Қожанасыр
Бір күні Қожанасыр есекке мініп, ұлы жанында жаяу еріп базарға келе жатады. Бұларды көрген біреулер :
- Ананы қара, үп-үлкен адам өзі есекке мініп, титтей баланы қинап
жаяу жүргізіп қойғанын, - дейді.
Мұны естіген Қожанасыр дереу есектен түсіп, баласын есекке отырғызады да, өзі жаяу жүреді. Алдарынан таныстары шыға қалып :
- Әй, Қожам! Сіз бұл жасыңызға келгенде жаяу жүріп, мына
арыстандай ұлды есекке мінгізгеніңіз қалай ? Құдайдың құлына
жараспайтын іс бұл! — деп сөгеді.
Ұлы екеуі бірдей есекке мініп келе жатса алдарынан жолыққаң тағы біреу :
- Ұяттан жұрдай болған екенсіңдер. Айтатын тілі жоқ байқұс
хайуанның, әйтпесе екеуіңді бірдей алып жүру оңай ма? — деген екен.
Қожа есегінен өзі де түсіп, баласын да түсіреді.
Енді екеуі жаяу, есек бос келе жатады. Тағы біреу бұларды көріп, басын шайқап :
- Алла, Алла ! Бұл дүниеде не қылған түсініксіз адамдар болады.
Есекке мінбек бар екен, не қылып ұлы да ,өзі де жаяу келеді? Ана
хайуан болса рахаттанып бос келеді., - дейді.
Бұл сөздерді естіген Қожа баласына :
- Көрдің бе, әркімнің сөзін тыңдасаң диуана боларсың. Ең жақсысы,
қашанда өз жүрегіңнің қалауын істе. Кел, есекке мінейік, - деп екеуі
есекке жайланып отырып, жүріп кетіпті. ( "Көптің сөзін тыңдаган күн
көре алмайды. " (халық даналыгы))
- Сіз даушының мына бір адамға бір пұт бидай бергенін өз көзіңізбен
көрдіңіз бе ? — деп сұрайды.
- Даушы бұл кісіге бір пұт арпа берді,- дейді Қожанасыр.
- Бұл адам бидай даулап отыр, сіз арпа дейсіз. Бұл қалай?
- Жалған болған соң бидайы не, арпасы не бәрібір емес пе?- депті
Қожанасыр. (Әулиенің журегі бала сияқты өтірікті қаламайды.
Мысалға Шәкәрім (р.ғ) айтады:
Тазалыққа тағы жеттім, Балалықты қуып жеттім. Жоғары ғаршыдан өттім,
Осыны шыңдаған көңіл !)
- Қожеке, мына хатты оқып бере қойыңызшы. Өзіңіз болмасаңыз ,
ешкім оқи алмады, - дейді.
Қожа хатты ашып қараса арабша жазылған екен, түсінбейді.
- Мына хат арабша жазылған екен, арабша білетін біреуге оқыт, -
дейді.
Бұл жауапқа әлгі адам ренжіп :
- Қап, бәрекелді-ай! Өзің Қожасың, оның үстіне сені қаланың қадиі
етіп сайлады. Өзіңнен ұялмасаң да ана басыңдағы бұлғар түбегіндей
болған сәлдеңнен ұялсаң етті. Бір хатты оқып бере алмадың- ау! — деп
кейиді.
Қожа да қызып кетіп, басындағы сәддесін шешіп, ана кісінің басына кигізе қояды:
- Ал! - дейді.- Керемет осында тұрса өзің-ақ оқи ғой !