Қазақстан Республикасы әкімшілік құқығының негіздері

МАЗМҰНЫ
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1.1. Әкімшілік құқық пәні, әдісі және жүйесі.
1.2. Әкімшілік құқық субьектілері.
1.3. Қазақстан Реапубликасындағы мемлекеттік қызмет ұғымы және қағидаттары.
III Қорытынды
Пайданылған әдебиеттер тізімі
I Кіріспе
Жалпы, администрация әкімшілік (латынша administratio сөзінен алғанда) термині әкімшілік қызмет немесе басқару дегенді білдіреді. Ал администрация әкімшілік сөзі басқа да мағыналарда қолданылады, мысалы, кәсіпорынның, мекеменің әкімшілігі туралы. Осылай, әкімшілік құқықтық реттеу мемлекеттік қызметтің бір түрінің , атап айтқанда, мемлекеттік басқару шегінде шектелген, яғни әкімшілік құқық реттейтін қоғамдық қатынастар басқарушылық сипатта болады.
Сонымен, әкімшілік құқық мемлекеттік басқару сферасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық саласы болып табылады. Әкімшілік құқық Қазақстан Республикасының жетекші, негізгі саларының бірі, сондай-ақ Қазақстан Републикасының құқық жүйесінің маңызды құрамды элементі бола отырып, атқарушы биліктің ерік-жігерін жүзеге асырудың әдеттегі нысаны ғана емес, одан да кең мағынадағы құбылыс болып табылады. Мамандар айтқандай, құқық қоғамның мәдени институты, жалпы өркениеттік процестің тіршілік үшін маңызды құрамдас бөлігі болып табылады деп белгілі заңгер-ғалым С.С. Алексеев айтқан. Осы құқықтанушы ғалым құқықтың қоғам өміріндегі тарихи миссиясы тікелей оның маңызды талаптарынан бастау алады деген, атап айтқанда:
- таптық, саяси күрес, этникалық, топтық және өзге де қақтығысулармен, жеке жанжалдармен туындаған өзекті әлеуметтік жағдайларға азаматтық келісім, әртүрлі мүдделерді есепке алу, өзара, үйлестірілген жол берушіліктер қағидаларына тұрғызылған тұрақты нормативті бастаулар енгізу;
- жеке бас мәртебесін, мінез-құлық бостандығының берік және кепілдендірілген кеңістігі мен өлшемін қамтамасыз ету және қорғау.
Осы талаптарды толығымен әкімшілік құқыққа да жатқызуға болады. Әкімшілік құқықты дамыту проблемалары осы саланың әрекет ету аясын адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен міндеттерінің өзара байланыстыра отырып концепция әзірлеу болып табылады.
Қоғамдық санада әкімшілік құқық атқарушы биліктің күш қолданушы құралы жөніндегі ұғымы қалыптасқан. барлығы мемлекеттік жүйенің, биліктің өмір сүруіне бағытталған болатын, әлеуметтік центризм тенденциясы басым болып тұрған тоталитарлық қоғамда құқықтың өзі де тек бұқаралық оқу -ағартуды білдірді. Осындай жүйеде Әкімшілік құқықтың жағдайы ерекше болды. Бұл әкімшілік құқықтың көмегімен мемлекетпен арадағы байлыныстың құралуы, оның органдары мен азаматтардың арасында, қоғамдық ұйымдар арасындағы байланыстардың құралыуында көрініс тапты. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін оның алдында мемлекеттік құрылымдар мен құқық жүйесін әрбір адам құқықтың толыққанды субъектісі бола алатын құқықтық, демократиялық, әлеуметтік мемлекет талаптарына сай құру міндеті тұрды.