Глоссарий
1. Азаматтық құқық принциптері - нормативтік сипаты бар, қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеу бастаасын басшылыққа алатын негіз.
2. Шарт - шаруашылық қызметінің негізгі құралы.
3. Азаматтық заң күші - заң күшіне енгеннен бастап, оның күші жойылғанға дейін белгілі бір қатынасқа қолданылуындағы заңдық болмысына тән нысан.
4. Заңды тұлға - өз атынан мүліктік құқықтар мен міндеттерді еншілейтін, оның құрамына кіретін тұлғалардан тәуелсіз өзі жауап беретін тұлға.
5. Азаматтық құқық қатынастары - азаматтық құқық нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар.
6. Азаматтық құқықтық қатынастардың субьектілері - әрбір құқық қатынастарының қатысушылары.
7. Обьектілер - құқықтар мен міндеттердің қатысы бар мүліктік және мүліктік емес игіліктер.
8. Заттар - азаматтық құқық қатынастарының обьектілері.
9. Заттық құқық - заттар жөнінде туатын құқық.
10. Жеке тұлға - Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар.
11. Азаматтық құқық қабілеттілігі - Азаматтық Кодекстің 13 - бабында азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті.
12. Азаматтық әрекет қабілеттілігі - азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі.
13. Мүліктік оқшаулық - заңды тұлғаның экономикалық - құқықтың белгісі болып табылады және оның мүлікке заттық құқығын иелену.
14. Дербес мүліктік жауапкершілік - ол заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап беруі.
15. Ар - намыс - тұлғаның рухани және әлеуметттік болмысына берілетін қоғам бағасы.
16. Өкілдік - басқа адамның атынан бір адамның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне ие әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен жасалған мәміле.
17. Азаматтардың меншік құқығы - тиесілі мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету өкілеттігі.
18. Міндеттемелік құқық - міндеттемелік қатынаста реттейтін азаматтық құқықтың қосалқы саласы болып табылатын, азаматтық құқық нормаларының жиынтығы.
19. Зиян - заңмен қорғалатын игілік атаулының кемуі.
20. Азаматтық құқық обьектісі - азаматтың құқықтық нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастар.
21. Цивильді құқық – римдік заңгерлер Рим азаматтарының құқығы.
22. Цивилист – азаматтық құқық саласындағы мамандар.
23. Мүліктік қатынастар – материалдық игіліктермен байланысы бар қоғамдық қатынастар.
24. Азаматтық принциптер (қағидаттар)- нормативтік сипаты бар, қоғамдық қатынастарды азаматтық – құқықтық реттеу бастамасын басшылыққа алатын негіз.
25. Субъектілер - әрбір құқық қатынастарында қатынасатын қатысушылары.
26. Объект – құқықтар мен міндеттер не нәрсеге бағытталғаны.
27. Азаматтық заңның күші – заң күшіне еңгеннен бастап, оның күші жойылғанға дейін белгілі бір қатынасқа қолдануындағы заңдық болмысына тән нысан.
28. Түсіндіру – заңдардағы және басқа да дерекнамадағы жалпы қағидаларды нақтылы жағдайларға қолданудың қажетті негізі.
29. Доктриналдық түсіндіру – теорияда, ғылыми еңбектерде, оқулықтарда берілетін түсіндірме.
30. Меншік құқығы – субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғанатын өзіне тиесілі мүлікті өз қарауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
31. Билік ету құқығы – мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заң мен қамтамасыз етілуі.
32. Заттық құқық - өкілетті жақтың немесе өзге жақтардың заң актілері арқылы танылатын және қорғалатын құқық.
33. тарату – заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттерінің мирасқорлыққа өткізбей тоқтату тәсілі.
34. Заттар – азаматтық құқық қатынастарың объектілері.
35. Заңдылық салдар – белгілі бір құқық қатынастарын тудыратын тұлғалардың әрекеттері.
36. Мүліктілік – заңды белгі болып табылмайтын экономикалық түсінік.
37. Азаматтық құқық қатынастары – азаматтық құқық нормаларырың талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар.
38. Мүліктік оқшаулық – заңды тұлғаның экономикалық – құқықтық белгісіболып табылады және оның мүлікке заттық құқығын иеленуін білдіреді.
