асыра алмайтын, науқастығына, жұмысбастығына және т.с.с. байланысты өзі қатыса алмайтын жағдайларда өкілдіктің қажеттігі туады. Өкілдің арнайы білімін, біліктілігін немесе тәжірибесін пайдалану үшін өкілдердің қызметіне жүгінетін бірқатар жағдайлар бар (мысалы, бағалы қағаздар рыногында мәмілелер жасауда өкілдік ету және т.с.с).
Азаматтық құқықта бір адамның екінші адамның атынан жасаған мәмілелері немесе басқа да заңдық маңызы бар әрекеттері (мысалы, сотқа талап-арыз беру немесе сот отырысына қатысу) тікелей екінші адам үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызатын, өзгертетін немесе тоқтататын құқықтық қатынастар өкілдік деп аталады. Басқа адамның мүдделері үшін мәміле жасайтын адам өкіл деп, оның мүддесіне мәміле жасалатын адам — сенім білдіруші немесе өкілдік беруші деп, ал сенім білдірушінің (өкілдік берушінің) мүдделері үшін өкіл мәміле жасайтын адамдар — үшінші жақ деп аталады.
Өкілдікті құқықтық реттеу азаматтық құқыққа тән және көптеген ережелері бойынша көптеген елдердегі реттеулерге үқсайды. Мүліктік айналымда өкілдік айтарлықтай кең қолданылады, бірақ оның қолдданылуында кездесетін ерекшеліктерді атап көрсету қажет. Өкілдің өзі ғана жасай алатын мәмілелерде, сондай-ақ заң актілері бойынша өкілдің жеке қатысуы көзделген мәмілелерді жасауда не олардың өкіл арқылы жасалуына тыйым салынатын мәмілелерде өкілдік қолданылмайды. Өсиет қағазды толтыру өкіл арқылы жасауға тыйым салынған мәмілеге мысал бола алады. Егер өсиет қалдырушы қандай да бір себеппен өсиетке қол қоя алмаса, онда оған нотариустың немесе өсиетті куәландырушы адамның қатысуымен өсиет қалдырушының қол қоя алмауының себептерін көрсете отырып, басқа азамат қол қояды. Қол қойған адам өсиет қалдырушының өкілі емес, оның еркін қағаз бетінде белгілі бір құралмен бейнелеуші болады.
Бірқатар мәмілелер немесе заңдық маңызы бар әрекеттер, мысалы, некелесу, еңбек шартын жасасу, өмір бойы күтіл-бағатын келісіммен үйді иеліктен шығару шартын жасасу заң актілерінде тікелей тыйым салынбағанның өзінде өзінің сипаты бойынша өкілдің өзі қатысуын талап етеді, сондықтан оларды өкіл арқылы жасау мүмкін емес.
Өкілдің өкілдік беруші адамның мүддесіне заңдық мәмілелер жасауы өкілдіктің елеулі қызметі болып табылады. Бұл АК-ның өкілдікке анықтама беретін 163-бабында тікелей баянды етілген. Заңдық маңызы бар әрекеттерді жасау белгісі жөнінен өкілдіктің барлық өзге қатынастардан айырмашылығы бар, өйткені оларда бір тұлға екінші тұлғаны алмастырады (мысалы, заңды тұлғаның құқық қабілеттілігін оның органы — директор, басқарма арқылы жүзеге асыру) немесе оған іс жүзінде көмектеседі (мысалы, ақылы көмек көрсетеді, мердігерлік жұмыстарды жүзеге асырады, тауарларды өткізеді немесе делдалдық қызмет көрсетеді).
Заңдық әрекеттерді жасау өкілдік берушінің еркін қайталауды ғана емес, өзінің дербес еркін көрсетуді де талап етеді. Сондықтан өкілдік ұғымына тек өзін жіберген тұлғаның еркін жеткізетін және өз бетінше өзінің еркін білдірмейтін, заңдық әрекеттер жасамайтын құрал ғана болып саналатын уәкілдің, шабарманның қызметі кірмейді.
Өкілдік өкілдің сенім білдіруші адамның атынан мәміле жасалуын көздейді. Мәмілені сенім білдірушінің мүддесі үшін, оның есебінен, бірақ өз атына комиссионер жасайды, ал шарттың тиісті талаптары болғанда — сенімгер басқарушы да жасайды. Көп ретте комиссия жөніндегі қатынастарды, АК-ның 163-бабындағы тікелей өкілдік мағынасынан өзгеше, жасырын өкілдікке жатқызады. Бірақ комиссияның шарты бойынша қатынастарда өкілдіктің мәнді белгілері жоқ. Комиссияның өкілдікпен экономикалық белгілер бойынша ғана үқсас белгілері бар — басқаның есебінен әрекет жасау, бірақ заңдық белгісі бойынша емес, өйткені оның мәні өкілдік білдірушінің атынан әрекет ету болып табылады. Сондықтан комиссия және өкілдік бойынша қатынастардың салдары бір-бірінен айтарлыктай өзгеше болады, бұл комиссияны өкілдікке жатқызуға мүмкіндік бермейді. Басқалардың мүдделері үшін болса да, өз атынан әрекет ететін адамдар өкілдер бола алмайды. Соңдықтан, мысалы, сенімгер басқарушының, уәкілетті адамның өз атынан әрекет ету кызметі өкілдік болмайды (АК-бың 163-бабының4-тармағы).
Өзге адамның мүдделері үшін жүзеге асырылатын, бірақ ол үшін азаматтық-құқықтық салдары болмайтын кызмет те өкілдік бола алмайды, өйткені өкілдіктің мәнді белгісі өкілдің заңдық мәмілелер жасауы болып табылады. Мысалы, оларға өзге адамның атынан мәміле жасау емес, мәмілелер жасауға көмектесу тапсырылатынкоммерциялық делдалдардың қызметі немесе болашақта жасалатын мәмілелерге, азаматтық-құқыктық шарт болып есептелмейтін ниет хаттамасына қол қоюға байланысты келіссөздерге қатысу тапсырылатын адамдардың (атап айтқанда, лауазымдық міндетіне осындай жұмыстарды жүргізу кіретін заңды тұлға қызметкерлерінің) қызметі өкілдік бола алмайды.
Өкілдік қатынастардың субъектілері. Өкілдікте өкіл, өкілдік беруші (сенім білдіруші) және үшінші тұлға арасында қатынастар туындайды. Өкілдікте және өкілдіктің көмегімен жасалған мәміле бойынша қатынастардың тууы үшін үш тұлғаның бірлескен және үйлесімді еркі болуы қажет: өкілдік беруші адам арқылы құқықтар мен міндеттерді белгілеу үшін — өкілдің; өкілдік беруші адаммен қатынас орнату үшін — үшінші адамның; өкіл арқылы мәміле жасауға өз келісімін ертерек немесе кешірек беру үшін — өкілдік берушінің еркі болуы керек.
Өкіл мен өкілдік беруші адам арасындағы құқықтық қатынас өкілдіктің өзі болады, оны ішкі қатынас деп атайды. Өкіл мен үшінші адам арасындағы қатынас сыртқы қатынас болады, ол өкілдік бойынша өкілеттікті жүзеге асыру болып табылады, онъің дербес сипаты жоқ, өйткені өкілдіктің мәні — өкіл жасаған мәміле бойынша тікелей өкілдік берушіде құқықтар мен міндеттер ғана болады. Бір тарабы өкіл болатын мәміледе өкілдік беруші адам құқықтар мен міндеттер субъектісіне айналады, ал үшінші жақ үшін өкіл фигурасының айтарлықтай мәні болмайды, өйткені үшінші жақ өкіл арқылы тікелей өкілдік берушімен құқықтық қатынас орнатады. Өкілдің мәмілесі — бұл заңдық факт, ол өкілдік беруші мен үшінші адам активті және пассивті субъектілері болып табылатын катынастарды туғызады. Өкіл өкілдіктің жәрдемімен орнатылатын қатынастардан тыс қалады және онда ешқандай құқықтарды немесе міндеттерді иеленбейді.
