Төркіндеу

Төркіндеу Өзі болған қыз төркінін танымас.


Ұзатылған қызға бір жыл толмай үйіне бару жоқ. Жалпы, ұзатылған қыз жылтың-жылтың етіп, үйіне бара бермейді. Бұл біріншіден, қыздың бөтенсіп жүргендігін білдірсе, екіншіден, төркініне жүрегінің байланғанын, күйеуін жақсы көрмейтінін, сыйламайтынын білдіреді. «Төркіні жақынның төсегі жиылмайды» деген сөздің астарында келін келген жеріне балдай батып, судай сіңген жоқ деген мағына жатыр. Мұндай келінді енесі іштей ұнатпайды. Ене мен келін бір-бірін ұнатпаған үйге періште жоламайды, береке кірмейді. Әдетте, осындай үйден шыққан балалар қылмыскер, ұятсыз, білім сіңбейтін топас болады. Сосын, осы баланы есейгенде де асырап, жаманатын ғана естіп, әке-шеше қиналып өтеді. Төркіндеп келген қыздың уақыты бір айдан кем болмайды. Өйткені, ол енді жыл сайын жылтыңдап келе бермейді. Барлық туысын аралап мауқын басуы керек. Кейбір алысқа кеткен қыздар осы төркіндеуден кейін келмей, келін болып түскен жағында өмірін өткізеді. Қазір қайын жұртын паналайтын жігіттер көбейіп кетті. Қазақта бұл ұят. Тіпті қайын жұртқа тым жуықтап кеткендерді күшік күйеу деп кемсітеді. Бұл ең ауыр сөз. Қазір баланы қайын жұртқа беріп, өсірту көп. Бұл да баланың тексіз болып, намыссыз болып өсуіне кесірін тигізетін нәрсе. Жігіт өз жұртында ер жетуі тиіс. Сонда ғана ол бала ел иесі, шаңырақ иесі болады.
Қазақта күйеу бала мен қыздары келуі ол да алғашқы күні көпшіліктің ортасында өтетін жиынды кәде. Менің үмметтерім бір-бірімен көп көрісіп, жиі сұқбаттасып отырмаса аралары суып, діннің маңызы жойылады деген екен. Мұны қазақ «Араласпай тек жатсаң, алыстайсың жегжаттан» дейді. Бұл қыз бен күйеу үшін ең жақсы демалыс. Әсіресе қыз бір жасап қалады. Ай бітіп қыз еліне қайтқанда оған әке-шешесі кәде беріп, күйеуге киім кигізіп қайтарады. Бұл әркімнің шамасына қарай болатын кәде. Болмаса, көйлек-көншік те бола береді. Бұл біріншіден әйелін күйеуінің сыйлауына жақсы. Әйелінің де абыройы бар екенін, өскен жеріне сыйлы екенін, сағынышы болатынын көрген күйеу де кейін жарына жөнсіз едіреңдеуге ұялатын болады. Қазір енді бір ай жатып төркіндейтін заман емес. Бір-екі күн жатып, қызды құмарынан шығарып бір апта жатып қайтуға болады. Бұл жерде күйеу бала әдепті болса, діні мықты, мінезі мен сөзі көркем болса қызға да абырой, қыздың шешесіне де көрші қолаңның көзінше көп бедел. «Пайғамбар да күйеу баласын сыйлапты» дегенді қазақ қатты ұстайды. Және жиеннің қолын тартпайды. Қыздың баласына кетерде кейбір жомарттар тайдың құнын ұстатып жатады.
Бұл жерде тағы бір айта кететін нәрсе – шығыстың кейбір халықтары енші берерде малды қыз бен ұлға тең бөледі. Бұл дұрыс сияқты көрінгенмен, өте қауіпті қателік. Бұлай болатын болса дін әлсіреген заманда кейбір малы көп, дәулетті байлар мал мен байлықтың жартысы қызды кеткен бөтен адамға бұйырады дейді де қызын ағайынды бауырының баласына беріп жібереді. Бұған емшек сүті араласпаса болды деп пәтуә да табады. Бірақ мұндайлардың балалары көбінекей аурушаң, мүгедек, қабілеті шамалы болады. Шығыс халықтарында, жалпы басқа дүние халықтарында жеті атадан қыз алыспау деген бұлжымас қағида жоқ. Кейбір шығыс елдерінде адамдардың қу, қатыгез болатыны, терроршының да көп шығатыны, мұсылман болса да діннің қазақтағыдай еркін ойлау арқылы дамымай, тек қатып қалған догманың ішінде жүріп, көбі тар кеуде болып қалатынының бір себебі осы. Қазақтың қызға ешқашан енші бермейтіні, қыз кеткен соң оның тұрмысына араласпайтыны, мойынына бай қуатты болуын алмайтыны осыдан. Өйткені, әкесі дәулетін қызғанып, қызын жақын туысына беріп, дәулетті бірге пайдаланып отыра беруі мүмкін. Нәпсі тежелмесе, ақылы мен жүрегін тат басқан адам не істемейді. Қазақтың әр салты - ғибрат, әр дәстүрі - шариғат.

"күшік күйеу" деп ацыптау дұрыс емес :x Мысалға, қыздың үйінде ұл бала жоқ болса, ал жігіттің басқа да бауырлары болып бөек шығаратын болса, онда неге қыздың әке шешесімен тұрмасқа???қыздың ата-анасы да екеуінің ата-анасы болып саналады ғой... Жігіт түсінсе, өз жұмысы мансабы бар болса, туыстарынан, үлкендерінен ұқсат алса, тұруға болады деп ойлаймын. Ал,ол адамды "күшік күйеу" деп айтқан адамның ақылы таяз деп есептеймін.
олай деп ойламаймын
ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР! Егер басыңыздан өткен оқиғамен бөліскілеріңіз келсе, хабар телеарнасынан көрсетілетін "Біздің үй" бағдарламасына келіңіздер! Келін мен ене тақырыбына қатысты ой-пікір айтам деушілер боса, маған хабарласыңыздар 8702 322 24 43 Айша