Құқық әлеуметтанушы Құқық социологиясы - өмірімен, әлеуметті

Құқық әлеуметтанушы
Құқық социологиясы - өмірімен, әлеуметтік практикамен байланысты құқық жүйесін қарастыратын жалпы социологияның бағыты. Құқық социологиясы- мысалы, отбасы социологиясы, білім социологиясы, еңбек социологиясы және с.с. секілді сала.
Құқық жүйесі - күрделі әлеуметтік құбылыс, мұнда қоғамдық өмірдің заңдылықтарын нормативтік формада көрсетеді және бекітеді. Тарихи тұрғыда барлық құқық жүйесіне шартты түрде жеке өзіндік және көпшілік құқық кіреді.
Дәстүрлі түрде жеке өзіндік құқыққа жеке тұлғалардың мүдделерін қамтамасыз етуге жұмылдырылған салалар жатқызылады (азаматтық, банктік, сақтандыру, патенттік құқық және басқалары).
Көпшілік құқыққа мемлекттік, әкімшілік және қылмыстық құқықтар жатқызылады.
Қазіргі қоғамның құқықтық жүйесі мынадай негізгі салаларды біріктіреді:
1. Мемлекеттік (конститутциялық) құқық- бұл елдің қоғамдық және мемлекеттік негізін белгілейтін құқық саласы, азаматтардың, мемлекет органдары жүйесінің құқықтық жағдайының негізгі және олардың негізгі өкілеттіктері.
2. Әкімшілік құқық мемлекеттік оргаандардың атқарушылық- басқарушылық қызметін жүзеге асыру барысында жинақталатын қоғамдық қатынастарды реттейді.
3. Қаржы құқығы қаржылық қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығын білдіреді.
4. Жер құқығы адамзат қоғамының өмір сүруінің материалдық негізі болып табылатын жерді, оның қойнауын, суды, ормандарды пайдалану мен қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
5. Азаматтық құқық-әр түрлі мүліктік және сонымен сабақтас жеке мүліктік емес қатынастарды реттейді.