Құқықтар мен міндеттер субъектісі өкіл емес, өкілдік беруші адам болатындықтан, онда жалпы азаматтық құқық қабілеттіліктің болуы талап етіледі. Жалпы ереже бойынша, азаматтық айналымның кез келген субъектісі — заңды тұлға немесе әрекет қабілеттілігінің күйіне қарамастан, азамат өкілдік беруші адам қызметін атқара алады. Сонымен бірге, бұл жалпы ережеден бірқатар ерекшеліктер бар. Атап айтқанда, бірқатар жағдайларда заң мәмілелердің жекелеген түрлері бойынша тараптарға белгілі бір талаптар қояды, мысалы, банк, қамсыздандыру және өзге де лицензияланатын қызметті жүзеге асырудан туындайтын мәмілелерді жасауға арнайы лицензия болудың қажеттігі және осы жағдайда өкілдік беруші адам жеке өзі немесе өкіл арқылы мәміле жасау үшін лицензия алуға тиіс. Өкіл арқылы мәміле жасауға қажетті келесі ерекшелік айналым қабілеті шектеулі мүлікпен мәміле жасауға қатысты шектеулерден туындайды, мысалы, ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді шетелдіктердің меншігіне сатып алуына тыйым салу, аңшылық жасау қаруларын сатып алу үшін арнайы рүқсаттың болуы және т.с.с. Бұл жағдайда да өкілдік беруші адам заңның осындай мәміленің тараптарына қоятын талаптарына сай болуы тиіс.
Сонымен бірге мынаны атап көрсету қажет: әрекетке қабілетсіз азаматтар өз беттерінше мәмілелер жасауға құқықсыз болатындықтан, жалпы азаматтық құқық қабілеттілігін иелене түра, өкіл арқылы өз беттерінше мәмілелер жасай алмайтын себепті олардың өкілдік етуіне жол берілмейді. Құқық қабілеттілігіне заң немесе жарғы арқылы белгілі бір шектеулер қойылуына байланысты заңды тұлға өз бетінше жасай алмайтын мәмілені өкілдік арқылы жасауға жол берілмейді, мысалы, мемлекеттік кәсіпорындардың өз беттерінше және өкіл арқылы кәсіпорынның негізгі қорларына жатқызылған мүлікке қатысты мәмілелер жасауға құқығы жоқ, не заңды тұлға мәміле жасау үшін өз жарғысының ережелеріне сәйкес белгілі бір органның (мысалы, байқау кеңесінің) рүқсатын алуға міндетті.
Егер өкілдік беруші адамда заңның белгілі бір мәмілелерге немесе азаматтық айналымның белгілі бір субъектілеріне қоятын құқық қабілеттіліктің болуы қажеттігі туралы ережесі бүзылатын болса, онда өкілдің жасаған мәмілесі жарамсыз деп танылады және өкілдік беруші мен үшінші жақ үшін заңдық құқық қатынастар тумайды. Соңдықтан, мысалы, егер өкілдік беруші адам шетелдік болса, ауылшаруашылық мақсатындағы жер учаскесін меншігіне сатып алуды көздейтін мәміле жарамсыз болады, ал өкілдің азаматтығының бұл жағдай үшін ешқандай маңызы болмайды. Егер бұл ұйымдардың осындай мәмілелерді жүзеге асыруына тыйым салынған болса, мысалы, банктердің немесе қамсыздаңдыру үйьщдарының өкіл арқылы жасаған және материалдық құндылықтармен сауда жасауды жүзеге асыруға бағытталған мәмілелері жарамсыз болады.
Өкілдіктегі сыртқы қатынастың өкілдік үшін, атап айтқанда, өкілдік беруші мен үшінші жақ арасыңцағы өзара қарым-қатынас мәселелерінде айтарлықтай мәні болатыны даусыз. Өкіл мәміле жасау арқылы өкілдік берушінің атынан және өзіне берілген өкілеттік шегінде өзінің еркін білдіретіндіктен, ол шарттарда тікелей контрагент болып саналады. Сондықтан өкіл арқылы жасалған мәміленің салдарын зерттеуде, мысалы, сенім білдіруші мен үшінші жақ арасында туған даулар бойынша салдарды зерттеуде (атап айтқанда, алдау, зорлық-зомбылық көрсету, қорқыту арқылы жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тануда) сенім білдірушінің, емес, өкілдің еркінің себептері назарға алынуы тиіс. Мәселен, сатып алу-сату шартын жасау кезінде сатушы сатып алу-сату объектісінің кемістіктері жөнінде өкілге ескертпегендіктен, бұл мән-жай жасалған мәміленің салдарына ықпал ететін болады, өкілге сатып алу бағасынтиісінше кемітуді, залалдың орнын толтыруды және т.с.с. талап етуге құқық береді.
Өкілдің өз еркін білдіруі талап етілетіндікген, жалпы азаматтық әрекет қабілеггілігі бар адам өкіл ретінде әрекет ете алады, яғни заң бойынша шартқа қатысуға тыйым салынбаған адам ғана өкіл бола алады. Сондықтан сот арқылы әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтар өкіл бола алмайды. Кәмелетке толмағандар, әрекетке қабілетсіз және әрекет қабілеттілігі шектеулі азаматтар өздері дербес жасай алатын мәмілелер бойынша ғана өкіл болуға құқылы. Ал мәміле бойынша, өкілдік беруші адамда құқықтар мен міндеттердің пайда болуы өкілде белгілі бір мәмілелерді жасау үшін қажетті лицензияның болуын талап етпейді. Өкілдің — заңды тұлғаның арнайы құқық қабілеттілігі де олардың құқық қабілеттілігінің көлеміне кірмейтін мәмілелерді жасауына кедергі бола алмайды, өйткені олар жасаған мәміле бойынша өкілдік берушіде құқықтар мен міндеттер пайда болады.
Өкілдік өкілеттіктер. Өкілдің жасауына рүқсат етілген мәмілелер ауқымын өкілеттік деп атайды. Өкілеттік өкіл үшін ғана емес, сондай-ақ оның өкілдік берушінің атынан құқықтық қатынас орнататын адамдары үшін де міндетті, өйткені кейін оларды өкілдік беруші "мақүлдайтын жағдайлардан басқа реттерде өкілеттігі жоқ немесе өкілеттігі көп өкілдік заңдық салдар туғыза алмайды. Сондықтан, жалпы ереже бойынша, өкілдің өкілеттігі оларды үшінші жақтың танысуына және тексеруіне болатын әдістермен бекітіледі.
Өкілдің өкілеттігі, әдетте, өкілдікке негіз болған заңдық фактінің мазмұнынан туындайды.
Филиалдың басшысын немесе заңды тұлғаның өкілдігін тағайындауға негізделген өкілдікте заңның талаптарына қарай өкшдік функцияларын жүзеге асыру үшін басшыға сенімхат берілуі қажет. Бұл жағдайда өкілдің өкілеттіктері сенімхатта көрсетіледі.
