Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін қандай жауапкер
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін қандай жауапкершілік көзделген?
Сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін жазаның түрі мен мөлшері жасалған қылмыстық әрекеттің қауіптілік деңгейі мен келтірілген залалына байланысты болады.
Мәселен, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 13-тарауында «Мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар» үшін әртүрлі жазалар қарастырылған, атап айтқанда:
бес жүзден және одан жоғары айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл;
үш жылдан немесе одан артық мерзімге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру;
бір жүз жиырма сағаттан және одан көп уақытқа қоғамдық жұмыстарға тарту;
екі жылға дейін түзеу жұмыстары;
екі жылдан және одан артық мерзімге бас бостандығын шектеу;
екі жылдан және одан артық мерзімге бас бостандығынан айыру;
мүлкiн тәркiлеу.