Алаяқтық жасау фактілерін тергеу қаржы полициясы органдарыны

Алаяқтық жасау фактілерін тергеу қаржы полициясы органдарының тергеу ретіне жатады ма?
Қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес (ҚР ҚІЖК 192- бабы) меншікке қарсы бірқатар қылмыстардың тергелу реті, оның ішінде ҚР ҚК 177-бабы қаржы полициясы мен ішкі істер органдары арасында балама қарастырылады.

Сонымен қатар, барлық жағдайларда аталған санаттағы қылмыстар экономикалық құрамдағы қылмыстарға жатпайды. Көбіне мемлекет мүлігіне қол сұқпай, тек жеке және заңды тұлға арасындағы қатынастарды қозғайды, яғни жалпы қылмыстар болып табылады.

«Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» ҚР Заңының 2-бабына сәйкес қаржы полициясы органдарының негізгі міндетіне экономикалық, қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу жатады.

Осылайша, қаржы полициясы органдарының тергеу ретіне мемлекет меншігін алаяқтық жолмен ұрлау, сондай-ақ мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті немесе оған теңестірілген тұлға, өзінің қызметтік өкілеттілігін пайдалана отырып алаяқтық жасау фактілері бойынша қылмыстар ғана жатқызылады.

Анықтама:«Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Мемлекет басшысының 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығында балама тергеу нұсқаларын барынша азайту және қаржы полициясы органдарына тек экономикалық қызмет саласындағы және сыбайлас жемқорлық қылмыстарды анықтауды жүктеу туралы атап өтілген.

Ұқсас талаптар Қазақстан Республикасы Құқық қорғау органдарының Үйлестіру Кеңесі отырысының 2011 жылғы 17 наурыздағы №1 хаттамасында көрсетілген (ҚР ЭСЖКА азаматтық-құқықтық дауларға жататын арыздар бойынша, сондай-ақ жалпы қылмыстар бойынша тергеуге дейінгі тексеріс жүргізудің жедел жолын кесу (2-тарау 2.2-тармағының 3) тармақшасы)

Осыған байланысты, ҚІЖК жаңа редакциясының жобасында қаржы полициясы және ішкі істер органдары өкілеттілігінің қайталанылуын болдырмау және меншікке қарсы жалпы қылмыстар бойынша қаржы полициясы мен ішкі істер органы арасында баламалықты төмендету мақсатында қаржы полициясы органдарының тергеу ретіне тек алаяқтық жолмен мемлекеттік меншікті ұрлау фактілері жатқызылған.