Парлементтік және президенттік республикалардың ерекшеліктер
Президенттік Республика тұңғыш рет АҚШ-та іс жүзіне асырылып, 1789 жылы Вашингтон президент болып сайланды. Қазір дүние жүзінің көптеген елдері осы басқару нысанын қабылдаған. Президенттік Республикада президенттің өкілеттігі кең болады және ол мемлекет басшысы ғана емес, атқарушы биліктің де басшысы, сондай-ақ бас қолбасшы болып табылады, заң күші бар актілер шығарады, парламентті таратуға құқылы болады. Президент биліктің үш тармағын үйлестіруші рөлін атқарады. Президент билігі өте күшті Республикалар (мысалы, Орталық Азия, Латын Америка мемлекеттері, т.б.) супер президенттік Республика деп аталады. Ал президенттік-монокр. Республикада (кейбір Африка елдері) президент өмір бойына сайланады. Өтпелі кезеңнің қиыншылықтары мен қажеттіліктеріне орай президент қолында күшті билік шоғырланғандықтан, Қазақстан да супер президенттік Республикаға жатады. Президенттік республикада президент парламенттен тәуелсіз сайланады (мысалы, Мексикада сайлаушылардың тікелей дауыс беру арқылы сайланса,АҚШ та жанама жолмен сайланады).Бірақ кейбір мемлекеттерде басқа ерекшеліктер бар, мәселен Суринам мемлекетінде парламентттің 2/3 бөлігінің дауыс беруі арқылы жүзеге асады, ал Мысыр елінде сайлаушыларға президент кандидатурасын парламент ұсына алады. Президент министрлерді тағайындайды,мысалы,АҚШта немесе Бразилияда президенттен бөлек басқа өкімет жоқ, өзінің келісім дауыстары бар президент кабинеті бар. Кейбір президенттік мемлекеттерде Президент премьер-министрді тағайындау құқығына ие. Бұл жағдайда премьер билігіндегі өкімет бар,бірақ билеуші болып президент болып саналады.Сонымен қатар, премьер де министрлер де парламент алдында жауапты болды болмайды және оларды ешкім отставкаға жібере алмайды. Бұл министрлер кабинеті президенттік сайлауда жеңген партиядан құрылады дегенді білдіреді,ал президент – осы жеңген партияның басшысы екендігін білдіреді,бірақ көптеген елдерде президент өзінің міндеттеріне көшкен кезде өзінің партиялық міндеткерліктерін алып тастайды. Президент билік мүшелерін таңдауда өз еркі бар және өз көзқарасы бойынша жүзеге асырады .ереже бойынша министрлер өзінің іс әрекеттері үшін тек президент алдында жауап береді. Кейде конституция биліктің басшысы президент екенін анық түрде жариялайды, көп елдерде премьер-министр қызметі мүлде жоқ.
Президенттік республикада мынандай жағдай болуы мүмкін,оны кейде бөліп билеу деп те атайды, яғни билік бір партиямен құрылып, ал парламенттегі бос орындар көпшілігі оппозициялық партияларда болуы. Бұл жағдай бірнеше рет Венесуэла, Коста-Рика, АҚШ мемлекеттерінде орын алған. Бірақ мұндай мүмкіндік Мексика елінде әлі күнге дейін болған жоқ, себебі Институциондық-революцияшыл партияның ықпалы басқа партияларға асып түседі және әрқашан президенттік сайлауда жеңіп отырған.
Парламенттік Респубкада жоғары билік иесі парламент болып табылады. Мұндай Республикада үкіметті парламент құрады, яғни оған атқарушы билік тәуелді болады. Сондай-ақ парламент салықты белгілейді, бюджетті бекітеді, соттарды бекітеді, соғыс пен бітім мәселесін шешеді, әскерді қамтамасыз етеді, халықар. шарттарды бекітеді. Парламент кез келген мәселеге байланысты үкіметтен есеп беруді талап етуге, үкіметке сенімсіздік білдіруге құқылы. Жартылай президенттік республика — немесе аралас республика деп те атайды. Оның негізгі белгісі үкіметтің — президенттің де, парламенттің де алдында қосарланған жауаптылығы. Жартылай президенттік республикада президент және парламент тікелей халықтың дауыс беруі арқылы сайланады. Бүл жерде мемлекет басы президент болып табылады. Ол парламенттегі саяси күштердің орналасуын есепке ала отырып үкімет басы мен министрлерді тағайындайды. Мемлекет басы министрлер кабинеті мәжілістерін басқарады және оның шешімдерін бекітеді. Парламенттің де елдің жыл сайынгы бюджетін бекіту барысында үкіметті бақылау мүмкіндігі, сонымен қатар, үкіметке сенімсіздік вотумын білдіру қүзыры бар. Жалпы алғанда, жартылай президенттік республикада әртүрлі билік институттары арасындағы өкілеттік және қатынастар тәртібі әр елде әртүрлі ерекшеліктерін есепке алып, өзгерген.Ал енді президенттік және парламенттік республикалардың айырмашылықтарын атап өтейік:
Парламенттік республикада:
- мемлекет басшысын парламент сайлайды немесе арнайы құрылған парламенттік топтармен сайланады;
- парламенттік республикада мемлекет басшысы билік басшыларын тағайындайды, заңдарды жаңартады, қарулы күштердің басшысы болып сайланады;
- билік басшысы болып президент тағайындалады;
- парламенттік негізгі функциясы заң шығару және қосымша билікке бақылау орнатады.
Президенттік республика кезінде:
- парламенттен тыс президенттің сайлануы және биліктің қалыптасуы;
- биліктің парламенттің алдында емес президенттің алдында жауапкершілігі;
- мемлекет басшысының билігі парламенттік республикадағы билікке қарағанда билігі кеңірек.