39. Дербес мүліктік жауапкершілік дегеніміз – ол заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап беруі.
40. Қоғамдық бірлестік – заңдарға қайшы келмейтін, ортақ мақсаттарға жету үшін азаматтардың ерікті бірігуі нәтижесінде құрылған ұйым.
41. Діни бірлестік – рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өз мүдделерінің ортақтығы негізінде заң актілерінде белгіленген тәртіппен біріккен азаматтардың ерікті бірлестігі.
42. Бағалы қағаз – түрі мен мазмұнымен заң талаптарына қатаң бағынатын құжат.
43. Конклюденттік әрекет (лат. Concludere – жасау) – сол арқылы тұлғаның мәмілеге қатысуға ние білдіру әрекеті.
44. Пайдаланудың өкілеттік құқығы дегеніміз – мүлікпен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай – ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі.
45. Билік ету құқығы – мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі. (АК-тің 188-бабы 2 тармағы).
46. Жеке кәсіпкерлік – азаматтардың тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған ынталы қызметі.
47. Міндеттемені тоқтату дегеніміз – міндеттеменің мазмұнын құрайтын оның қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін жою болып табылады.
48. Жаңғыртылу – міндеттемені тоқтату әдісі ретінде бастапқы міндеттемені жаңа міндеттемемен ауыстыру туралы әр жақтың өзара келісімі.
49. Принциптер – Азаматтық құқық жүйесінде әр қашанда бастапқы норма.
50. Азаматтық заңның күші деп – заң күшіне енгеннен басьап, оның күші жойылғанға дейін белгілі бір қатынасқа қолданылуындағы заңдық болмысына тән нысанын айтамыз.
51. Құқықтық теңдік принципі дегеніміз – азаматтық – құқықтық қатынастарға қатысушылардың бәрі де меншік түріне, азаматтығына қарамастан бірдей құқықтық ахуалды білдіруі болып табылады.
52. Жеке тұлға дегеніміз – ҚР-ның азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай – ақ азаматтығы жоқ адамдар.
53. Заттық құқық деп – белгілі бір тұлғаның өз қарамағындағы жеке заттарға үстемдік етуін айтады.
54. Триада – меншік иесінің өкілеттіктерінің сипаттамасы болып табылады.
55. Жеке меншік – капиталистік экономиканың темірқағазы, сондықтан да жеке құқық жеке меншік құқығының қорғайды.
56. Заң актісі – Коститутциялық заң, Қазақстан Республикасының Президентінің Конституциялық заң күші бар жарлығы, Кодекс, Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысы, сенат пен мәжілісінің қаулылары.
57. Мұрагерлік құқық – Құқықтық жүйеде мұраға ие болу.
58. Мүліктік оқшаулық – заңды тұлғаның экономикалық құқықтық белгісі және оның мүлікке заттық құқығын иеленуі.
59. Дербес мүліктік жауапкершілік – заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап беруі.
60. Тарату – заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттерін мирасқорлыққа өткізбей тоқтату тәсілі.
61. Банкрот жариялау – заңды тұлғаны таратудың жеке жағдайы.
62. Мекеме – құрылтайшы басқару, әлеуметтік – мәдени немесе коммерциялық емес сенаттағы өзге де қызметтерді жүзеге асыру үшін құрған және қаржыландыратын ұйым.
63. Қоғамдық бірлесітік – заңдарға қайшы келмейтін, ортақ мақсаттарға жету үшін азаматтардың ерікті бірігуі нәтижесінде құрылған ұйым.
64. Бағалы қағаз – түрі және мазмұны мен заң талаптарына қатаң бағынатын құжат.
65. Конклюденттік әрекет – тұлғаның мәмілеге қатысуға ниет білдіру әректі.
66. Пайдаланудың өкілеттік құқығы – мүлік пен пайдалы табиғи қаситеттерін алудың, одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі
67. Билік ету құқығы – мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі.
68. Жеке кәсіпкерлік – азаматтардың тауарларға сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған ынталы қызметі.
69. Пайдалану құқығы – мемлекеттік мүліктен мемлекет пен жалпы қоғам мүшесі үшін пайданы алуға байланысты мемлекеттің өзіне тән мүмкіндігі.
