Интерпол МАЗМҰНЫ
Интерпол
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ҰЙЫМЫ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ЖӘНЕ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ ҰЙЫМ РЕТІНДЕ
1.1Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының үкіметтік емес және үкіметаралық ұйым ретінде құрылуы мен қалыптасу тарихы.............................5
1.2Халықаралық қылмыстық полиция –Интерпол құрылымы және негізгі ынтымақтастық принциптері..............................................................................11
2.ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАН ИНТЕРПОЛЫ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҚ БЮРОСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИПАТТАҒЫ ЖЕКЕЛЕГЕН ҚЫЛМЫС ТҮРЛЕРІНІҢ АЛДЫН АЛУ МЕН ЖОЛЫН КЕСУДЕ
2.1Ұйымдасқан қылмыстың алдын алу мен жолын кесу....................................18
2.2 Халықаралық терроризмнің алдын алу және болдырмау.............................33
2.3 Есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымының алдын алу және жолын кесу..................................................................................43
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................56
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕККӨЗДЕР ТІЗІМІ...................................................59
КІРІСПЕ
Зерттеліп отырған тақырыптың өзектілігі Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінен, сол секілді халықаралық қоғамдастықтың Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы – Интерполға мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдарының халықаралық сипаттағы қылмыстармен күресте қызметін ұйымдастыру және үйлестіру мәселелері бойынша мүдделерінен шығып отыр. Мұнда мемлекеттің ұлттық мүдделері ретінде оның қоғамдық және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі аса маңызды мүдделерін түсіну қабылданған.
Қазақстан Интерполының ұлттық орталық бюросының Интерполға мүше мемелкеттермен өзара тиімді қарым-қатынасын қамтамасыз етудегі бірден бір елеулі фактор құқықтық қамтамасыз ету мәселесі болып табылады. Мұнда Қазақстан Республикасы Парламентінің «Экстрадация туралы» (1957 ж.), «Қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы» (1959 ж.), «Ақшаны жылыстатумен күрес, қылмыстық әрекеттен түскен кірісті анықтау, алу және тәркілеу жөнінде» (1990 ж.) конвенцияларын ратификациялау қажеттігі туралы сөз болып отыр. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Парламентінің қылмыскерді экстрадациялау және ақшаның жылыстауына қатысты заң актілерін дайындап, қабылдауы айрықша өзекті және қажетті мәселе болып отыр.
Халықаралық терроризм мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді, қоғамда үрей тудыра отырып, өз қызметін насихаттайды. Халықаралық терроризмнің қауіптілігі халықаралық құқықтық тәртіп пен мемлекеттераралық қатынастар үшін де айрықша қатер төндіретіндігімен байланысты. Нью-Йорктегі, Мәскеудегі және Бесландағы оқиғалар бүкіл әлемдік қоғамдастыққа терроризмнің жаһандық саяси және әскери күш екендігін дәлелдеп берді. Біздің ойымызша, Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы – Интерполдың және Интерполға мүше мемлекеттердің ұлттық орталық бюроларының террорлық топтармен жедел ілесе жүруі және олардың қызметіне байланысты жедел ақпараттарды өзара алмасуы бойынша үйлестірушілік ролі нақ осы жерде көрінуі тиіс.
Курстық жұмыстың мақсаты: Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы – Интерполдың қызметін зерттеу.
Курстық жұмыстың міндетті:
- Халықаралық қылмыстық полиция –Интерпол құрлымын зерттеу;
-Халықаралық қылмыстық полиция – Интерполдың негізгі ынтымақтастық принциптерін қарасытыру;
Халықаралық қылмыстық құқықтың соғыс кезеңіндегі және соғыстан кейінгі жылдардағы халықтардың бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін күресі проблемасының генезисін мынадай ғалым-құқықтанушылар зерттеді: М.И. Блум, С. Мокринский, Н.Н. Полянский, А.А. Пионтковский, М.Д. Шаргородский, С.Соколов, А.Н. Трайнин, Б.С. Утевский, В.М. Чхиквадзе; халықаралық заңгерлер: Бильо, А.Воглер, В.Н. Дурденевский, Л.Н. Галенская, В.К. Звирбуль, С.Б. Крылов, Д.Б. Левин, Ю.Н. Малеев, Д. Никольский, Э. Симсон, И. Ширер, А. Штиглиц, Е. Шостак, В.П. Шупилов, Г.И. Тункин.
Халықаралық сипаттағы қылмыстар және ұйымдасқан қылмыс мәселелерін мынадай зерттеушілер зерттеді: А.Асеевский, И.П. Блищенко, Б.С. Болотский, Р.М. Валеев, С.Е. Вицин, И.С. Власов, А.Г. Волеводз, Е.В. Воронова, Н.А. Голованова, А.И. Гуров, А.И. Долгова, С.В. Дьяков, Н.В. Жданов, С.А. Ионцева, Б.Ф. Калачев, И.И. Карпец, М.И. Лазарев, В.В. Лунеев, Е.Г. Ляхов, А.А. Меньших, Р. Минна, Л.А. Моджорян, Б. Светов, О. Тарин, В.В. Устинов, Л.С. Чернухина, Б. Шнайдер.
Халықаралық сипаттағы қылмыстармен күрес жөнінде халықаралық маманданған жүйені ұйымдастыру, Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы – Интерпол мәселесін мынадай зерттеушелір зерттеді: Я.М. Бельсон, К.С. Родионов, В.С. Овчинский, В.И. Самарин, Н.М. Галимжанов және М.Б. Құдайбергенов.
Осы зерттеу жұмысының теориялық негізі мынадай ғылыми еңбектерге сүйенген: Р.М. Валеев, А.И. Гуров, А.И. Долгова, И.И. Карпец, В.В. Лунеев, Е.Г. Ляхов, Л.А. Моджорян, Я.М. Бельсон, К.С. Родионов, В.С. Овчинский.
Сонымен бірге, Қазақстан Интерполының Ұлттық орталық бюросының ұйымдастыру-құқықтық аспектілері, сондай-ақ Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы – Интерполдың халықаралық сипаттағы қылмыстардың жекелеген түрлерімен күресте құқық қорғау органдарның қызметін ұйымдастыру мен үйлестірудегі ролі осы күнге дейін жүйелі қарастыру мен зерттеу объектісіне айналмаған.
Осында жазылған аргументтер негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің біртұтас жүйесіне кіретін басқару жорганы ретіндегі Қазақстан Интерполының Ұлттық орталық бюросының ұйымдастыру-құқықтық нысанын, құқықтық мәртебесі мен функциясын, сондай-ақ Интерполға мүше мемлекеттермен халықаралық іздестіру мен қылмыскерді экстрадациялауды ұйымдастыруда өзара іс-қимыл жасау мәселелерін талдауға және зерттеуге талпыныс жасалды.
Сонымен қатар, Қазақстанның құқық қорғау органдарының қызметін халықаралық сипаттағы жекелеген қылмыс түрлерімен күресте ұйымдастыру мен үйлестіру мәселелерін де зерттеді. Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы – Интерполдың және Қазақстан Интерполының Ұлттық орталық бюросының ролі мен мәні қарастырылып отырған аспектіде ғылыми тұрғыдан негізделді. Халықаралық сипаттағы жекелеген қылмыс түрлеріне ұйымдасқан қылмыс аясында халықаралық терроризм және есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстар жатады.