Оқиғаларға немесе соттың шешіміне негізделген өкілдікте өкілдің өкілеттігі заңда баянды етілген нормалардан келіп шығады. Мысалы, баланың туылуы оқиғасына байланысты өкілдіктің пайда болуында өкілдердің — ата-аналарының өкілдіктері 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың мәміле жасау тәртібін көздейтін АК-ның 23-бабының нормаларынан туындайды. Соттың шешімімен азамат әрекетке қабілетсіз деп танылатын жағдайда өкілдің өкілеттігі әрекетке қабілетсіз адамның мәміле жасау тәртібін көздейтін АК-ның 26-бабынан туыңдайды.
Өкілдік мәміледен туындайтын жағдайда екілдің өкілеттігі оның шарттарыңда баянды етіледі. Мәселен, тапсырма немесе коммерциялық өкілдік шартын жасасуда өкілдің өкілеттіп не шартта, не сенім білдірілген немесе коммерциялық өкіл береіін сенімхатта көрсетіледі.
Өкілеттік кедде өкілдік берушінің өз өкілін мәжбүр еткен мән-жайдан да туындауы мүмкін, мысалы, дүкендегі сатушы, бөлшек сауда бойынша мәміле жасайтын уәкілетті адам, банк кассасы бөлмесіндегі ақша қабылдауға, беруге және ақшалай есеп айырысудың өзге де түрлерін жасауға уәкілетті кассир. Мұндай жагдайларда өкілдің өкілеттіктері лауазымдық міндеттерден туындайды және оларды сенімхатпен куәлаңдыруды қажет етеді.
Егер мәміле жасау кезінде ол осымен бір мезгілде осы адамның өкілі болса, сенім білдіруші адамның мүдделерін қорғау мақсатыңда өкілге өкілдік берушінің атынан мәміле жасауға тыйым салынған. Өзгеше жағдай екі немесе көп жақты мәмілелердің табиғатына қайшы келтен болар еді, өйткені екі немесе одан көп тараптардың еркін міндетті үрде үйлесгіруді бір адамның - өкілдің ғана еркі алмастырган болар еді. Соңдықтан мұндаймәмілелер бойынша бір мезгідце екі тараптың мүдделерін білдіруге тыйым салынған жағдайларды бұза отырып жасалған мәмілелер жарамсыз деп танылады. Коммерциялық өкілдік қана бұл ережеге жатпайды, өйткені онда өкілдікті кәсіпкерлік қызметтің бір түрі ретінде жүзеге асыратын және тиісінше өз әрекеттері үшін кәсіпкерлік жауап беретін адамның шарттың түрлі тараптарының мүдделерін білдіруіне рүқсат етіледі.
2. Өкілдіктің пайда болу негіздері және түрлері
Заң немесе шарт өкілдіктің пайда болуының негізі болып табылады. Заң арқылы пайда болатын өкілдік заңды немесе қажетті өкілдік деп аталады. Шарттың негізіңде пайда болатын өкілдік шарттық немесе ерікті өкілдік деп аталады.
Белгілі бір адам кемістіктерінінің немесе әрекетке қабілетсіздігінің орнын толтыру қажет болатын жағдайларда заңды өкілдік пайда болады. Әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі дел танылған кәмелетке толмағандарға (есі ауысқан, нашақор, маскүнем және т.с.с. науқастарға) қамқоршылық белгілеу заңды өкілдікке мысал болады. Заңды өкілдіктің пайда болу жағдайлары заңдарда баянды етілген. Заңда заңды өкілдіктің пайда болуына қажетті заңдық фактілердің белгілі құрамы көрсетілген.
Заңды өкілдік тікелей мынадай заңдық фактілердің негізінде пайда болада:
— өкілдік қатынастардың басталуына себепші болатын оқиғалар, мысалы, заң баланың туылуына байланысты ата-аналарға өкілдік қызметін атқару уәкілеттігін береді;
өкілдік қатынастарды белгілейтін сот шешімі, мысалы, соттың
шешімімен азаматт әрекетке қабілетсіз деп тану және оған қамқоршылық белгілеу әрекетке қабілетсіз азамат пен оның қамқоршысы арасыңда өкілдік қатынастар орнатады;
заңға сәйкес өкілдік қатынастар туғызатын әкімшілік акт, мысалы,
бала асырап алушылықты рәсімдеу.
Бастапқыда өкілдік заңды өкілдік түрінде пайда болған. Міндеттеменің жеке-даралық сипатымен үйлеспейтін ерікті өкілдікті мойыңдамаған рим құқығы қалыптастырған айтарлықтай дамыған заңды өкілдік институты кейін құқықтың дамуына және біршама өзгеріске ұшырауға байланысты заңды және ерікті өкілдікті бірдей қамтитын осы заманғы өкілдік институтына негіз қалады.
Заңды өкілдік мүліктік айналымда айтарлықтай кең таралған. Ол әрекетке қабілетсіз адамдарға қатысты туындайды. 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар және қамқоршылыққа алынған азаматтар толығымен әрекетке қабілетсіз деп танылады. Қамқоршылықты белгілеу негіздерін, шарттарын, тәртібін неке-отбасы заңдарының нормалары, атап айтқанда, Неке және отбасы туралы заңның тиісті нормалары реттеп отырады. 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар және қамқоршылыққа алынған азаматтар, сөзсіз, азаматтық құқық субъектілері ретінде танылады, өйткені олар жалпы құқық қабілеттілікті иеленеді. Сонымен бірге, 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар және қамқоршылыққа алынған азаматтар өз әрекеттерінің салдарын түсіне алмайтындықтан, азаматтық құқық мұндай адамдардың өз әрекеттерімен құқықты иеленіп, міндеттер атқару мүмкіндігі ретіндегі әрекетке қабілеттілігін мойындамайды. Сондықтан заң мұндай адамдардың әрекетке қабілеттілігін толықтыра түсу үшін заңды өкілдері болып табылатын ата-аналары не қамқоршылары арқылы 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен қамқоршылыққа алынған азаматтардың құқықтарды иеленіп, міндеттер атқаруын көздейді. Бұл арада әрекетке қабілеттіліктің мәміле жасауға қабілеттілік секілді элементі азаматтық айналымның әрекетке қабілетті және әрекетке қабілетсіз тұлғалары арасыңдағы құқық қабілеттілік көлемін жіктеудің негізгі өлшемі болып табылатынын атап көрсету қажет.
14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәміле жасайтын ата-аналар, асырап алушылар немесе қамқоршылар, сондай-ақ белгіленген тертіппен әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтар үшін мәміле жасайтын қамқоршылар олардың заңды өкілдері болып табылады. Бұл жағдайда өкілеттік белгілі бір фактінің пайда болуына, мысалы, оқиғаға (баланың туылуы), соттың шешіміне (азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану) байланысты өкілдіктің пайда болуына қатысты заңдардан туындайды және қандай да бір рәсімдеуді керек етпейді.
14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың және әрекет қабілеттілігі шектеулі азаматтардың әрекет қабілеттілігін анықтау, демек, мұндай адамдарға қатысты заңды өкілдікті қолдану шегін анықтау тәртібі айтарлықтай күрделі өрі бірқатар мән-жайларға байланысты. Мұидай адамдар, әдетте, ата-аналарының (заң бойынша қорғаншылар болатын), не заң тәртібімен белгіленген қорғаншыларының келісімі болғанда мәміле жасауға құқылы, сондықтан бұл жағдайда ешқандай өкілдік туралы әңгіме болуы мүмкін емес. Оның үстіне, 14-тен 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздерінің табыстарына, шәкірт акысына, өзге кірістеріне, өздері жасаған интеллектуалдық меншік объектілеріне өздері билік етуге, сондай-ақ тұрмыстық үсақ мәмілелерді өз беттерінше жасауға құқылы. Солай бола түрса да, қамқоршылық және қорғаншылық жасау органдары жеткілікті негіздер болатынреттерде кәмелетке толмағаңды ез табысына, шөкіртакысына, өзге де кірістеріне, өзі жасаған интеллектуалдық меншік объектілеріне өз бетінше билік ету құқығынан айыруы мүмкін. Мұндай жағдайда, 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға қолданғандағыдай, 14-тен 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың ата-аналары немесе қамқоршылары олардың өкілдері ретінде әрекет етеді.