70. Құқықты қорғау – құқықтың бұзылуына жол берілмейтіндей жағдай жасайтын қоғамдық қатынастар тәртібін мемлекеттің қолдауы.
71. Негаторлық талап – теріске шығару талабы.
72. Келісім шарт - әр жақтың келісімі бойынша жасалатын шарт.
73. Айып төлеу – кәсіпкерілік салада пайда болған міндеттемені орындауды қамтамасыз ету
74. Ипотека – кепілге салынған мүлік кепіл салушының немесе үшінші бір жақтың иелігінде және пайдалануында қалатын кепіл түрі.
Курстың құрылысы:
«Қазақстан Республикасы азаматтық құқығы» курсы бойынша дәріс және практикалық сабақтар, СОӨЖ, СӨЖ.
МОДУЛЬ 1
Тақырып: Азаматтық құқық ұғымы
Азаматтық құқықтың Қазақстан Республикасы құқық жүйесінде алатын орны.Азаматтық құқығының пәні. Азаматтық құқығымен реттелетін қатынастардың мазмұны.
Мүліктік қатынастар, мүліктік емес өзіндік қатынастар. Олардың түсінігі мен жіктелуі. Азаматтық қатынастарды реттеудің тәсілдері.
Шетел мемлекеттерінің азаматтық құқығының жалпы сипаттамасы. Азаматтық құқығының басқа құқықтардын ерекшелігі. Азаматтық құқығының негізгі қағидалары. Азаматтық құқығының жүйесі.
СОӨЖ. Ауызша азаматтық кодексінің тақырыпқа сәйкес баптарын талдау.
Тақырып: Азаматтық құқығының қайнар көзі
Азаматтық заңдар және азаматтық құқық, олардың арақатынасы. Азаматтық заңдар түсінігі және олардың құрамы. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі-азаматтық құқығының негізгі қайнар көзі.
Халықаралық шарттар мен азаматтық заңдар. Заңға сәйкес актілер- азаматтық құқығының қайнар көзі. Әдет-ғұрыптар және іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтар-азаматтық құқығының қайнар көзі. Азаматтық заңдардың уақытқа қарай, кеңістікке қарай қолданылуы. Заң ұқсастығы және құқық ұқсастығы. Азаматтық заңдардың түсіндірілуі.
СОӨЖ. Ауызша азаматтық кодексінің тақырыпқа сәйкес баптарын талдау.
Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
1. ҚР-ның Конституциясы, 1995ж.
2. ҚР-ның Азаматтық кодексі/жалпы бөлім/ 2007ж.
3. ҚР-ның Азаматтық кодексі/негізгі бөлім/ 2007ж.
4. Нормативтік құқықтық актілер туралы ҚР-ның заңы 24.03.2007ж.
5. Соглашение о порядке разрешения споров, связанных с осуществлением хозяйственной деятельности, ратифицированное пост. ВС РК 2 июля 1992 г.
6. Гражданское право, под ред. Суханова Е.В.-М., 1993.
7. Практикум по гражданскому праву, под ред Коваленко Н.И.-М., 1993.
8. Гражданское право. Практикум, под ред. Егорова Н.Д.-СПб.,1996.
9. Калмыков Ю.Х. Вопросы применения гражданско-правовых норм-Саратов. 1976.
10. Свердлык Г.А. Принципы советского гражданского правв.- Красоярск, 1985.
11. Азаматтық құқық. Тулеуғалиев Ғ.И. А, 2001ж.
12. Коментарий к ГК РК /общая часть/ Жеті жарғы 1998 .1,2 том.
13. Конвенция о правовой помощи и правовых отношениях по гражданским, семейным и уголовным делам. 22.01.93. Минская конвенция.
14. Гражданское право РК. Под ред. Г.И. Тулеугалиева 1998г. 1,2 том.
15. Гражданское право. Под ред. Ю.К. Толстого 1996г.
16. Алексеев С.С. Предмет советского социалистического гражданского права, 1959г.
МОДУЛЬ 2
Тақырып: Азаматтық-құқықтық қатынастар
Азаматтық құқықтық қатынастар ұғымы.
Азаматтық-құқықтық қатынастардың элементтері мен ерекшеліктері. Субьективтік азаматтық құқықтың және субьективтік азаматтық міндеттің түсінігі. Азаматтық құқықтық қатынастардың түрлері мен пайда болу негіздері.
