Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен қалай шарт жасауға болады?

Тұрғын үй құрылыс жинақ шартын жасау туралы шешім қабылдаған соң СізБанктің филиалдарына және Қызмет көрсету орталықтарына немесе Сіздің қалада орналасқан «Қазпошта» АҚ және «Қазақстан Халық банкі» АҚбөлімшелеріне келіп жолығуыңызға болады.
Тұрғын үй құрылыс жинақ шартын жасау үшін ең аз құжаттар топтамасы (түпнұсқалар) талап етіледі:
 ЖСН мәліметтері бар жеке куәлік;
 СТН (шартты өзіне жасаған жағдайда).
Шартты балаға жасаған жағдайда, қосымша – баланың туу туралы куәлігі беріледі.
Шартты үшінші тұлғаға жасаған жағдайда, қосымша – нотариатты рәсімделген сенімхат беру қажет.
Тұрғын үй құрылыс жинақ шартын жасаған кезде Банктің комиссиялық алымын төлеу қажет.
Комиссиялық алымның мөлшері туралы өзекті ақпарат Банктің http://www.hcsbk.kz/6966 сайтында орналастырылған.