Заңды өкілдер, әдетте, олардың қамқорлығындағы адамдар жасай алатын мәмілелердің барлығын немесе езге де заңдық түрғыдан маңызды болып табылатын әрекеттерді жасауға құқылы. Сонымен бірге заң белгілі бір заңдық фактінің тууына байланысты өкілдіктің пайда болуымен байланыстырылатын заңды өкілдердің белгілі бір санаттарының өкілдіктеріне белгілі дәрежеде шектеулер қоюы мүмкін. Мәселен, қамқоршылар өкілдік беруші адамның мүлкін кепілге салу, тұрғын үйін айырбастау, қамқорлығындағы адамның құқықтарынан бас тартуы, мүрадан бас тартуы секілді кейбір мәмілелерді жасау үшін қамқоршынық және қорғаншылық жасау органцарының келісімін алуы қажет. Ата-аналарының заңды өкілдігі болатын жағдайларда да, атап айтқанда, кәмелетке толмаған балалар меншік иелері болып табылатын жекешелендірілген пәтерге билік ету кезінде де аталған ерекеттерді жасау үшін қамқорпшлық және қорғаншылық жасау органдарының келісімін алу қажет. Әр түрлі өмірлік жағдайларда белгілі бір заңдық әрекеттерді өз бетінше жасау мүмкіндігінің болмауына байланысты адамның қызмет ету саласын үлғайту немесе ауыстыру қажет болатын реттерде шарттық өкілдік пайда болады. Өкілдік қатынастар орнататын белгілі бір мәмілелердің негізіңде, мысалы, сенімхат беру, коммерциялык окідпік шартын жасау, тапсырма беру шартын жасау негізінде шарттық (ерікті) өкілдік пайда болады. Қызметкердің еңбек немесе өзге де қызмет міндеттерінен туындайтын өкілдіктер (мысалы, өздерінің лауазымдық міндеттеріне қарай экспедиторлардың, сатушылардың, кассирлердің өкілдікті жүзеге асыруы) шарттық өкілдікке жатады, өйткені экспедитор, сатушы, кассир ретінде жұмысқа қабыддау туралы еңбек шартын жасаудан туындайтын шарттық қатынастар олардың негізі болып табылады.
Шарттық өкілдікте, әдетте, сенім білдірілген адам өкілге сенімхат деп аталатын ерекше жазбаша құжатты тапсырады, онда өюддің жасауға уәкілеттігі бар мәмілелердің тізбесі көрсетіледі. Сонымен қатар, өкіл мен өкілдік беруші арасындағы өкілдік орнату жөніндегі шарттарда -тапсырма беру шартында, коммерциялық өкілдік шартында да өкілдіктер болуы мүмкін. Соңғы жағдайда жеке құжат берілмеуі мүмкін, сондықтан шарттың өзі сенімхат қызметін атқара алады (мысалы, коммерциялық өкілдік, әдетте, сенімхат берместен, шарттың негізівде жүзеге асырылады). Шартта өкіл мен өкілдік беруші адамның арасындағы үшінші жаққа қатысы жоқ және өкілмен мәміле жасау кезінде олар үшін талап етілмейтін ішкі қатынастарды көрсететін мәліметтердің болуы сенімхат беру қажеттігін туғызады. Өкіл мен өкілдік беруші арасыңдағы қатынастарды көрсететін ішкі мәліметтердің коммерциялық құпияға да қатысы бар. Шартта өкілдің уәкілеттігін сенімхат берместен көрсетуде мұндай шарт заңның сенімхатқа қоятын барлық талаптарына сай болуы тиіс.
Коммерциялық өкілдік. Құқықтық реттелуінде елеулі ерекшелікгер бар коммерциялық өкілдік ерікті өкілдіктің ерекше түрі болып табылады, оның құқықтық реттелу ерекшеліктері АК-ның 166-бабында баянды етілген. Коммерциялық өкілдіктің айырым ерекшелігі - өкілдікке ерекше субъект — коммерциялық өкілдің қатысуында. Кәсіпкерлер өкілдік беруші адаммен еңбек қатынастары жоқ, өкілдік беруші адаммен жазбаша түрде жасасқан шарттың негізінде жұмыс жүргізетін, өзінің қызметі үшін сыйақы алатын және өзіне берілген тапсырманы орындауда әдеттегі кәсіпкердің қамқорлығындай әрекет етуге міндетті кәсіпкерлік қызмет саласында шарт жасасуда кәсіпкерлердің атынан үдайы және өз бетінше әрекет ететін адам коммерциялық өкіл деп танылады. Коммерциялық өкілдік кәсіпкерлік қызметтің дербес түрі болып табылады. Өкілдік беруші адамға қатысты алғанда, коммерциялық өкіл қашан да бөгде адам болып саналады. Лауазымдық немесе еңбек қатынастарына сәйкес заңды тұлға өкілдігін коммерциялық өкілдікке жатқызуға болмайды, өйткекі коммерциялық өкіл өкілдікті кәсіпкерлік қызмет ретінде жүзеге асыратын тұлға болыл табылады.
АК-ның 166-бабының 2-тармағына сөйкес, коммерциялық өкілдіктің ерекшелігі, ол сонымен бір мезгілде өзінің қатысуымен жасалатын шарттың түрлі тараптарының мүдделерін білдіре алады.
Кәсіпкерлік кызметті жүзеге асыратьщ заңды тұлғалар да, азаматтар да коммерциялық өкілдер бола алады. Мысалы, өкілдік беруші (сенім білдіруші) кәсіпкерлердің атынан және тапсыруы бойынша қор биржасында үзақ мерзімді мәмілелердің негізінде мәмілелерді жүзеге асыратын брокерлер және бағалы қағаздар рыногының өзге де кәсіби қатысушылары, шарт бойынша клиенттің бағалы қағаздар пакетіне басшылықты жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары, шарттың негізінде сенім білдірушінің атынан оның ақша қаражатына және өзге мүлкіне басшылықты жүзеге асыратын сенімгер басқарушылар, оның ішінде клиенттің атынан сенім операцияларын жүзеге асыратын банктер де өкілдер болып табылады.
Коммерциялық өкіл кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратындықтан, оған заңда көзделген, кәсіпкерлік құқықтық қызметті реттеудің барлық ерекшеліктері, атап айтқанда, АК баптарының кәсіпкерлік қызметке байланысты міндеттемелерді мерзімінен бүрын орындау туралы, кәсіпкерлік қызметке байланысты ортақ міндеттемелерді орындау туралы, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысыңда міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған адамдардың жауапкершілігі туралы, борышқордың үшінші жақтың әрекеттері немесе әрекетсіздігі жауапкершілігі туралы нормалары таралады. Коммерциялық өкілге кәсіпкерлікті жүзеге асыратын адамдардың жауапкершілігі туралы заңдардың барлық нормалары қолданылады (кінәсыз жауаптылық).