Заңды айғақ азаматтық-құқықтық қатынастардың пайда болуының бірден бір негіздері. Заңды айғақтың классификациясы.
СОӨЖ. Ауызша азаматтық кодексінің тақырыпқа сәйкес баптарын талдау.
Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
1. ҚР-ның Азаматтық кодексі, 2007.
2. Грибанов В.П. Пределы осущесвления и защиты гражданских прав. М., 1972.
3. Халфина Р.О. Общее учение о правоотношении. М.1974.
4. Мирошникова Н.И. Механизм осуществления субьективных гражданских прав. Ярославль, 1989.
5. Егоров Н.Ю. Гражданско-правовое регулирование общественных отношений Л, 1988.
Тақырып: Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және қорғау
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру туралы түсінік. Азаматтық құқықтарды жүзеге асырудың еріктілігі мен шегі. Субьективтік құқықты жүзеге асыру адалдығы. Азаматтық құқықты қорғаудың түсінігі мен тәсілдері. Кәсіпкерлер мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау.
СОӨЖ. Ауызша азаматтық кодексінің тақырыпқа сәйкес баптарын талдау.
Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
1. ҚР-ның «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау» туралы Заңы. 4 шілде 1992ж.
2. ҚР-ның «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» туралы Заңы. 5 маусым 1991.
3. Братусь С.Н. Юридическое ответственность и законность, М., 1976.
4. Грибанов В.П. Пределы осуществления и защиты гражданских прав- М., 1972.
5. Комаров А.С. Ответственность в коммерческом обороте.- М., 1992.
6. Черепахин Б.Б. Правопеемство по советскому гражданскому праву.- М., 1962.
Тақырып:Азаматтар-азаматтық құқығының субьектісі
Жеке тұлға туралы ұғым. Құқық қабілеттілік туралы түсінік және оның мазмұны. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқық қабілеттілігі.
Құқық қабілеттілікке шек қоюға жол бермеу. Әрекет қабілеттілігіне шек қою ерекшеліктері.
Қорғаншы және қамқоршы. Тұрғылықты жер және оның заңи маңызы.
Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану және оның салдары. Азаматты өлді деп жариялау және оның салдары.
СОӨЖ. Ауызша азаматтық кодексінің тақырыпқа сәйкес баптарын талдау.
Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
1. ҚР-ның Азаматтық кодексі, 2007.
2. Басин Ю.Г. Сделки., 1996.
3. Веберс Я.Р. Правосубьектность граждан в советском гражданском праве. Рига, 1976.
4. Шершеневич Г.Ф. Учебник торгового права, М., 1994.
Тақырып: Заңды тұлға- азаматтық құқығының субьектісі
Заңды тұлға туралы түсінік және оның белгілері. Заңды тұлғаның органдары. Филиалдар мен өкілдіктер және олардың құқықтық ерекшеліктері.
Заңды тұлғаның құрылу және таратылу тәсілдері. Құрылтай құжаттары және олардың маңызы. Заңды тұлғаны тіркеу және оның тәртібі.
Заңды тұлғаны тоқтату және қайта құру. Қайта құрудың түрлері. Заңды тұлғаның түрлері. Коммерциялық, коммерциялық емес заңды тұлғалар.
Коммерциялық ұйымдардың түрлері мен ерекшеліктері. Коммерциялық емес заңды тұлғалардың құқықтық ерекшеліктері.
Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
1. ҚР-ның Президентінің «Шаруашылық сріктестік» туралы заң күші бар Жарлығы. 2.05.1995.
2. ҚР-ның «Жауапкершілігі шектелген және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер» туралы Заңы. 22.04.1998.
3. ҚР-ның «Акционерлік қоғам» туралы Заңы 10.07.98.
4. ҚР Президентінің «Мемлекеттік кәсіпорындар» туралы заң күші бар Жарлығы, 19.06.1995.
5. ҚР-ның «Банкрто туралы» Заңы 21.01.97.
6. ҚР Президентінің «Өндірістік кооператив» туралы Заң күші бар Жарлығы. 5.10.95.
7. ҚР «Коммерциялық емес ұйымдр туралы» Заңы. 2000.
8. ҚР «Тұтыну кооперативі туралы» Заңы. 2001.
