Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің Әкімшілік п
Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің түсінігі,міндеттері,функциялары
Жоспар
І.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің түсінігі,міндеттері,функциялары.
2.Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің қызметін ұйымдастыру
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер
І. Кіріспе
Әкімшілік полицияның өзіндік ерекшелігін көрсететін әрі криминалистикалық полициядан ажыратуға мүмкіндік беретін бірқатар ұйымдық – құқықтық және функционалдық белгілері бар.М: егер криминалистикалық полицияның негізгі міндеттері болып қылмысты анықтау,оның алдын алу,жолын кесу,ашу,тергеу,анықтама жүргізу болса,әкімшілік полицияның негізгі міндеттері болып қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау,олардың алдын алу,жолын кесу,қылмыстарды ашу,анықтама мен әкімшілік іс- жүргізуді жүзеге асыру ,сондай – ақ кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарын анықтау және жолын кесу ,жол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Әкімшілік полиция комитетіне жүктелген міндеттердің мазмұнын,сондай-ақ әкімшілік полиция қызметкерлерінің құзіреттілік өкілеттіктерінің мазмұнын,сипатын,көлемін,құқықтық тәртіпті орнатудың төмендегідей бағыттары айқындалады:
Азаматтардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Қоғамдық қауіпсіздікті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу,жолын кесу,тыйым салу;
алдын ала тергеу міндетті емес қылмыстарды ашу ,әрі жасалған қылмыстарды анықтау нысанында тергеу;
өзінің құзіреті шегінде азаматтарға,лауазымды тұлғаларға,заңды тұлғаларға және қоғамдық бірлестіктерге көмек көрсету.