Коммерциялық өкілге сыйақы төлеу тәртібін, мөлшерін және тапсырманы орындау барысында оның шеккен шығындарының орнын толтыру тәртібін, сыйақы төлеу жөніндегі міндетті бөлу және коммерциялық өкіл өкілдік ететін тұлғалар арасындағы шығындардың орнын толтыру тәртібін тараптардың келісімі анықтайды. Сонымен бірге, заңда коммерциялық өкілге төленетін сыйақыны бірдей үлесте бөлу және ол шеккен шығынды тапсырманы орындау барысында коммерциялық өкіл осымен бір мезгілде олардың мүдделерін қорғаған кәсіпкерлер арасында бөлу тәртібі туралы толықтыратын норма бар.
Заңда, атап айтқанда, АК-ның 166-бабының 4-тармағында коммерциялық өкіл өзіне белгілі болған сауда мәмілелері туралы мәліметтерді өзіне берілген тапсырманы орындағаннан кейін деқұпиясақтауға міндетті екені айтылған. Бұл норма заңда коммерциялық (кәсіпкерлік) құпияны қүрайтын мәліметтер тізбесін белгілеу мүмкіндігін көздейтін коммерцияпық құпия туралы заңдар ережелерінің дамуы болып табылады. Коммерциялық өкіл тапсырманы орындау барысыңда, сондай-ақ оны орыңдағаннан кейін де мүндай мәліметтерді күпия сақтауға міндетті. Қүпияны сақтау туралы талаптарды орындамау коммерциялық өкілцің коммерциялық (кәсіпкерлік) қүпияны жария ету арқылы келтірген залалының орнын толтыру түріндегі жауаптылығына негіз болып табылады.
Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген салаларында коммерциялық өкілдіктің ерекшеліктері АК-ның 166-бабының 5-тармағына сәйкес белгіленуі мүмкін. Атап айтқаңца, банк заңдарында сенім операцияларын жүзеге асыру ерекшеліктері, бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарда - бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының қызметін жүзеге асыру ерекшеліктері көзделеді.
Өкілеттігі жоқ өкілдік. Өкілдік берушінің еркімен, заң, сот шешімі немесе әкімшілік акт және уәкілеттігі белгілеген шекте ғана уәкілеттігі бар адам өкіл ретінде әрекет ете алады. Сонымен бірге, бір адам ешқандай заңды негізсіз, оның заңды өкілі болмастан, сондай-ақ өкілдікке сенім білдірушімен тиісінше рәсімделген келісімсіз не тиісінше рәсімделген сенімхатсыз басқа адамның атынан және оның мүддесіне мәмілелер жасайтын көптеген өмірлік жағдайлар кездеседі. Туыстық қатынастар, достық, серіктестік және бірлескен кәсіпкерлік қызмет және т.с.с. осындай әрекеттерге себеп болады. Мысалы, бір адам өз туысының тұрғын үйге мүқтаж екенін, бірақ езі осында болмағандықтан, оны іздеп таба алмайтынын білетіндіктен, оның атынан пәтер жалдау шартын жасауы мүмкін.
Өкілдікті белгілеу туралы мәміленің заң талап ететін нысаны бұзылғанда да осындай жағдай пайда болады. Сенімхаттың жазбаша не нотариаттық түрі бұзылғанда өкілдікті белгілеу туралы мәміле не сенімхат жарамсыз деп танылады және өкілдікті тиісті дәрежеде жүзеге асыру жөнінде сөз етуге болмайды. Тиісті уәкілеттілік берілген адам өкілдікті жүзеге асыруда өзіне берілген өкілеттік көлемінен шығып кететін жағдайлар да болуы мүмкін, мысалы, ол үй жалдауға өкілетті бола отырып, сатып алу-сату шартын жасайды.
Уәкілеттігі жоқ адамның немесе өкілеттігі көп адамның әрекеттері өкілеттігі жоқ өкілдік немесе нақты өкілдік деп аталады. Мұндай әрекеттер АК-ның 165-бабына сөйкес, мәміле жасауға уәкілдік берілмеген адамның басқа адамның атынан немесе уәкілеттігін асыра пайдаланып жасаған мәмілесі өкілдік беруші осы мәмілені кейіннен мақүлдаған ретте ғана ол үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызады, өзгертеді жэне тоқтатады. Егер уәкілетті емес адамның немесе өкілеттігі кең адамның әрекеттері өкілдік беруші адам тарапынан қолдау таппаса, онда мұндай әрекеттер өкілдік берушіге құқықтық салдар туғызбайды және өкілдікке жатқызылмайды.
Өкілдіктің мәнін басшылыкқа ала отырып, уәкілеттіксіз немесе өкілдіктің шегін асыру арқылы жасалған кез келген мәміленің өкілдік берушіні, егер ол кейін оларды мақүлдамайтын болса, ештенеге міндеттеменің атап көрсету қажет.
Өкілдік дегеніміз құқықтық қатынас болғандықтан, оған сәйкес белгілі бір адам — өкіл басқа адам — өкілдік берушінің мүддесіне мәміле немесе өзге де заңдық маңызы бар әрекеттер жасайтын болса, онда өкілдің өз өкілеттігін асыра пайдаланып жасайтын немесе осыған уәкілеттігі бар адамның жасайтын мәмілесі немесе басқа да заңдық маңызы бар әрекеттері басқа тарапты (үшінші жақты) әрекеттен айырады, өйткені оларға тәуекелге бара отырып, ол уәкілеттігінің жоқ екенін немесе өкілдің өз өкілеттігін асыра пайдаланып отырған және ол жарамды болуы үшін мәмілені кейін мақұлдау қажеттігін білді. Егер өкілдік беруші адам кейін мәмілені қолдайтын болса, оңда екінші тарап өкілдің уәкілеттігі жоқтығын желеу етіп, одан жалтаруға құқысыз болады.
Мәмілені мақұлдау түрліше нысанда, мысалы, жазбаша құжат түрінде, өкіл жасаған мәміленің нәтижелерін иелену, атап айтқанда, өнімді қабылдау, келіп түскен ақшаны есепке алу және т.б. түрде жүргізіледі.
Уәкілеттігі жоқ немесе өкілеттігі көп адамның басқа адамның атынан жасаған мәмілелерін немесе заңдық маңызы бар өзге де әрекеттерін кейіннен мақұлдау жасалған мәмілені және заңдық маңызы бар өзге де әрекеттерді жасалған кезден бастап жарамды етеді.
3. Сенімхат
Сенімхат дегеніміз бұл — бір адамның (сенім білдірушінің) өз атынан өкілдік ету үшін екінші (сенім білдірілтен) адамға берген жазбаша уәкілдігі (АК-ның 167-бабының 1-тармағы).
Бұған дейін айтып өткеніміздей, өкілеттіктер жеке құжат— сенімхатта, сондай-ақ өкілдікті белгілеу туралы шарт — тапсырма беру шартында, коммерциялық өкіл шартында және т.с.с. баянды етілуі мүмкін. Өкілепік шарттың талаптарына қосылатын реттерде шарттың өзі сенімхат болады. Мұндай шарт заңның шартқа қоятын барлық талатттарына сөйкес болуға тиіс.
Жеке жазбаша құжат- сенімхат біржақты мәміле болып табылады. Сондықтан сенімхатқа мәміле жөніндегі заңдардың барлық ережелері қолданылады. Сенімхат берудің сипаты бір адамның — сенім білдірушінің (өкілдік берушінің) ерік білдіруінің және екінші адамның — сенім білдірілген адамның (екілдің) ерік-жігер әрекеттерінің бар екенін көрсетеді. Сондықтан сенім білдіруші мен сенім білдірілген адам толық әрекетке қабілетті болуы тиіс. Сенім білдірушіде немесе сенім білдірілген адамда әрекет қабілеттілігінің болмауы немесе шекгеулі болуы сенімхаттың жарамсыздығы немесе тоқтатылуы үшін негіз болады.