9. Ю.Г.Басин. Юридические лица. А., 1996.
10. Ю.Г.Басин. Учредительный договор. Ж., Бизнес и право в Казахстане., 1993,-1;
11. Братусь С.Н. Субьекты гражданского право.-М.,1950.
Тақырып: Мемлекет-азаматтық құқықтың ерекше субьектісі ретінде
Мемлекет және әкімшілік-аймақтық бөліністердің азаматтық құқық қабілеттілігі. Қазақстан Республикасынң азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысу ерекшеліктері.
СОӨЖ. Ауызша азаматтық кодексінің тақырыпқа сәйкес баптарын талдау.
Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
1. Брагинский М.И. Участие государства в гражданских провоотношениях.- М., 1981.
2. Пушкин А.а. Советское государство как субьект советского гражданского право.-Харьковь, 1965.
3. Ташмухамбетова Ш.Ж. Иммунитет государства во внешно экономических отношениях.
Тақырып: Азаматтық құқықтың обьектілері
Азаматтық құқығының обьектілері туралы түсінік және оның түрлері. Мүлік-азаматтық құқығының обьектісі. Мүліктің классификациясы. Қозғалатын және қозғалмайтын мүлік. Азаматтық айналымнан алынған және алынбаған мүліктер.
Негізгі зат және керек-жарақ. Қызмет және басқа әрекеттер-азаматтық құқығының обьектілері. Интеллектуалдық қызметтің нәтижелері-азаматтық құқығының обьектілері. Ақша және басқа да шетел валютасы.
Бағалы қағаздар. Түсінігі және түрлері. Өзіндік мүліктік емес игіліктер-азаматтық құқығының обьектісі.
СОӨЖ. Ауызша азаматтық кодексінің тақырыпқа сәйкес баптарын талдау.
Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
1. Закон РК «О рынке ценных бумаг» от 5.03.2007.
2. ҚР-ның «Акционерлік қоғам» туралы Заңы, 10.07.2007.
3. Закон РК «О регистрации сделок с ценными бумагами» 5.03.97.
4. Указ Президента РК, имеющий силу закона, «О государственной регистрации прав на недвижимое имущество и сделок с ним» от 25.12.95.
5. Постановление Пленума Верховного Суда РК от 18.12.92. «О применение в судебной практике законодательства о защите чести и достоинства граждан и организаций».
6. Егоров Н.Д. Личные нимущественные права и их защита.-Ярославль, 1988.
МОДУЛЬ 2. МӘМІЛЕЛЕР
Тақырып: Азаматтық құқықтағы мәміле институты
Мәмілелер ұғымы және олардың түрлері. Біржақты, екіжақты және көпжақты мәмілелер. Шартты мәмілелер. Мәміленің нысаны. Ауызша және жазбаша мәмілелер. Мәмілелерді тіркеу.
Мәмілелерің жарамды болу шарттары. Мәміленің жай жазбаша нысанын сақтамаудың салдары. Жарамсыз мәмілелер. Жарамсыз мәмілелердің негіздері. Биржалық мәмілелердің ерекшеліктері.
СОӨЖ. Ауызша азаматтық кодексінің тақырыпқа сәйкес баптарын талдау.
Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
1. ҚР Азаматтық кодексі, 2007.
2. «Жылжымайтын мүліктерді мемлекеттік тіркеу және олармен жасалатын мәмілелер туралы» ҚР Заңы
3. Басин Ю.Г. Сделки. А., 1996.
Тақырып: Өкілдік және сенімхат
Өкілдік ұғымы және оның түрлері. Өкілеттілік. Өкілеттілігі жоқ өкілдік. Сенімхат. Түсінік. Түрлері мен ерекшеліктері. Сенімхат мерзімі. Сенім ауысу. Сенімхаттың тоқтатылуы. Коммерциялық сенімхаттың ерекшеліктері.
СОӨЖ. Ауызша азаматтық кодексінің тақырыпқа сәйкес баптарын талдау.
Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
1. ҚР «Неке және отбасы туралы» Заңы.
2. Невзгодина Е.Л. Представительство по советскому гражданскому праву-Томск, 1980.
3. Андреев В.К. Представительство в гражданском праве.- Калинин, 1978.
