Қаржы полициясы органдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте
Қаржы полициясы органдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жәрдемдескені үшін қандай мөлшерде сыйақы төлейді?
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1077 қаулысымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу қағидалары (бұдан әрі - қағидалар) 2012 жылғы 5 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді.
Аталған қағидаларға сәйкес ақшалай сыйақы түріндегі көтермелеу мынадай мөлшерінде белгілінеді:
1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша - 30 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі- АЕК);
2) онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық істер бойынша - 40 АЕК;
3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы ауырлығы орташа қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК;
4) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы ауыр қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК;
5) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы аса ауыр қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК;
2014 жылғы АЕК мөлшері 1 852 теңгені құрайды.
Қағидалардың 16-тармағында көзделген жағдайларда грамотамен марапаттау немесе алғыс жариялау түріндегі көтермелеулер белгіленуі мүмкін.