Сенімхат жазбаша құжат ретінде өкілдік қатынастардың қажетті элементі болып табылады. Сенімхат беру біржақты мәміле болса да, оны берудің және өкілдікті жүзеге асырудың негізінде шарт — өкілдік беруші мен өкілдің арасындағы өкілдік орнатуға келісім жатқанын мойындау қажет. Мұнда өкілдік беруші мен өкіл арасындағы өкілдік қатынастар орнату жөніндегі шарт кез келген түрде жасалуы мүмкін: жазбаша түрде (мысалы, тапсырма беру шарты), ауызша түрде (мысалы, қандай да бір жазбаша рәсімделген езге шартсыз-ақ сенімхат беру). Сенімхат беру фактісінің өзі (өкілдің өкілдік берушінің атынан заңдық маңызы бар әрекеттер — мәмілені жүзеге асыруы) өкілдік туғызбайды. Өкіл өкілдік берушінің атынан және сенімхаттың негізінде заңдық маңызы бар әрекеттерді — мәмілелерді жүзеге асырғанда, тіпті олардың арасында бір адамның екіншісіне өкілдік белгілеуі туралы жазбаша шарт болмағанның өзінде, тараптардың өкілдік белгілеу туралы еріктерінің үйлесуін теріске шығару мүмкін емес.
Сенімхаттың түрлері. Заң мәміленің ерекше түрі — сенімхат үшін оның міндетті жазбаша түрі болуын көздейді.
Жалпы ереже бойынша, сенімхат, жай жазбаша түрде жасалуы тиіс. Мүлікке билік жасауға және нотариаттың куәландыруын талап ететін мәмілелер жасауға берілетін сенімхатты, егер заң құжаттарыңда өзгеше белгіленбесе, нотариат куәландыруға тиіс (АК-ның 167-бабының 2-тармағы).
АК-ның 167-бабының 3-тармағына сәйкес, нотариат куәландырған сенімхаттарға:
госпитальдарда, санаторийлер мен басқа әскери-емдеу мекемелерінде емделіп жатқан әскери қызметшілердің және өзге де адамдардың осы госпитальдардың, санаторийлер мен басқа әскери-емдеу мекемелерінің бастықтары, медицина бөлімі жөніндегі орынбасарлары, аға және кезекші дәрігерлері куәландырған сенімхаттар;
мемлекеттік нотариалдық кеңселер мен басқа да нотариалдық әрекет жасайтын органдары жоқ әскери бөлімдер, қүрамалар, мекемелер және әскери-оқу орындары орналасқан мекендердегі осы бөлімдердің, қүрамалардың, мекемелердің, оқу орындарынын командирлері (бастықтары) кәуландырған әскери қызметшілердің сенімхаттары, сондай-ақ жұмысшылар мен қызмепшлердің, олардың отбасы мүшелері мен әскери қызметшілер отбасы мүшелерінің сенімхаттары;
бас бостандығынан айьтру орындарындағы адамдардың бас бостандығынан айыру орындарының бастықтары куәландырған сенімхаттары;
4) халықты әлеуметтік қорғау мекемелеріндегі кәмелетке толған әрекет қабілеттілігі бар азаматтардың осы мекеменің немесе тиісті халықты әлеуметтік қорғау органдарыньщ басшысы куөландырған сенімхаттары теңесііріледі.
Бірқатар жағдайларда сенімхатты оның нотариаттық тұрін сақта-мастан куәлаңцыруға да жол беріледі, Атап айтқанда, мұндай жағдайлар АК-ның 167-бабының 4-тармағында аталған — хат-хабар, жалақы және өзге де ақша қаражатын алуға берілетін сенімхатты жергілікті басқару органдары, сенім білдіруші оқитын ұйым және т.с.с. куаландыруы мүмкін. Заң осындай сенімхатта болатын өкілеттіктердің толық тізбесін көрсетеді.
Сенім білдірілген адамға сенімхаттың берілуін жеңілдету және тездету үшін, қажет болатын кезде, сенімхатты телеграфпен немесе өзге де ресми байланыс құралдары арқылы беруге рұқсат етіледі, мысалы, сенім білдірілген адам мен сенім білдіруші әр түрлі шалғай қалаларда жүріп, сенімхатты шабарман немесе пошта арқылы алуға мүмкіндік болмайтын кезде оны үсыну талап етілетін жағдайда. Мұндай сенімхатты байланыс органцары қосымша куәландыруы тиіс.
Сенімхатты ресми байланыс арналарын пайдаланбай да беруге, мысалы факс арқылы беруге болады. Бұл жағдайда оған қатысты сенімхат берілген үшінші жақта сенімхаттың жалған еместігін тану немесе танымау құқығы болады. Үшінші жақ мұндай сенімхаттың жалған еместігін мойындаған жағдайда сенім білдіруші адам сенімхаттың түріне қойылатын талагаың сақталмауын желеу етіп, жасалған мәміленің нәтежиелерінен бас тартуға немесе мұндай мәмілені жарамсыз деп тану туралы мәлімдеуге құқысыз болады.
АК-ның 167-бабының 6-тармағына сәйкес, заңды тұлғаның атынан сенімхатты рәсімдеудің ерекше тәртібі бар. Жалпы ереже бойынша, заңды тұлғаның атынан берілегін сенімхат оны сенім ауысуы тәртібімен беретін жағдайлардан басқа реттерде нотариаттық куәландыруды талап етпейді. Заңды тұлғаның атынан берілетін сенімхатқа оның басшысы немесе құрылтай құжаттарымен осыған уәкілеттік алған адам қол қояды да, осы ұйымның мөрі басылады. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттары заңды тұлға атынан сенімхатты өзге адамның да, мысалы басшы орынбасарының беру мүмкіндігін де көздеуі мүмкін.
Ақша және басқа бағалы мүлікті алуға немесе беруге мемлекеттік органның, коммерциялық ұйым мен коммерциялық емес ұйымның атынан берілетін сенімхатқа сол ұйымның бас (аға) бухгалтері де қол қоюға тиіс (АК-ның 167-бабының 7-тармағы). Бұл норма ақшаның және өзге де материалдық қаражаттардың төленуі мен жүмсалуын бақылап отыру қажеттігіне байланысты белгіленген және мұндай сенімхатты рәсімдеу ережелерін сақтамау оны жарамсыз деп тануға негіз болып табылады.
Банк операцияларын және сауда саласындағы мәмілелерді жасауға берілетін сенімхаттардың түрлерін және оларды беру тәртібінің ерекшеліктерін осыған уәкілетті мемлекеттік органдар жасаған арнайы ережелер белгілейді.
Сенімхаттың мерзімі. Сенімхат мерзімді мәміле, яғни шекті қолданыну мерзімі бар мәміле болып саналады. Сенімхаттың қолданылу мерзімі, әдетте, сенімхаттың өзінің мәтінінде көрсетіледі. Мұнда заң сенімхат берілетін ең үзақ шекті мерзімді үш жыл деп нақты көрсеткен. Егер сенімхатта неғүрлым үзақ мерзім көрсетілсе, ол түтас алғанда, сенімхаттың жарамдылығына ықпал етпегенімен, оның қолданылуын сенімхат берілген кезден бастап үш жыл мерзіммен шектейді.
Сенімхат мерзімді мәмілеге жатқанымен, оның мәтінінде қолданылу мерзімінің көрсетілмеуі оны жарамсыз етпейді, өйткені заңда, атап айтқанда, АК-ның 168-бабында осы жағдайды толықтыратыннормалар көзделген, олардың мазмұны мынаған саяды: егер сенімхатта оның қолданылу мерзімі көрсетілмесе, онда мұндай сенімхат толтырылған күнінен бастап бір жыл мерзімге берілген деп есептеледі.
