«Этнография» мағынасын түсіндіріп беріңіздерші?

«Этнография» мағынасын түсіндіріп беріңіздерші?
Этнография
Этнография, этнология (гр. etnos – тайпа, халық, grapho – жазу) – қоғамдық ғылымның тайпалар мен халықтарды зерттейтін саласы. Этнография қазіргі халықтарды және ертеде өмір сүрген көне этностық топтардың шығу тегін, ру-тайпалық құрамын, қонысын, олардың өзіндік ерекшеледі Қазақтың дәстүрлі-қару жарағын – «Ер қаруы – бес қаруды» қорғанудың немесе атыс шабыстың құралы ретіңде ғана қарастыру тым жетуіліксіз. Өйткені мұндай ұстанымның ақыры дәстүрлі қару –жарақты түптеп келгенде жеке тұлғалардың батырлардың қарулары дегенге ғана сыйдырады. Осындай ұстанымның аясында «Ер қаруы – бес қарудың» қазақы ортадағы қатынастар жүйесіндегі сан алуан символдық, магиялық, тіпті идиологиялық қызыметтерің жан жақты таратып айту мүмкіндігін елестетудің өзі қыйын. Көшпелілердің дәстүрлі қару жарағы жеке тұлғалардың – батырлардың ұрыс немесе қорғаныс құралы ғана емес, оларда қазақы ортадағы қоғамдық қатынастардың аясындағы, яғни көшпелілерде сан ғасыр бойы қалыптасқан ерекше дәстүр – батыршылық дәстүрінің (иниститутының) атрибуттарының бірі ретінде қарастыру – аталмыш мәселенің әлуметтік мәнін, мәдени парқын дендеп саралауға мүмкіндік береді. Қазақ қаруын шын мәнісінде кешенді тұрғыдан алғашқы зертеушілердің бірі қазақтың тұнғыш ғалымы Ш. Уалиханов болатын. Онын еңбектерінде 18-19 ғғ. Қазақтың суық және от қаруының түрлері, олардың типтері, жасалу технологиясы, қазақ тіліндегі дәстүрлі кәсіби атаулары, олардың қолданылуы, қазақ халқының қару – жарақпен байланысты салттары, ырымдары туралы мәселелер көтерілді, сонымен бірге олардың бітімін, сыртқы ерекшелігін көрсететін. Өкінішке орай бұл мәселелердің көпшілігінің зертелуі ғылымда өз жалғасын таппай, қазақ қару жарағы тек бір аспектіде ғана, тек бір бағытта ғана, атап айтқанда әскери істің бір бөлігі ретінде ғана қарастырылып келді. Тіпті этнографиялық сипаттағы еңбектерде де қару жарақ тек соғыс құралы функциясы тұрғысынан ғана зерттелді. Қазақстандық тарихнамада тікелей қазақтың 17-19 ғғ. Қару – жарағына қатысты мәселелер ең алғаш рет 1969 жылы шыққан Г.И.Семенюктің еңбектерінде қарастырылды, бірақ онда қазақ қару-жарағының жекелеген түрлері ғана қысқаша сипатталды. Бұл жылдары шыққан елеулі еңбек ретінде Санк-Петербург қаласындағы Антропология және этнография музейінің (МАЭ) қорындағы қазақ қаруының улгілерін зерттеген В.П.Курылевтың еңбегін айтуға болады.