Тақырып: Мерзімдер. Талап қою мерзімі
Азаматтық құқығындағы мерзімнің маңызы. Мерзімді есептеу және оның тәртібі. Мерзімнің түрлері. Гарантиялық мерзім. Талап қою мерзімі. Ұғымы мен маңызы. Талап қою мерзімінің түрлері. Талап қою мерзімінің тоқтатылуы, үзіліс және оны қалпына келтіру. Талап қою мерзімінің өтуінің салдары.
СОӨЖ. Ауызша азаматтық кодексінің тақырыпқа сәйкес баптарын талдау.
Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
1. ҚР Азаматтық Кодексі 2008ж.
2. Положение о порядке предьявления и рассмотрения претензии предприятиями, организациями и учреждениями и урегулирования разногласии по хозяйственным договорам пост. КМ РК от 15.02.93.
3. Грибанов В:П: Сроки в гражданском праве.- М., 1967.
4. Тулеугалиев Ғ.И. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Алматы.,
2001
МОДУЛЬ 3. Азаматтық құқықтағы меншік құқығы институты
Тақырып: Меншік құқығы
Меншік құқығы туралы түсінік және оның мазмұны. Меншік иесінің құқықтары және мінездемесі. Иелену, пайдалану және билік ету құқықтары. Мүлікті ұстау ауыртпалығы.
Меншік нысаны. Жеке меншік және мемлекеттік меншік. Мемлекеттік меншік және жекешелендіру. Жеке меншік және оның түрлері.
СОӨЖ. Ауызша азаматтық кодексінің тақырыпқа сәйкес баптарын талдау.
Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
1. ҚР Азаматтық Кодексі. 2007.
2. Суханов ЕА. Лекции о праве собственности.-М.,1991.
Тақырып: Меншік құқығының пайда болуы және тоқтатылуы
Меншік құқығының пайда болу негіздері мен тәсілдері. Мүліктің кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну қаупі. Шарт бойынша мүлік алушыда меншік құқығының пайда болу кезеңі. Иелену мерзімі. Меншік құқығының ерікті түрде тоқтатылуы. Меншік құқығын ықтиярсыз негізде тоқтату. Ұлт меншігіне алу, реквицициялау, тәркілеу. Олардың бір-бірінен ерекшеліктері.
СОӨЖ. Ауызша азаматтық кодексінің тақырыпқа сәйкес баптарын талдау.
Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
1. ҚР Азаматтық Кодексі, 2007.
2. Толстой Ю.К. Понятие права собственности.-Л.,1962.
3. Жакыпов Н. Понятие права собственности и иных вещных прав.
Тақырып: Басқа да заттық құқықтар
Заттық құқықтың ұғымы. Шаруашылық жүргізу құқығы және оның ерекшеліктері. Шаруашылық жүргізу құқығына ие болу және оны тоқтату. Меншік иесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы мүлікке құқықтары. Жедел басқару құқығы және оның мазмұны. Жедел басқаруға берілген мүлікті меншіктенушінің құқығы. Жедел басқару құқығының шаруашылық жүргізу құқығынан айырмашылығы. Жер учаскелеріне заттық құқықтар.
СОӨЖ. Ауызша азаматтық кодексінің тақырыпқа сәйкес баптарын талдау.
Әдебиеттер мен нормтаивтік актілер:
1. ҚР Азаматтық Кодексі, 2007.
2. «Мемлекеттік кәсіпорын» туралы ҚР Заңы
3. Беспалова А.И. Право оперативного управления. А.,1969.
4. Венедиктов А.В. Государственная социалистическая собственность,-М-Л,1948.
5. Сулейменов М.К. Коментарий к закону Республики Казахстан «О собственности», 1993.-1.
6. Жанайдаров И.У. Проблемы реализации права государственной собственности. А.,1994.
Тақырып: Ортақ меншік
Ортақ меншік ұғымы. Ортақ меншіктің мінездемесі. Үлестік меншік. Үлестік меншікті иелену, пайдалану, билеу. Үлестік меншік құқығындағы үлесті анықтау тәртібі. Сатып алудың басым құқығы. Үлестік меншіктің тоқтатылуы.