Сенімхаттың берілген күні міндепі түрде көрсетілуі тиіс және ол сенімхаттың жарамдылығы үшін маңызды болады. Сенімхаттың берілу күнінін; көрсетілмеуі оны жарамсыз етеді. Сенімхаттың шекті қолданылу мерзімінің көрсетілуі оның берілген күнін көрсету міндетін алмастырмайды және оның орнын толтыра алмайды. Бұл талаптың қарапайымдығына қарамастан, іс жүзінде берілген күні көрсетілмеген сенімхаттар берілетін және осыған байланысты кейін олар жарамсыз деп танылатын жағдайлар жиі кездеседі.
Сенімнің ауысуы. Сенім білдірілген адамның өзіне уәкілдік берілген әрекеттерді орындауы өкілдік бойынша құқықтық қатынастардағы жалпы ереже болып табылады. Бұл сенім білдіруші мен сенім білдірілген адам арасындағы өкілдік бойынша қатынастардың сенімгерлік сипатына байланысты. АК-ның 169-бабына сәйкес, сенім білдірілген адам өзіне сенімхатпен берілген өкілеттікті екі жағдайда ғана сеніп бере алады: сенімхат бойынша өкілеттікті сеніп тапсыру құқығын сенімхаттың өзі беретін кезде, мысалы, сенім білдіруші сенімхатты сеніп тапсыру құқығымен беретін жағдайда, соңдай-ақ сенім білдірілген адам сенім білдірушінің мүдделеріне қауіп төңдіретін және сенім білдірілген адамның сенім білдірушімен сенім ауысуын үйлестіруіне кедергі келтіретін мән-жагдайлардын тууына байланысіы өкілеттікті сеніп тапсыруға мәжбүр болатын кезде, мысалы, сенім білдірілген адамның науқастануы салдарынан шүғыл орындауды қажет ететін тапсырманы жеке өзі орындау мүмкіндігінен айрылуы және сенімді тапсыруға келісімін алу және сенім білдірушінің өз мүдделерін білдіру немесе қорғау жөнінде өзге шешім қабылдау үшін сенім білдірушімен дереу байланыс орнату мүмкіндігінің болмауы.
Сенім ауысуының ерекшелігіне байланысты және сенім білдірушінің мүдделерін қорғаудың берік кепілдігін беру мақсатында заң тіпті сенімхаттың өзі нотариаттық куәландыруды керек етпейтін жағдайлар үшін сенім ауысуы туралы келісімді нотариаттық рәсімдеу қажеттігін белгілеген. Мұндай сенімхат нотариатта емес, өзгеше әдіспен рәсімделетініне қарамастан, сенім ауысуын нотариаттық рәсімдеу заңды тұлғаның атынан берілетін сенімхатпен жүзеге асырылатын сенім ауысуына да таралады. Сенім ауысуын нотариаттық рәсімдеу тәртібін бүзу оны жарамсыз етеді.
Сенім ауысуына қатысты құқықтық қатынастар өкілдік жөніндегі негізгі құқықтық қатынастардан туындайды. Сондықтан өкілеттікті басқа адамға беру жөніндегі сенімхат мазмұны бойынша негізгі сенімхатқа қайшы келмеуге немесе оның қолданылу мерзімі негізгі сенімхаттың қолданылу мерзімінен асып кетпеуге тиіс. Өкілеттікті басқа адамға беру жөніндегі сенімхаттың мазмұны өте шағын болуы да мүмкін, бұл жағдайда сенімнің ауысуы тәртібімен берілетін сенімхатқа енгізілмеген өкілеттіктер бойынша сенім білдірілген адам бастапқы адам болып шығады.
Өкілеттікті басқа адамға беру жөніндегі сенімхат қысқа мерзімге де берілуі мүмкін, оның мерзімі аяқталған соң бүрынғы сенім білдірілген адам қайтадан өкілдік бойынша қатынастарға түседі.
Өз өкілеттігін басқа біреуге берген сенім білдірілген адам бұл жөнінде сенім білдірушіні дереу хабардар етуге және оған әлгі адам туралы, оның тұрғылықты жері туралы қажетті мәліметтерді хабарлауға тиіс (АК-ның 169-бабының 4-тармағы). Жаңа өкілдің өз міндеттерін атқаруына септігін тигізетін өзіндік және кәсіби қасиеттеріне сипаттаманы қажетті мәліметтер деп түсіну керек. Сенім білдіруші сенімнің ауысатыны туралы білуі үшін, оның өзіндік және кәсіби қасиеттерін бағалап, сенім ауысуын жою немесе жаңадан сенім білдірілген адамның кандидатурасын қабылдамау, жаңадан сенім білдірілген адаммен байланысу үшін және ол мүны қажетті немесе орынды деп тапқанда, сенім ауысуын жою немесе өз мүдделерінің өкілдігі туралы мәселені өзге әдіспен шешу үшін осындай хабардар ету қажет болады.
Сенім білдірілген адам сенімнің ауысуы туралы сенім білдірушіні дер кезінде хабардар етіп, оған жаңадан сенім білдірілген адам және оның тұрғылықты жері туралы хабарлаған соң өзін алмастырған таңдаудың дүрыстығына ғана, яғни жаңадан сенім білдірілген адамның іскерлік қасиеттерінің тапсырманың сипатына сай келетініне ғана жауап бере отырып, оның әрекеттері үшін жауап беру міндетін өзінен алып тастайды. Өйтпеген күнде бастапқы сенім білдірілген адам сенім білдірушінің алдында жаңадан сенім білдірілген адамның әрекеттеріне жеке өзінің әрекеттеріндей жауап беретін болады.
Сенімхаттың түрлері. Сенім білдірілген адамға берілетін өкілеттіктің көлемі мен мазмұнына қарай сенімхаттың түрлерін ажыратады. Сенімхат мыналарды жасау үшін берілуі мумкін: а) заңдық маңызы бар белгілі бір әрекетті жасау үшін, мысалы, белгілі бір пәтерді сатып алу-сату шартын жасасу үшін; б) акционерлердің бір жиналысында акционердің мүдделерін білдіру үшін; в) белгілі бір уақыт ішінде белгілі бір әрекеттерді жасау үшін, мысалы, кассирдің ай сайынғы жалақыны банктен алып тұруы үшін белгілі бір уақыт ішінде акционерлік қоғамның басқармасында ұдайы акционердің мүдделеріне өкілдік ету үшін; г) ұзақ уақыт бойы сенім білдірушінің мүліктік құқықтары мен міндеттерінің түтас кешенін жүзеге асыру үшін, мысалы, сенім білдірушінің мүлкін басқару, филиалдың немесе өкілдіктің орналасқан жерінде заңды тұлғаның мүдделеріне өкілдік ету және т.с.с. Осыған байланысты бір жолғы, арнайы немесе бас сенімхатты ажыратады.
Сенімхаттың тоқтатылуы. Сенімхат міндеттемелердің тоқтатылуының жалпы негіздері бойынша, сондай-ақ заңда сенімхат үшін көзделген, атап айтқанда, АК-ның 170-бабында көзделген арнайы негіздер бойынша тоқтатылады.
Кез келген сенімхат белгілі бір мерзімге беріледі. Егер, тіпті, сенімхатта мерзім көрсетілмеген болса, мұндай сенімхаттың қолданылу мерзімін анықтауға болады. Сенім білдірілген адамның сенімхатта көзделген әрекеттерді жүзеге асырғанына немесе асырмағанына қарамастан, оның мерзімінін аяқталуы сенімхаттың қолдданылуын тоқтату негіздерінің бірі болып табылады.
