Әкімшілік құқықтың рөлі мен маңызы
Әкімшілік құқықтың рөлі мен маңызы
Әкімшілік құқықтың рөлі мен маңызы. Әкімшілік құқық – Қазақстан Республикасы құқық жүйесінің ең үлкен және күрделі салаларының бірі. Ол қоғамдық қатынастарды реттейтін, мемлекеттің басқару қызметінің процесінде пайдаланатын және мемлекеттік аппараттың тәртіптелген бірізділік жұмысын қамтамасыз ететін аса маңызды тәсілдердің бірі болып табылады.
Қоғам өмірінің аса маңызды жақтарын құқықтық реттеу қандай да болмасын мемлекеттің ажыратылмас элементі екендігі ежелден белгілі. Мемлекет әкімшілік-құқықтық нормалар арқылы өзінің өкілетті органдары атынан қоғамның қажеттерін қанағаттандыру және де азаматтарының өміріне қалыпты жағдайларды қамтамасыз ету үшін экономикалық және әлеуметтік –мемлекеттік мәні бар аса маңызды ұйымдық шараларды жүзеге асырып отырады.
Мемлекеттік басқаруды жетілдіруде, оның тиімділігін және мемлекеттік органдардың қабылдаған шешімдері үшін азаматтардың алдындағы жауапкершіліктерін арттыруды әкімшілік құқық маңызды құрал рөлін атқарады. Оның көмегімен қоғамдық өмірдің әртүрлі жақтарының басым көпшілігін қамтитын мемлекеттік басқару саласында ҚР заңдарының орындалуы қамтамасыз етіледі.
Әкімшілік құқық азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуларының құқықтық және ұйымдық нысандарын бекітеді, өкілетті органдар мен лауазымды адамдар үшін де, сондай-ақ қатардағы азаматтар үшін де тиісті мінез-құлық ережелерін тағайындайды. Оның көмегімен ҚР-да құқықтық мемлекет құрудың міндеті шешіледі, және әкімшілік-құқықтық қатынастарға барлық қатынасушылардың құқықтық мәдениеті қалыптасады.
Әкімшілік құқық нормалары экономика саласында (өнеркәсіп, күрделі құрылыс, ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсіп комплексі, көлік пен байаныс, қоршаған табиғи орта мен табиғи ресурстар, сауда, тұрғын үй-комуналдық шаруашылық, халыққа қызмет көрсету), әлеуметтік-мәдениеттік құрылыс (білім, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым, әлеуметтік қорғау, дене тәрбиесі және спорт), әкімшілік-саяси құрылыс (қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, сыртқы істер, әділет, ішкі істер)саласында мемлекеттік басқаруды ұйымдастыруға байланысты пайда болатын басқару қатынастарының үлкен комплексін, тобын реттейді.
Қазіргі кезеңдегі әкімшілік құқықтың проблемаларының бірі - өкіметтің орталық органдары мен жергілікті органдарының арасындағы біріне-бірінің бағыныстылығы мен өзара бірлесіп іс-қимыл жасаудың жаңа қатынастарын құру проблемасы болып отыр.
Бұл проблемалардың маңыздылығы және оны шешудің түбегейлі нақты жолдары ҚР Призиденті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан - 2O3O» жолдауында тұжырымдалып, ерекше атап айтылған.
Құқық қорғау мәніндегі әкімшілік құралдардың, яғни мемлекеттік басқару саласындағы заңдылық пен тәртіптілікті сақтауға жасалатын бақылау қадағалау қызметінің маңызы арта түсуде.
Прогессивтік қайта құру барысында қабылданған заңдардың барлығы бірдей және барлық жерде түгелдей орындала бермейтіндігі, оларды теріс пайдаланушылықтың кездесетіні де, мемлекеттің к аппаратқа терең тамыжайған құқықтық мойынұсынбаушылық сияқты кеселдер айтарлықтай нұқсан келтіруде.