Ким Хён Чжун (Kim Hyun Joong)

Есімі: Ким Хён Чжун / Kim Hyun Joong (Gim Hyeon Jung) / 김현중
Туылған күні: 06 маусым 1986 жыл
Туылған жері: Сеул, Оңтүстік Корея
Мамандығы: Актёр, әнші
Бойы: 180 см
Қан тобы: B
Жұлдыз белгісі: Егіздер
Білімі: Kyonggi University
Агенттігі: 2005 жылдан 2010 жылға дейін - DSP Entertainment
2010 жылдан - Key East
SS501 тобында өнер көрсетеді.

Түскен дорамалары:
2011 - Dream High (cameo)
2010 - Mischievous Kiss / Ерке сезім
2008 - Boys Before Flowers / Жігіттің сарбаздары
2008 - Spotlight (cameo)
2007 - Hotelier (ep 7)
2005 - Can Love Be Refilled?
2005 - Nonstop 5 (ep 208)

Марапаттаулары:
2010 - MBC Drama Awards: Popular Actor Award (Mischievous Kiss)
2010 - Asia’s Top Buzz Male Popular Artist
2010 - Гонконг ең беделді әртісі
2010 - Тайвань ең беделді әртісі
2010 - Жаопнияда «Ең сәнді еркек» номинациясы бойынша ұтқан.
2010 - 4th MNet 20′s choice Most Influential Star award
2009 - Yahoo Buzz Award 2009 : Asia’s Top Male Artist
2009 - Yahoo Buzz Award 2009 : Netizens’ Chosen Top Male Artist
2009 - Yahoo Buzz Award 2009 : Top Buzz Korean Male Artist
2009 - Style Icon Awards 2009 : Most Popular Male Icon
2009 - Baeksang Arts Awards - Ең танымал жұлдыз «Жігіттің сарбаздары»
2008 - MBC "Жас жұбайлар" телешоуында Хван Бо екеуі үздік жұп номинациясы бойынша

Дискография:
2010 - Be My Girl (upcoming solo on SS501's new album)
2009 - 행복이란 (Thing Called Happiness) (Boys Over Flowers)
2009 - 내 머리가 나빠서 (Because I'm Stupid) Acoustic - (Boys Before Flowers)
2008 - 고맙다 (Thank You)

Ай қазағымның қыздары-ай, неге өзіміздің жігіттерге осылай өліп-өшіп ғашық болмайды екенсіңдер. :!:

Осындай өнер көрсетсе ғашық болады ғой.

Көрсетіп-ақ жүрміз ғой :ugeek: :geek:
Ай қазағымның қыздары-ай, неге өзіміздің жігіттерге осылай өліп-өшіп ғашық болмайды екенсіңдер. :!:

Осындай өнер көрсетсе ғашық болады ғой.

Көрсетіп-ақ жүрміз ғой :ugeek: :geek:

:D ))
ким хен чжун тамаша әнші!!!!!!
Корей толқынының жұлдызы Ким Хён Джун өзінің жапондық “Cappuccino” әніне бейнеклип ұсынды!

“Cappuccino” Ким Хён Джунның алда шығатын үшінші ‘Tonight’ синглінің құрамына кіреді.

‘Tonight’ синглінде жалпы алғанда үш ән болады, синглмен аттас ән және “Cappuccino”. Оның алдыңғы ‘HEAT’ және ‘Unlimited’ әндері жақсы қабылданып, жапондықтан Ким Хён Джунның өнерін жоғары бағалауда.

[youtube:1imn5kn4]http://www.youtube.com/watch?v=Ei0C_axM1GE[/youtube:1imn5kn4]
Ким Хён Чжун өзінің вокалы жайлы не ойлайды?
tyDSQCejnaM.jpg
Ким Хён Чжун өзінің керемет вокалды әнші емес екенін мойындады, алайда бірнеше жыл машықтанып, вокалдық қабілеттілігін біраз жақсартқанын айтты.

22 шілдеде Ким Хён Чжун өзінің 3 мини-альбомының шығуына орай пресс-конференция өткізді. Баспасөзге берген сұхбатында ол былай деді: «Бұл альбомдағы әндердің бәрі менің вокалдық қабілеттерімді ашып көрсетеді. Мені вокалдық қабілеттерім үшін мойындалатын әншілердің қатарына жатпайтынымды білемін, бірақ мен неге жеткенімді көрсеткім келді». Сонымен қатар ол: «Келесі жылы әншілік шығармашылығыма 10 жыл толады. Жанкүйерлеріме мінсіз емес болсам да, үздік нәтиже жетуге тырысқанымды көрсеткім келді» - деді.

Ким Хён Чжун 28 шілде күні SBS ‘Inkigayo‘ шоуында корей сахнасына қайта оралмақшы!
Ким Хён Чжун өзін айдол санамайды ма?
7oUS5XZAmTc.jpg
Ким Хён Чжун екі жылдық үзілістен кейін Корей сахнасына қайта оралып, әртістік шығармашылығы жайлы Focus Newspaper газетіне сұхбат берді.
Ким Хён Чжун: «Мен қазір 28-демін (бізше — 27), сол себепті мені айдол деуге болмас. Достық пейілім және музыкам арқылы өзімнің есейгенімді көрсеткім келеді. Мен саханада еңбек етіп жүріп, босаңсуды үйрендім. Бұл альбом түрлі музыкалық жанрларды қамтиды.»
«Менің кіші әріптестерім (хубэ) менің жолымды қуғанын қаламаймын. Мен қазір әлім келетін нәрселерді жасағым келеді. ‘Unbreakable‘ үшін күшті хореография жасадым, ал енді оны 3 жылдан кейін орындай аламын ба деп ойланамын».

Бұрынғы "нәзік жігіт" образынан тартымды жігітке айналуы жайлы ол былай деді: «‘Жігіттің сабаздары’ кезінде мен батыл жігітті көрсеткім келді. Бірақ жас сүйкімді жігіттің образы шықты. Алайда, қазір мен ‘нағыз жігіт’ бола алдым».
Әртіс ретінде ұзақ жасаудың сыры жайлы сұрағанда, Ким Хён Чжун былай жауап берді: «Мен шынымен білмеймін. Мен өзім әрдайым қалаған іспен айналысып келдім және осылай бүгінгі күнге де жеттім. Барлық концерттерде мен көрермендерге жақын жүруге тырысамын және өз жанкүйерлеріме жақсы қараймын. Жетістікке солардың арқасында жеткенімді жақсы түсінемін. 10 жылдығымды тойлағанда жанкүйерлеріммен ‘тегін кездесу’ ұйымдастырғым келеді».