Ортақ бірлескен меншік. Бірлескен меншіктің түрлері. Ортақ бірлескен меншікті жүзеге асыру ерекшеліктері. Ортақ бірлескен меншіктің тоқтатылуы. Ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі. Шаруа /фермер/ қожалығының меншігі. Жекешелендірілген тұрғын үйге меншік. Бірлескен қызмет туралы шарт. Кондаминиум-ортақ меншіктің ерекше түрі.
СОӨЖ. Ауызша азаматтық кодексінің тақырыпқа сәйкес баптарын талдау.
Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
1. ҚР Азаматтық Кодексі, 2007.
2. ҚР «Неке және отбасы туралы» Заңы.
3. ҚР «Шаруа /фермер/ қожалығы» туралы Заңы.
4. ҚР «Тұрғын үй қатынастары» туралы заңы.
Тақырып: Меншік құқығын қорғау
Меншік құқығын қорғаудың азаматтық құқықтық тәсілдері. Меншік иесінің өзгеден заңсыз иеленген мүлкін талап етуі. /Виндикациялық талап/. Заттарды заңсыз иеленуден қайтарып алу кезінде есеп айырысу. Меншік иесі құқықтарын иеленуден айыруға байланысы жоқ бұзылудан қорғау. /Негаторлық талап/. Меншік құқығын қорғаудың басқа да тәсілдері.
СОӨЖ. Ауызша азаматтық кодексінің тақырыпқа сәйкес баптарын талдау.
Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
1. ҚР Азаматтық Кодексі, 2007.
2. Донцов С.Е.Гражданско-правовые способы защиты право собственности. М.,1980.
3. Сергеев А.П. Вопросы истребования имущества из чужого незаконного владения/В кн. Проблемы гражданского права. Л.,1987.
МОДУЛЬ 4. Азаматтық құқықтағы міндеттемелік құқық институты
Тақырып: Міндеттеменің ұғымы мен тараптары
Міндеттемелік құқық ұғымы мен жүйесі. Міндеттеме туралы түсінік және оның басқа мүліктік қатынастардан ерекшелігі. Міндеттеменің пайда болу негіздері. Шартты және шартсыз міндеттемелер. Міндеттемедегі көпжақтылық. Ортақ, үлестік және субсидиарлық міндеттемелер. Үшінші жақтың қатысуымен болатын міндеттемелер. Регресстік міндеттемелер. Үшінші жақтың пайдасына орындалатын міндеттеме. Міндеттемеде тараптардың ауысуы. Несие берушінің ауыстырылуы. Борышқордың ауысуы.
СОӨЖ. Ауызша азаматтық кодексінің тақырыпқа сәйкес баптарын талдау.
Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
1. ҚР Азаматтық Кодексі, 2007.
2. Кабалкин А.Ю. Гражданско-правовые формы товарно-денежных отношений.-М.,1972.
3. Новицкий И.Б., Лунц Л.А. Общее учение об обязательстве.-М.,1950.
4. Проблемы обязательственного прва. Межвузовский сб. Научных трудов.-Свердловс,1989.
5. Иоффе О.С. Обязательственное право.-М.,1975.
Тақырып: Азаматтық-құқықтық шарт. Жалпы ережелері
Азаматтық шарт туралы түсінік және оның белгілері. Қазақстанда нарықтық қатынастарды қалыптастыруда шарттардың атқаратын рөлі. Шарт және заң. Шарттың классификациясы. Нақты және консенсуалды шарттар. Ақылы дәне ақысыз шарттар. Бір жақты және екіжақты шарттар. Алдын ала жасалатын шарт. Қосылу шарты. Жария шарты. Шарттың жасалу тәртібі. Шарттың мәнді пункттері. Шартты түсіндіру. Шарттың нысаны. Шарттың жасалу жері. Шарт жасасудағы дауларды шешу. Шартты өзгерту және бұзу негіздері.
СОӨЖ. Ауызша азаматтық кодексінің тақырыпқа сәйкес баптарын талдау.
Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
1. ҚР Азаматтық Кодексі, 2007.
2. Брагинский М.И., Витрянский В.В. Договорное право.
3. Гавзе Ф.И. Обязательственное право.- Минск, 1968.
4. Саифуллин Д.Н. Теория и практика правового регулирование хозяйственного договора. // Роль договора в регулировании хозяйственных отношений.-Пермь, 1979.
5. Сулименов М.К. Структура договорно-хозяственных связей. Алма-Ата,1980.