Сенімхат белгілі бір мәмілелерді немесе заңдық маңызы бар әрекеттерді жасау үшін беріледі. Сондықтан сенім білдірілген адамның мақсатқа жетуі екіддік бойынша құқықтық қатынастарды тоқтатады және тиісінше сенімхаттың қолданылуын тоқтатады.
Заңның сенім білдірушіге сенімхаттың күшін жою құқығын беруіне және сенім білдірілген адамға кез келген уақытта сенімхаттан бас тарту құқығын беруіне байланысты сенім білдіруші сенімхаттың күшін жоятын жағдайда не сенім білдірілген адам сенімхаттан бас тартатын кезде мерзімге немесе өзге де мән-жайларға қарамастан, сенімхат кез келген уақытта тоқтатылады.
Сенімхатқа негізделген құқықтық қатынастар оған екі жақтың — сенім білдіруші мен сенім білдірілген адамның қатысуына негізделген, оның үстіне, бұл қатынастардың жеке, өзара сенімділік сипаты бар, ол, әдетте, сенім білдірілген адамның міндеттемелердің орындалуын жеке өзі талап етуінен, сенім білдірушінің сенімхаттың күшін жою немесе сенім білдірілген адамның міндеттемені орындаудан кез келген уақьпта бас тарту мүмкіндігінен байқалады. Сондықтан өз атынан сенімхат берген заңды тұлғаның тоқтатылуы не атына сенімхат берілген заңды тұлғаның тоқтатылуы, сондай-ақ сенімхат берген азаматтың қайтыс болуы немесе оны хабар-ошарсыз кетті деп тану не сенімхат берілген азаматтың қайтыс болуы немесе оны хабар-ошарсыз кетті деп тану құқық мирасқорлардың бар-жоқтығына қарамастан, сенімхаттың тоқтатылуына әкеп соқтырады.
Өкілдік бойынша қатынастар біржақты мәміле жасайтын — сенімхат беретін сенім білдіруші тараппынан да, сондай-ақ сенім білдірушінің атынан және оның мүдделеріне мәмілелер және өзге де заңдық маңызы бар әрекеттер жасайтын сенім білдірілген адам тарапынан да жеке ерікті, мақсатты әрекеттер жасауды талап етеді. Сондықтан сенімхат берген азаматты немесе атына сенімхат берілген азаматты әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеітілігі шектеулі деп тану әрекет қабілеттілігі жоқтығының немесе шектеулілігінің орнын толтыруға тиісті адамдардың, мысалы, қамқоршылардың немесе қорғаншылардың бар-жоқтығына қарамастан, сенімхаттың тоқтатылуына әкеп тірейді.
Сенім білдіруші мен сенім білдірілген адам арасыңдағы қатынастың өзара сенімділік сипатының өкілдік бойынша құқықтық қатынастар үшін зор маңызы бар. Сондықтан өкілдік бойынша құқықтық қатынастарға қатысушылар арасында белгілі бір себептермен сенім немесе ынта жойылатынжағдайда, мысалы, тараптардың біреуінің теріс ниеттілігі, сенім білдірушінің сенімхат берілген мәміленің жасалуына ынтасының жойылуы секілді жағдайда заң мүның себебін түсіндіріп жатпастан, кез келген уақытта сенім білдірушіге сенімхаттың немесе сенім білдірілген адамға берілген сенівді ауыстыру құқығының күшін жоюға, ал сенім білдірілген адамға — сенімхаттан бас тартуға мүмкіндік береді. Бұл сенімхаттың күшін жою немесе сенім білдірушінің сенімді ауыстыру мәселесі бойынша немесе сенім білдірілген адамның сенімхаттан бас тарту мәселесі бойынша өзгеше келісім жасауға жол бермейтін бұйрықты сипаттағы норма және бұл құқықтан бас тарту жөніндегі кез кежен келісім жарамсыз болады.
Сенім білдіруші сенімхаттың күшін жоятын жағдайда бул жөнінде сенім білдірілген адамды, сондай-ақ өзіне белгілі үшінші жақты хабардар етуге міндетті. Сенімхаттың күшін жою үшін сенім білдірілген адамға хабарлаудың маңызы бар, өйткені сенімхат сенім білдірушінің сенімхаттың күшін жою жөніндегі шешімі туралы сенім білдірілген адам білген немесе білуге тиісті болған кезден бастап тоқтатылады.
Өз атынан сенімхат берген заңды тұлға тоқтатылатын жағдайда немесе сенімхат берген адамның қайтыс болуынан сенімхат тоқтатынатын жағдайда АК-ның 170-бабының 1-тармағының 5 және 7-тар макдіаларына сөйкес, құқық мирасқорларға сенім білдірілген адамға және үшінші жаққа сенімхаттың тоқтатылуы туралы хабарлау міндеті жүктеледі.
Сенім білдірілген адам сенімхаттың тоқтатылуы туралы хабар алғанға дейн теріс пиғылды болмаса, оның қолыңдағы сенімхат сенім білдіруші мен оның құқық мирасқорлары үшін де, соңдай-ақ үшінші жақ үшін де күшін сақтайды.
Сенім білдірілген адам сенімхаттың күшін жою жөніндегі хабарды алғанға дейін сенімхат бойынша уәкілеттігі бар әрекеттерді жасай алатын жағдай үшін де, соңдай-ақ сенімхаттың күшін жою жөніндегі хабарды алғаннан кейін теріс пиғылды әрекет жасауы мүмкін жағдай үшін де үшінші жақты хабардар етудің алдын алушылық сипаты бар.
Сенімхаттың күші жойылғаны жөнінде хабардар болған немесе қандай да бір өзге негіздер бойынша сенімхаттың тоқтатылғаны жөніңде білген үшінші жақ сенім білдірілген адаммен мәміле жасауға қүқысыз болады. Бұлай болмаған жағдайда сенім білдіруші немесе оның құқық мирасқорлары мұндай мәмілелердің нәтежиелерін қабылдамауға не мұндай мәмілелерді жарамсыз деп тануға және келтірілген шығынның орнын толтыруға тиісті әрекеттер қабылдауға құқылы.
Сенім білдірілген адамның сенімхаттың күшін жою жөніндегі хабарды алғаннан кейін сенімхат бойынша өзіне уәкілдік берілген мәмілені жасауы өкілеттігі жоқ өкілдік болып есептеледі. Кейбір жағдайларда, мысалы, сенім білдірілген адамның сенімхаттың күші жойылғаннан кейін адал иеленушілерге мүлікті ақылы шығарып беретін реттерде олардан мүлікті қайтаруды талал етуге болмайды және сенім білдірілген адамның әрекеттері сенім білдіруші немесе оның құқық мирасқорлары үшін міндетті болады, бірақ олар сенім білдірілген адамнан келтірілген шығынды өндіріп алуға құқылы болады.
Сенімхат тоқтатылған соң сенім білдірілген адам немесе оның құқық мирасқорлары, заңды өкілдері, АК-ның 171-бабының 3-тармағына сәйкес, сенім білдірушіге немесе оның құқық мирасқорларына, заңды өкілдеріне сенімхатты қайтаруға міндетті.
Сенімхат сенімді ауыстыру тәртібінде негізгі сенімхаттың туындысы болып табылатыңдықтан, сенімхаттың тоқтатылуына байланысты осы сенімхат бойынша басқа адамға өкілеттік беру де (сенім ауысуы) күшін жояды (АК-ның 174-бабының 4-тармағы).
Талқылау сұрақтары:
1.Өкілдік ұғымы. Өкілдіктің түрлері.
2.Сенімхат. Сенімхат анықтамасы. Түрлері.