Тақырып: Міндеттемені орындау
Міндеттемені орындау ұғымы. Міндеттемені тиісінше орындау ұғымы мен маңызы. Міндеттемені орындаудың бастаулары. Міндеттемені орындау мерзімі. Міндеттемені мерзімінен бұрын орындау. Міндеттеме орындалатын жер. Міндеттемені бөлшектеп орындау. Міндеттемені үшінші жаққа орындау. Ақшалай міндеттемені орындау. Міндеттеменің орындалғанын куәландыру.
СОӨЖ. Ауызша азаматтық кодексінің тақырыпқа сәйкес баптарын талдау.
Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
1. Сулейменов М.К. Ответственность за нарушение сроков исполнения договорных обязательств. Алма-Ата. 1971.
2. Толстой В.С. Исполнение обязатльств.-М.,1968.
Тақырып: Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері
Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету туралы түсінік және оның маңызы. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері. Тұрақсыздық төлем және оның түрлері. Кепіл. Кепіл мінездемесі. Ипотека және кепіл, айырмашылығы. Кепіл туралы шарттың мазмұны мен нысаны. Кепіл салынған мүліктен ақы өндіріп алу тәртібі. Кепіл болушылық және кепілдік, бір-бірінен айрмашылығы. Кепілпұл. Кепілпұлдың нысаны. Кепілпұлмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаудың салдары. Кепілпұлдің атқаратын функциялары.
СОӨЖ. Ауызша азаматтық кодексінің тақырыпқа сәйкес баптарын талдау.
Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
1. ҚР Азаматтық Кодексі, 2007.
2. ҚР «Қозғалатын мүлікке кепілді тіркеу туралы» Заңы. 30.06.98.
3. Сулейменов М.К., Осипов Е.Б. Залоговое право. А., 1996.
4. Вишневский А.А. Залоговое право.-М.,1995.
Тақырып: Міндеттемені тоқтату
Міндеттемені тоқтату негіздері. Міндеттемені нақты орындау арқылы тоқтату. Міндеттемені есепке жатқызу арқылы тоқтату. Міндеттеменің борышқор немесе несие берушінің бір тұлға болуы себепті тоқтатылуы. Міндеттеменің жаңғыртылуға байланысты тоқтатылуы. Орындауға мүмкіндік болмағандықтан міндеттеменің тоқтатылуы. Мемлекеттік органның құжат негізінде міндеттеменің тоқтатылуы. Азаматтың қайтыс болуымен міндеттеменің тоқтатылуы. Заңды тұлғаның таратылуымен міндеттеменің тоқтатылуы.
СОӨЖ. Ауызша азаматтық кодексінің тақырыпқа сәйкес баптарын талдау.
Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
1. ҚР Азаматтық Кодексі, 2007.
2. Новицкий И.Б., Лунц Л.А. Общее учение об обязательстве.-М.,1950.
3. Проблемы обязательственного права. Межвузовский сб.научных трудов.-Свердловск,1989.
Тақырып: Азаматтық құқығындағы жауапкершілік
Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің ұғымы. Азаматтық жауапкершіліктің бастаулары және оның құқықтық жауапкршілік жүйесінде алатын орны. Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің түрлері. Үлесті, ортақтасқан және субсидиарлық жауапкершілік. Араласқан құқықтық жауапкершіліктің шарттары. Заңға қарама-қайшы әрекет, залал, кінә, себепті байланыс азаматтық құқықтық жауапкершіліктің шарттары ретінде. Моральды шығынды өтедің ерекшеліктері.
СОӨЖ. Ауызша азаматтық кодексінің тақырыпқа сәйкес баптарын талдау.
Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
1. ҚР Азаматтық Кодексі, 2007.
2. Постановление Пленума Верховного Суда Республики Казахстан от 25 декабря 1995. «О применении судами законодательства о возмещении морального вреда». Вестник Верховного Суда, 1996.-№1.
3. Постановление Пленума Верховного Суда Республики Казахстан от 22 июля 1996. «О практике применения судами законодательства о защите прав потребителей». Вестник Верховного суда,1996.-№3.
4. Алексеев С.С. Общие дозволения и общие запреты в советском праве.-М.,1989.
5. Грибанов В.П. Ответственность за нарушение гражданских прав и обязанности.-М.,1973.